Турагент, гид (гид-аудармашы), экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қосымшаға мәліметтер нысандарын бекіту туралы
Осы редакция 2021 жылғы 28 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 20-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес турагент қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қосымшаға мәліметтер нысаны; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес гид (гид-аудармашы) қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қосымшаға мәліметтер нысаны; 3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес экскурсовод қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қосымшаға мәліметтер нысаны; 4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қосымшаға мәліметтер нысаны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаменті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|