Осы редакция 2015 жылғы 7 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 189 бұйрығына 1-қосымша
«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті жоғары оқу орындары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап - 3 сағат; 2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут (тәжірибені ескере отырып). 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру және 25 тамызға дейін түсу емтихандарының қорытындылары бойынша конкурстық іріктеуден өткен адамдарды жоғары оқу орындарына (бұдан әрі - ЖОО) қабылдау туралы бұйрық шығару. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|