Донорлық функцияны өтеусіз және ақылы негізде жүзеге асыратын қан мен оның компоненттерінің донорларына төлемдерді жүзеге асыру және мөлшерлері кағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 374 бұйрығы (2019.04.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-111/2020 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019.04.05. № ҚР ДСМ-62 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының кодексінің 167-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019.04.05. № ҚР ДСМ-62 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес донорлық функцияны өтеусіз және ақылы негізде жүзеге асыратын қан мен оның компоненттерінің донорларына төлемдерді жүзеге асыру және мөлшерлері қағидалары бекітілсін; 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (Г.У. Құлқаева): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін. 4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|