Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған адамдар туралы орталықтандырылған деректер есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы (2015.21.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 26 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 2014 жылдың 5 шілдесінде қабылдануына байланысты, мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені жетілдіру және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен сәйкестендіру мақсатында, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған адамдар туралы орталықтандырылған деректер есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. «Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы орталықтандырылған деректер банкін құру және оның жүргізілуі жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 12 қарашадағы № 134 бұйрығы күші жойылған деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8101 болып тіркелген, 2013 жылғы 20 ақпандағы № 71 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған). 3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты жолдасын: 1) мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне; 2) ресми жариялауға; 3) мәлімет және қызметте пайдалану үшін мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, орындау үшін Комитеттің аумақтық органдарына. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін. 5. Осы бұйрық 2015 жылғы 1-қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|