|
|
|
Источник: Комитета государственных доходов МФ РК (www.kgd.gov.kz/ru)
14.01.2022 Как продлить срок представления налоговой отчетности
Продлить срок представления налоговой отчетности можно при условии ее представления в электронном виде. Для этого необходимо направить уведомление в орган государственных доходов по месту регистрации на бумаге или электронно. Об этом сообщили в Комитете государственных доходов МФ РК. В связи с введенным режимом Чрезвычайного положения в Республике Казахстан с 5 января до 19 января 2022 года в соответствии с Указом Главы государства от 5 января 2022 года № 732 «О введении чрезвычайного положения» ограничен доступ к всемирной компьютерной сети Интернет. В этой связи ограничена возможность предоставления налоговой отчетности в электронной форме. В Комитете государственных доходов напомнили, что согласно статье 212 Налогового кодекса налогоплательщики вправе продлить срок представления налоговой отчетности при условии ее представления в электронной форме, за исключением заявления о ввозе товаров и уплате косвенных налогов. Для продления срока представления налоговой отчетности необходимо направить в орган государственных доходов по месту регистрационного учета либо в Государственную корпорацию «Правительство для граждан» уведомление по форме, установленной уполномоченным органом на бумажном носителе или в электронной форме до истечения срока, установленного Налоговым кодексом, для представления налоговой отчетности. Уведомление можно направить в электронной форме через web-приложение Комитета государственных доходов «Кабинет налогоплательщика», портал «электронного правительства» (egov.kz). Срок представления налоговой отчетности, за исключением расчета сумм авансовых платежей по корпоративному подоходному налогу, продлевается на период: - не более тридцати календарных дней со срока, установленного для представления декларации по корпоративному подоходному налогу или индивидуальному подоходному налогу; - не более пятнадцати календарных дней со срока, установленного для представления декларации и (или) расчета по иным видам налогов, платежам в бюджет, социальным платежам; - не более тридцати календарных дней со срока, установленного для представления декларации по иным видам налогов, платежам в бюджет, социальным платежам для налогоплательщиков, имеющих низкий уровень рисков по системе управления рисками. Соответственно, по формам 101.01 и 328.00, которые необходимо представить в январе месяце, сроки представления налоговой отчетности не продлеваются. Срок представления налоговой отчетности не продлевается в отношении налогоплательщика, имеющего высокий уровень рисков по системе управления рисками, за исключением ИП, применяющего специальные налоговые режимы. Соответственно, юридическим лицам, а также ИП на общеустановленном порядке, имеющим высокий уровень риска по системе управления рисками, сроки представления налоговой отчетности не продлеваются. К примеру, срок представления налоговой отчетности по форме 200.00 «Декларация по индивидуальному подоходному налогу и социальному налогу» за 4 квартал 2021 года истекает 15 февраля 2022 года. В данном примере, срок представления декларации по форме 200.00 продлевается на период не более 15 календарных дней со срока, установленного для представления декларации, - если степень риска: - средняя - для всех категорий налогоплательщиков; - высокая - для ИП, применяющих специальные налоговые режимы. Следовательно, при продлении срока представления декларации, декларацию нужно представить не позднее 2 марта 2022 года. При этом если степень риска низкая, то срок представления декларации можно продлить на период не более 30 календарных дней, т.е. продлившим налогоплательщикам нужно представить не позднее 17 марта 2022 года. Второй пример, срок представления упрощенной декларации по форме 910.00 за второе полугодие 2021 года истекает 15 февраля 2022 года. Срок представления декларации продлевается аналогично по форме 200.00.
Салық есептілігінің ұсыну мерзімін қалай ұзартуға болады
Электронды нысанда ұсынылған жағдайда салық есептілігінің ұсыну мерзімін ұзартуға болады. Ол үшін тиісті хабарламаны қағаз немесе электронды түрде тіркелген жері бойынша мемлекеттік кірістер органына жіберу қажет. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. Мемлекет басшысының «Төтенше жағдайды енгізу туралы» 2022 жылғы 5 қаңтардағы №732 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасында 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай режимі енгізілуіне байланысты Интернеттің дүниежүзілік компьютерлік желісіне қолжетімділік шектелген. Осыған байланысты салықтық есептілігін электронды түрде ұсыну мүмкіндігі шектеулі. «Салық кодексінің 212-бабына сәйкес салық төлеушілер тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қоспағанда, салықтық есептілікті электронды нысанда ұсынған жағдайда оны ұсыну мерзімін ұзартуға құқылы», - деген ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілердің назарына мәлімет үшін жеткізді. Салықтық есептілікті ұсыну мерзімін ұзарту үшін тіркеу есебіне қойылған жері бойынша мемлекеттік кірістер органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы салықтық есептілікті ұсыну үшін Салық кодексінің белгіленген мерзім өткенге дейін хабарлама қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жіберу қажет. Хабарламаны электронды түрде Мемлекеттік кірістер комитетінің «Салық төлеушілер кабинеті» web-қосымшасы, «электрондық үкімет» порталы (egov.kz) арқылы жіберуге болады. Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есеп-қисабын қоспағанда, салықтық есептілікті ұсыну мерзімі: - корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын; - салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің өзге де түрлері бойынша декларацияны және (немесе) есеп-қисапты ұсыну үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын; - тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдер деңгейі төмен салық төлеушілер үшін салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің өзге де түрлері бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын кезеңге ұзартылады. Тиісінше, қаңтарда тапсырылуы тиіс 101.01 және 328.00 нысандары бойынша салықтық есептілігін ұсыну мерзімі ұзартылмайды. Арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерді қоспағанда, салықтық есептілікті ұсыну мерзімі тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекел деңгейі жоғары салық төлеушіге қатысты ұзартылмайды. Тиісінше, тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі бар, заңды тұлғаларға, сондай-ақ жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолданатын дара кәсіпкерлерге салықтық есептілікті тапсыру мерзімі ұзартылмайды. Мысалы, «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация» 200.00-нысан бойынша 2021 жылғы 4-тоқсанға салықтық есептілігін табыс ету мерзімі 2022 жылдың 15 ақпанында аяқталады. Бұл мысалда, егер тәуекелдер деңгейі: - орташа болса – салық төлеушілердің барлық санаттары үшін; - жоғары болса – арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерге 200.00-нысан бойынша салық есептілігін ұсыну мерзімі белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік 15 күннен аспайтын кезеңге ұзартылады. Сәйкесінше, декларацияның ұсыну мерзімі ұзартылған жағдайда, декларацияны 2022 жылдың 2 наурызынан кешіктірмей тапсыру қажет. Бұл ретте егер тәуекелдер деңгейі төмен болса, онда декларацияны тапсыру мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайтын кезеңге ұзартылады, яғни мерзімін ұзартқан салық төлеушілер 2022 жылдың 17 наурызынан кешіктірмей тапсыруы керек. Екінші мысал, 2021 жылдың екінші жартыжылдығы үшін 910.00 нысандағы оңайлатылған декларацияны тапсыру мерзімі 2022 жылдың 15 ақпанында аяқталады. Декларацияны тапсыру мерзімі 200.00-нысандағы салық есептілігіндей ұзартылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |