Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы (2015.19.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және қаржы ұйымдары, арнайы қаржы компаниялары, исламдық арнайы қаржы компаниялары, «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамы және акционерлік инвестициялық қорлар жүзеге асыратын операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізуді ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 270 қаулысымен бекітілген
Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы (бұдан әрі - Бухгалтерлік есеп туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде құрылған ұйымдарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының және акционерлік инвестициялық қорлардың (бұдан әрі - ұйымдар) бухгалтерлік есебін жүргізуді ұйымдастыру тәртібін белгілейді. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.19.12. № 238 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|