Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 және «Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 296 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Осы редакция 2023 жылғы 20 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 20-21, 152-құжат): кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Агроенеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; 2) «Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 296 қаулысында: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 3) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|