Осы редакция 2018 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.03.11. № 467 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына 2-қосымша
Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 9-бабының 7-5) тармақшасына сәйкес әзірленген және концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу тәртібін айқындайды. 2. Заңның 1-бабының 24) тармақшасына сәйкес Концессионерді таңдау жөніндегі конкурс (бұдан әрі - конкурс) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган не облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаттары бекіткен орта мерзімді кезеңге арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) негізінде өткізіледі. 3. Заңның 19-бабының 4-тармағына сәйкес Концессиялық өтінімдерді қарауды және іріктеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары құратын концессиялар жөнiндегi комиссия (бұдан әрі - Комиссия) жүзеге асырады. Комиссияның жұмыс органы конкурстың тиісті ұйымдастырушысы болып табылады. Республикалық меншікке жататын және Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурсты ұйымдастырушы тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады. Коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессиялық объектілерге қатысты конкурсты ұйымдастырушы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы орган болып табылады, оның атынан әкімнің шешімі бойынша конкурсты ұйымдастырушының функцияларын жүзеге асыратын жауапты мемлекеттік орган айқындалады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|