Осы редакция 2019 жылғы 30 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 666 бұйрығына 7-қосымша
«Халықаралық мемлекеттік кеме тізілімінде кемелерді мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 «Халықаралық мемлекеттік кеме тізілімінде кемелерді мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Портының теңiз әкiмшiлiгiмен (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: 1) меншiк құқығындағы теңіз кемесі үшін - теңiз кемесiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы туралы және кемеге меншiк құқығы туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік); 2) бербоут-чартер бойынша пайдалануға ұсынылған теңіз кемесі үшін бербоут-чартер шарттарында жалға алынған шетелдiк теңiз кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік); 3) 2002 жылғы 17 қаңтарындағы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабында көзделген негіздеме бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiндегi құрылымдық бөлімшелердегі көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкердің) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|