Сақтандыру қызметі туралы (2015.24.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: ҚР 2015 жылғы 16 қарашадағы № 406-V Заңын қараңыз (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 1-бап. Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Осы Заңмен тікелей реттелген қатынастарды коспағанда, сақтандырудан туындайтын және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінiң қолданылатын аясына жататын қатынастар осы актілермен реттеледі. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен бап 3 тармақпен толықтырылды 3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-бап. Осы Заңмен реттелетін қатынастар 1. Осы Заң сақтандыруды кәсіпкерлiк қызмет түрі ретінде жүзеге асырудың негізгi ережелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сақтандыру брокерлерiн құру, лицензиялау, реттеу, олардың қызметiн тоқтату ерекшелiктерiн, өзге де жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру нарығындағы қызметтерiнің талаптарын, сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеу міндеттерін және сақтандыру қызметін бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету қағидаттарын айқындайды. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) осы Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілерi сақтандыру нарығының барлық қатысушылары үшін мiндеттi болады.
2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара); 2006.05.05. № 139-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 164-III; 2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 3-бап өзгертілді; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бап өзгертілді 3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) аджастер - функциясына сақтандыру төлемі бойынша өтінішті қарау және сақтандыру жағдайынан болған залалды бағалау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1-1), 1-2) және 1-3) тармақшалармен толықтырылды 1-1) актуарий - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің, сақтандыру сыйлықақысы ставкаларының экономикалық-математикалық есептеулерін жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүргізіп жатқан және жүргізуді жоспарлап отырған сақтандыру түрлерінің пайдалылығы мен табыстылығын бағалауды жүргізетін, уәкілетті органның лицензиясы бар жеке тұлға; 1-2) актуарийлер бірлестігі - өз мүшелерінің мүддесін қорғауды және олардың кәсіби қызметтеріне жағдай жасауды қамтамасыз ету үшін қоғамдық бірлестік нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым; 1-3) андеррайтер - функциясына сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдерін бағалау және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының талаптарын айқындау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері; 2) ассистанс - сақтандыру ұйымдарының, заңды тұлғалардың сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) саяхатта не тұрғылықты жерiнен алыста жүрген уақытта қиын жағдайға душар болғанда сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан оған техникалық, медициналық жәрдемдесу арқылы ақшалай және (немесе) табиғи-заттай нысанда көмек көрсетуi; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді 3) бақылау - заңды тұлғаның шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi, ол мынадай: бiр тұлға заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының елу процентiнен астамын дербес не бiр немесе бiрнеше тұлғамен бiрлесiп тiкелей немесе жанама иеленетiн не заңды тұлғаның акцияларының елу процентiнен астамымен дербес дауыс беру мүмкiндiгi болатын; бір тұлғада заңды тұлғаның басқару органы немесе атқарушы органы құрамының кемінде жартысын дербес сайлау мүмкіндігі болған; Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының қаржылық есептілігін қоспағанда, заңды тұлғаның қаржылық есептілігі аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептілігіне қосылған; бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғалармен бірлесіп, шартқа (растайтын құжаттарға) орай немесе уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген жағдайларда өзгеше түрде заңды тұлғаның шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi болатын жағдайлардың бiрi болған кезде туындайды; 4) бас ұйым - басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға; 5) еншiлес ұйым - өзiне қатысты басқа заңды тұлға бақылау жасайтын заңды тұлға; 6) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн жанама иелену не акцияларын иелену (олармен дауыс беру) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның iрi қатысушысының немесе басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiн) иелену (олармен дауыс беру) арқылы бiрлесiп заңды тұлғаның iрi қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 7) заңды тұлғаның iрi қатысушысы - заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң немесе дауыс беретiн (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан көп процентiн тiкелей немесе жанама иеленетiн (мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг осындай иелiк етушi болып табылатын жағдайларды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлға; 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды 7-1) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы - Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 8) капиталға қомақты қатысу - дауыс беретiн (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) жиырма және одан да көп процентiн тiкелей немесе жанама, дербес немесе, бiр немесе бiрнеше тұлғамен бiрлесiп иелену не акциялардың жиырма және одан да көп процентiмен дауыс беру мүмкiндiгiнiң болуы; 9) қайта сақтандыру - өздерiнiң арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес бiр жағынан қайта сақтанушының сақтандыру тәуекелдерiнiң бәрiн немесе бiр бөлiгiн қайта сақтандыруға беруiне және екiншi жағынан осы тәуекелдердi қайта сақтандыру ұйымының қабылдауына байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар; 10) қайта сақтандыру ұйымы (қайта сақтандырушы) - уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға; 11) қайта сақтанушы (цедент) - өзi қабылдаған сақтандыру тәуекелдерiн қайта сақтандыруға берудi жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымы; 12) мiнсiз iскерлiк бедел - кәсiпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы жоқ екенiн растайтын фактiлердiң болуы; 13) ортақ сақтандыру - бiр мезгiлде бiрнеше сақтандыру ұйымдарымен сақтандыру шарты бойынша сақтандыру тәуекелдерiн қабылдап, олардың жауапкершiлiгiн өздерiнiң арасында жасалған ортақ сақтандыру шартына сәйкес бөлуге байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар; 14) өздiгiнен ұстап қалу - жауаптылық көлемiнiң бiр бөлiгi, соның шегiнде сақтандырушы немесе қайта сақтанушы (цедент) сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартына сәйкес өз есебiнен жауапты болады; 15) пруденциялық нормативтер - уәкiлеттi орган белгiлейтiн және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтауы үшiн мiндеттi нормативтер; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 16) сақтандыру агентi - сақтандыру агенттерінің тізіліміне енген және тапсырыс шарты негізінде бiр немесе бiрнеше сақтандыру ұйымдарының атынан және олардың тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметтi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 17) сақтандыру брокерi - сақтанушының тапсыруы бойынша сақтандырушымен сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты қатынастарда сақтанушының атынан өкiлдiк ететiн немесе өз атынан сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты қызмет көрсету жөніндегі делдалдық қызметтi, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелерi бойынша консультациялық қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға; 18) сақтандыру ережелерi - сақтандыру ұйымының белгiлi бiр сақтандыру түрi бойынша сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын айқындайтын құжаты; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 18-1) сақтандыру есебі - дерекқорда бар ақпаратты толық немесе ішінара беру нысаны;»; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 18-2) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 18-2) сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқор (бұдан әрі - дерекқор) - сақтандырушы, сақтанушы, сақтандырылушы және пайда алушы туралы ақпараттың жиынтығы (оның ішінде электрондық нысанда); 19) сақтандыру қызметiнiң субъектiлерi - сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары; 20) сақтандыру нарығына кәсiби қатысушылар - өз қызметiн уәкiлеттi органның тиiстi лицензиялары негiзiнде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокерi, актуарий; 21) сақтандыру омбудсманы - сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы өзара қатынастарды реттеудi жүзеге асыратын, өз қызметiнде тәуелсiз жеке тұлға; 22) сақтандыру портфелi - сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының, сондай-ақ олар бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) жиынтығы; 23) сақтандыру резервтерi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша актуарий есептеулерi негiзiнде бағаланатын мiндеттемелерi; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды 23-1) сақтандыру тәуекелі - сақтандыру жағдайының басталу ықтималдылығы; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 23-2) тармақшамен толықтырылды; 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 23-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 23-2) сақтандыру тобы - банк конгломераты болып табылмайтын, сақтандыру холдингінен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, сондай-ақ сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдарынан және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдарынан және (немесе) сақтандыру холдингі және (немесе) оның еншілес ұйымы және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы капиталына қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын заңды тұлғалар тобы; 24) сақтандыру ұйымы - сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметiн уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлға; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 25) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын жанама иелену (олармен дауыс беру) - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы iрi қатысушысының, сақтандыру холдингінің немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталына қатысу үлестерiн) иелену арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бiрлескен iрi қатысушысы, сақтандыру холдингі болып табылатын тұлғалардың шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 25-1) тармақшамен толықтырылды 25-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің бірлестігі - өз мүшелерінің мүддесін қорғауды қамтамасыз ету және олардың кәсіби қызметін үйлестіру үшін қауымдастық (одақ) нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 26) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 26) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы -уәкiлеттi органның жазбаша келісімiне сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан да көп процентiн тiкелей немесе жанама иелене алатын немесе: сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан да көп пайызымен тiкелей немесе жанама дауыс беру; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешiмдерге шартқа орай не уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде айқындалатын тәртiппен өзгеше түрде ықпал ету мүмкiндiгiне ие жеке немесе заңды тұлға (мұндай иеленуші мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды 26-1) сақтандыру холдингi - уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiне сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып) жиырма бес немесе одан да көп пайызын тiкелей немесе жанама иелене алатын немесе: сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес немесе одан да көп пайызымен тiкелей немесе жанама дауыс беру; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешiмдердi шартқа орай не өзгеше түрде анықтау немесе бақылау жасау мүмкiндiгiне ие заңды тұлға (мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг осындай иеленуші болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда); 27) сатып алу сомасы - жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылу мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының алуына құқығы бар ақша сомасы; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 28) тармақшамен толықтырылды 28) сюрвейер - функциясына сақтандыруға қабылданатын сақтандыру объектісін алдын ала тексеріп қарау мен бағалау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері не ақылы қызмет көрсету шартына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қызмет көрсететін заңды тұлға; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 29) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 29) тәуелсіз актуарий - осы Заңның талаптарына сәйкес келетін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің есептеулерін бағалауды жүргізу үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы тартатын жеке тұлға; 29-1) үлестес тұлғалар - шешімді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың бірінің) қабылдайтын шешімдеріне, оның ішінде жасасқан мәміле күшіне қарай ықпал етуге мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлғалар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды және ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда). Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің құрамында ұлттық басқарушы холдингтің болуы тұлғаларды бір-біріне қатысты үлестес деп айқындау үшін негіз болып табылмайды. 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 30) тармақшамен толықтырылды 30) ішкі резервтік қор - сақтанушылардан инвестициялау мақсаттары үшін алынған сақтандыру сыйлықақысы және басқару нәтижесінде келтірілген сақтандырушының шығыстарын ескере отырып, оларды инвестициялаудан алынған кіріс (залалдар) бөлігінің есебінен уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес сақтандырушы қалыптастыратын ақша сомасы.
ҚР 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара) Заңымен 3-бап өзгертілді 4-бап. Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Сақтандыру - сақтандыру ұйымы жүзеге асыратын, сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында айқындалғансақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиға басталған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі қатынастар кешенiн білдіреді. ҚР 2006.05.07. № 164-III Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Сақтандыру қызметi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi, сондай-ақ өзара сақтандыру қоғамдарының сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты, Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын қызметi. 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды 3. Исламдық сақтандыру қызметі исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу мен орындауға байланысты қызметi болып табылады.
5-бап. Шетелдiк жеке және заңды тұлғалар мен азаматтығы жоқ адамдарды сақтандыру 1. Шетелдiк азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдiк заңды тұлғалар, оның iшiнде өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратындар сақтандыру арқылы қорғалу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бiрдей пайдаланады. 2. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 5-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-1-бап. Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру ұйымдарының сақтандыруы 1. Заңды тұлғаның немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаның мүліктік мүдделерін сақтандыруды тек сақтандыру ұйымы - Қазақстан Республикасының резиденті ғана жүзеге асыра алады. 2. Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру ұйымдарымен, жұмыс істеу, оқу, емделу немесе демалу мақсатында Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде уақытша болатын жеке тұлғалармен - Қазақстан Республикасының резиденттерімен осы тұлғалардың тек Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде уақытша болу кезеңіне ғана сақтандыру шарттарын жасасуға және оларды орындауға жол беріледі. 3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға: 1) жеке және заңды тұлғалардан - Қазақстан Республикасының резиденттерінен Қазақстан Республикасының резиденті еместердің пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) төлеуге; 2) жеке және заңды тұлғалардың - Қазақстан Республикасының резиденттерінің пайдасына сақтандыру шарттары бойынша Қазақстан Республикасының резиденті еместерден алынатын сақтандыру төлемдерін жүзеге асырумен байланысты төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға тыйым салынады.
2-тарау. Сақтандыру қызметін ұйымдастыру
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілді 6-бап. Сақтандыру салалары, сыныптары және түрлерi 1. Сақтандыру қызметiн ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшiн сақтандыру салаларға, сыныптар мен түрлерге бөлiнедi. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметi «өмiрдi сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады. 2. «Өмiрдi сақтандыру» саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: 1) өмiрдi сақтандыру; 2) аннуитеттiк сақтандыру; 3) 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. «Жалпы сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: 1) жазатайым жағдайлардан сақтандыру; 2) ауырған жағдайдан сақтандыру; 3) автомобиль көлігін сақтандыру; 4) темір жол көлігін сақтандыру; 5) әуе көлігін сақтандыру; 6) су көлігін сақтандыру; 7) жүктерді сақтандыру; 8) осы тармақтың 3)-7) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, мүлікті залалдан сақтандыру; 9) автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру; 10) әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру; 11) су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру; 12) осы тармақтың 9)-11) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру; 13) заемдарды сақтандыру; 14) ипотеканы сақтандыру; 15) кепілдіктер мен кепілгерліктерді сақтандыру; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды 15-1) осы тармақтың 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының шығындарын сақтандыру; 16) басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру; 17) сот шығыстарынан сақтандыру; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды 18) титулдық сақтандыру. 4. Ерікті сақтандыру нысанындағы сақтандырудың жекелеген сыныбын (түрін) жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар, оның ішінде сақтандырудың жекелеген сыныптары (түрлері) шеңберіндегі пруденциалдық нормативтер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Сақтандыру түрi, сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бiр немесе бiрнеше сыныбы шегiнде әзiрлейтiн және беретiн сақтандыру өнiмi болып табылады. 6. Мазмұны мен талаптары Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін заңнамалық актісімен айқындалатын міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жекелеген сыныбы болып табылады. Мiндеттi сақтандыру түрлерiнiң тізбесiн қара
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 7 - бап өзгертілді ( бұр. ред. қара) |