«Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; көрсетілген қаулымен бекітілген Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу тәртібін айқындайды.»; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) қол жеткізу шектелген ақпарат - мемлекеттік құпияларға, жеке басының құпиясына, отбасылық, банктік, коммерциялық құпияға, медицина қызметкерінің құпиясына және (немесе) заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, қолжетімділігі шектеулі дербес деректер, сондай-ақ «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар қызметтік ақпарат;»; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) объектіні тексеру - объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу өлшемшарттарына сәйкестігі тұрғысынан объектіні зерделеу жөніндегі іс-шаралар кешені;»; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Терроризмге қарсы комиссия террористік тұрғыдан осал объектілер тізбелерін әзірлеу, бекіту, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар дайындаған кезде, қажет болса: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|