Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, Ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 48 Қаулысы (2020.03.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 17 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 86-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 61-5-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1-тармақтың 1) тармақшасы 2018 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру қағидалары мен мерзімдері бекітілсін. 2-тармақ 2018 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді 2. «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпарат жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 31 наурыздағы № 80 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1517 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|