Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі тегін заң көмегін есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 833 Қаулысымен күші жойылды
«Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі тегін заң көмегін есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1150 қаулысымен бекітілген
Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі тегін заң көмегін есепке алуды жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі тегін заң көмегін есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді. 2. Қағидаларда Заңның 6-бабының 1-тармағында көрсетілген жеке тұлғаларға адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі заң көмегін есепке алу тәртібі айқындалады.
2. Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі тегін заң көмегін есепке алуды жүргізу тәртібі
3. Адвокат Заңның 6-бабының 1-тармағында көрсетілген жеке тұлғаларға құқықтық консультация беру түріндегі тегін заң көмегін есепке алуды Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі тегін заң көмегін есепке алу тізілімінде (бұдан әрі - тізілім) жүргізеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|