Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Осы редакция 2022 жылғы 6 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттары бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір бұйрықтарының және бұйрығының құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін; 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 98 бұйрықпен бекітілген
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|