Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 бұйрығына 8-қосымша
«Қауіпті қалдықтардың экспорты мен импортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
1. «Қауіпті қалдықтардың экспорты мен импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің осы Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Қауіпті қалдықтардың экспорты мен импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды. 2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі - қызмет беруші) көрсетеді. 3. Мемлекеттік қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидасының 1-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы қауіпті қалдықтарды экспорттауға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу туралы жеке тұлғаның өтініші; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидасының 2-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы қауіпті қалдықтарды импорттауға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу туралы жеке тұлғаның өтініші; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|