Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының қорларын есепке алу нысанын және есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы (2015.13.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 12 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015.13.10. № 1-3/920 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015.13.10. № 1-3/920 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8) тармақшасын, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өңірлер бойынша азық-түлік тауарлар қорларын есепке алу нысаны; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өңірлер бойынша азық-түлік тауарлар қорларын есепке алуға қатысты есептілікті ұсыну ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Экономикалық интеграция және азық-түлік нарықтары департаменті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралында жариялауға жіберу туралы және мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құқықтық қамтамасыз ету департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|