ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 187 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 176 бұйрығымен бекітілген
«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалар
1. Осы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген санитариялық қағидалар Өндірістік объектілердегі өндіріс және тұтыну қалдықтарын, қатты тұрмыстық қалдықтар мен медициналық қалдықтарды жинауға, пайдалануға, қолдануға, жиналуына, айналымына, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) айқындайды. 2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылды: 1) ағызу станциялары - елді мекендердің кәріз тартылмаған аудандарынан сұйық қалдықтарды кәріз желілеріне жинауға және ағызуға арналған құрылыстар; 2) ассенизациялау алқабы, жер жырту алқабы - елді мекеннің шегінен тыс сұйық қалдықтарды жинау және залалсыздандыру үшін арнайы бөлінген аумақ; 3) жоспарлы-тұрақты тазарту - қалдықтарды белгіленген жиілікпен жинау және жою бойынша іс-шаралар жүйесі; 4) жерді рекультивациялау - белгілі мақсатта пайдалану үшін бұзылған жерлерді, оның ішінде бұзылған жерлердің кері әсері нәтижесінде өз құндылығын толық немесе ішінара жоғалтқан жер телімдерін қалпына келтіруге, сондай-ақ қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралар кешені; 5) коммуналдық қалдықтар - елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік етуінің нәтижесінде қалыптасқан тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен қалыптасу сипаты бойынша оларға жақын өндіріс қалдықтары; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|