«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы (2015.13.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін. 2. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің және құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін; 2) тиісті нормативтік құқықтық актілерді және құқықтық актілерді қабылдасын; 3) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың шешімдері әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұдан бұрын тиісті қатынастарды реттеген актілерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне ай сайын, есепті айдан кейінгі, айдың 25-күні қабылданған шаралар туралы жиынтық ақпарат берсін.
ҚР Премьер-Министрінің 2015.20.02. № 13-ө Өкімімен (бұр.ред.қара); 2015.02.04. № 28-ө өкімімен (бұр.ред.қара); 2015.02.09. № 76-ө Өкімімен (бұр.ред.қара); 2015.13.10. № 94-ө Өкімімен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|