Республикалық бюджетке түсетін түсімдерді алуға, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомалардың, қарыздардың бюджетке артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 7 ақпандағы № 136 бұйрығы (2022.04.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 16 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2022.04.03. № 245 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 94-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған республикалық бюджетке түсетін түсімдерді алуға, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомалардың, қарыздардың бюджетке артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті (Ж.Д. Іңкәрбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|