Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2016 жылғы 15 ақпандағы № 1/51 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 3/372 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» және 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2016 жылғы 15 ақпандағы № 1/51 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1263 болып тіркелген, «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде 2016 жылғы 31 наурызда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: аталған қаулымен бекітілген «ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетінқызмет регламенті, осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда мазмұндалсын; аталған қаулымен бекітілген «ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетінқызмет регламенті, осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда мазмұндалсын. 2. Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е. Қожағапановқа жүктелсін. 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 3/541 қаулысына 1 қосымша Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|