Алматы қаласы әкiмдiгiнiң «Алматы қаласының орта білім беру ұйымдарындағы 2019 жылға арналған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекiту туралы» 2019 жылғы 16 мамырдағы № 2/302 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi «Бiлiм туралы» Заңының 6-бабы 3-тармағының 7-2) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi «Құқықтық актiлер туралы» Заңының 50-бабына сәйкес, Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Алматы қаласы әкiмдiгiнiң «Алматы қаласының орта білім беру ұйымдарындағы 2019 жылға арналған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекiту туралы» 2019 жылғы 16 мамырдағы № 2/302 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1559 болып тiркелген, 2019 жылғы 30 мамырда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерiс енгiзiлсiн: аталған қаулымен бекітілген Алматы қаласының орта білім беру ұйымдарындағы 2019 жылға арналған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы, осы қаулының қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда мазмұндалсын. 2. Алматы қаласы Бiлiм басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте осы қаулыны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi, кейiннен мерзiмдi баспа басылымдарында ресми жариялауды және Алматы қаласы әкiмдiгiнiң интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Ж. Бабақұмаровқа жүктелсін. 4. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 4/687 қаулысына қосымша
Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 2/302 қаулысымен бекітілді
Алматы қаласының орта білім беру ұйымдарындағы 2019 жылға арналған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|