Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 166 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 131 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 166 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3973 тіркелген, 2015 жылғы 17 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А.Е.Құлқаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Т. Қонысбаеваға жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 185 қаулысына қосымша
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 166 қаулысымен бекітілген
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|