Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман қоры жерлері санатынан жалпы алаңы 22,91 гектар жер учаскелерi өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлер санатына ауыстырылсын. 2. Павлодар облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерінің «Астана-Павлодар-Қалбатау-Өскемен» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Павлодар қаласының шығыс айналма жолы» учаскесін реконструкциялау (салу) үшін «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Комитет) берілуін қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|