| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Түркістан облысында қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы Түркістан облысының Бас мемлекеттік дәрігерінің 2020 жылғы 3 шілдедегі № 26 Қаулысы
Мен, Түркістан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрбек Садыкбекұлы Нышанов «Халық денсаулығы және денсаулык сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қаңтардағы Кодексінің 7-1-бабының 1-тармагының 13) тармақшасына, 21-бабының 12-тармағының 6) тармақшасына, 150-бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 43 қаулысы, «Қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 03 шілдедегі № 44 қаулысы, Түркістан облысының аумағында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты, COVID-19-коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Түркістан облысының аумағында карантин және шектеу іс-шаралары 2020 жылғы 05 шілде сағат 00.00-ден 2020 жылғы 19 шілде сағат 00.00-ге деиін ұзартылсын. 2. Аудандар мен қалалар әкімдеріне, мемлекеттік органдарға, құқық қорғау және арнайы органдарға: 1) көпшілік іс-шараларды (мерекелік, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар, форумдар, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т. б.) өткізуге тыйым салынсын; 2) кинотеатрлардың, түнгі клубтардың, спорт, фитнес, жаттығу залдарының (орталықтарының), сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда-ойын-сауық кешендерінің жанындағы балалардың ойын алаңдарының, қосымша білім берудің мектептен тыс ұйымдарының (дамыту, білім беру орталықтары, үйірмелер, факультативтер және т. б.), компьютерлік клубтардың, караоке, бильярд, боулинг орталықтарының, фудкорттардың, банкет залдарының, спорт кешендерінің (үйірмелер, секциялар және т. б.) қызметіне тыйым салынсын; 3) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим сақтай отырып, қонақ үйлер мен санаторийлерді қоспағанда, халықтың тұруымен кызмет көрсету саласындағы туризм объектілері мен ұйымдарының (демалыс үйлері, туристік базалар, бассейндер, жағажайлар, аквапарктер) қызметіне тыйым салынсын; 4) СПА орталықтарының, моншалардың, сауналардың жұмысы токтатылсын; 5) мәдениет объектілерінің, мұражайлардың қызметі тоқтатылсын; 6) меншік нысанына қарамастан мектепке деиінгі балалар мекемелернің (оның ішінде кезекші топтардың) қызметі тоқтатылсын; 7) білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқытуды, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтықтан өткізу қамтамасыз етілсін; 8) медициналык ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, интернат үлгісіндегі мүгедек балаларға арналған оқу орындарында карантин және санитариялық-дезинфекциялық режим сақталсын; 9) ашық базарларды қоспағанда, жәрмеңкелердің, азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың жабық базарлардың, автомобиль, киім-кешек, мал базарлары мен адамдар жаппай болатын басқа да объектілердің жұмысы тоқтатылсын; 10) сүлулық салондарының, шаштараз, спа-салондарының қызметіне тыйым салынсын; 11) діни объектілердің жұмысын тоқтатылсын; 12) 65 жастан асқан адамдарға аса қажетсіз көшеге шығуы шектелсін; 13) 14 жасқа дейінгі балалардың ересектерсіз жүруіне тыйым салынсын; 14) 3 адамға дейін көшелерде, саябақтарда, алаңдарда, субұрқақтарда, жағалауларда, скверлерде халықтың жүруі шектелсін; 15) тұрғылықты жері бойынша ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шаралар өткізуге тыйым салынсын; 16) қалааралық, ауданаралық жолаушылар тасымалы (автобус, микроавтобус) тоқтатылсын; 17) жерлеу іс-шараларын жүргізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 20 адамға дейін (отбасы мүшелернің) жиналуға рұқсат етілсін; 18) облыс аумағында маска кию тәртібі сақталсын. Облыс тұрғындары мен қонақтары масканы үнемі тағып жүруге, әлеуметтік қашықтықты сактауға міндетті, әсіресе қоғамдық көліктерде, адамдар көп жиналатын орындарда (бөлмелерде, кәсіпорнындарда, мекемелерде, базарларда, сауда объектілерінде және т.б.). 3. Қала және аудан әкімдеріне, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасына, мемлекеттік органдардың басшыларына, Түркістан облысының полиция департаментіне, Түркістан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментов, кәсіпкерлік субъектілеріне, санитариялық-эпидемиологиялық және күшейтілген дезинфекциялык режимді сақтай отырып, төмендегі нысандардың қызметше шектеумен жұмыс жүргізуіне рұқсат етілсін: 1) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимі сақтай отырып, екінші деңгейдегі банктердің, «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінің қызметін сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін шектелсін; 2) ХҚКО жұмысын ұйымдастыру Egov.kz, EgovKZBot 2.0 жеделхат-бот жұмыс күндері сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс кестесін орнатумен, Call орталықтарының жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін демалыс және мереке күндері тыйым салынсын; 3) ашық азық-түлік базарларының жұмыс тәртібі жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) сағат 08.00-ден 13.00-ге дейін шектелсін; 4) ашық азық-түлік емес базарларының жұмыс режимі жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) жұмысы тоқтатылсын; 5) супермаркеттердің, минимаркеттердің, сондай-ақ үй жанындағы дүкендердің жұмыс режимі жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін шектелсін; 6) ауданы 500 шаршы метрден асатын азық-түлік емес дүкендердің жұмысын клиенттерге дейін жеткізумен шектелсін; 7) жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін құрылыс дүкендерінің, саяжай жабдықтарын, оптика, гүл дүкендерінің, зоомагазиндердің жұмысы шектелсін, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) жұмысы тоқтатылсын; 8) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, техникалық қызмет көрсету станцияларының, авто жуу орындарының, дөңгелек жөндеу, автобөлшектер дүкендерінің, автосалондардың жұмысы сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін шектелсін; 9) сауда саласында соның ішінде піскен тағамдарды, фастфуд, жұмсақ балмұздақ, сусындар, сату дүңгіршіктерінің жүмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын; 10) қоғамдық көліктің (автобустардың, шағын автобустардың) желіге барынша шығуымен (сағат 06:00-ден 10:00-ге дейін, сағат 17:00-ден 21:00-ге дейін), қозғалыстың біркелкі кестесімен, қоғамдық көліктің толымдылығын 50%-ға дейін шектеумен; 11) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қоғамдық тамақтану объектілері 30 орынға дейін (ұжымдық іс-шараларсыз), ашық жазғы алаңдардың жұмысы сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін, көрші столдың шеткі орындарынан кемінде 2 м әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып жұмысы шектелсін; 12) жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін 09.00-ден 17.00-ге дейін, бизнес-орталықтардың (сақтандыру компаниялары, адвокаттың, нотариустың, бухгалтер мен консалтингтің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының және т. б. қызметтері), айырбастау пункттерінің, ломбардтардың, букмекер кеңселерінің жұмысы шектелсін; 13) темір жол және автомобиль вокзалдарының жұмыс алгоритмінің сақталуы қамтамасыз етілсін; 14) пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйесі мекемелерінде санитариялық-дезинфекциялық режим алгоритмі сақталын; 15) өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндірістік объектілерде, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін объектілерде санитариялық-дезинфекциялық іс-шаралар алгоритмі сақталсын; 16) медициналық-әлеуметтік объектілерде санитариялық-дезинфекциялык режим алгоритмі сакталсын; 17) еңбек ұжымдарында (кеңселерде) эпидемияға қарсы режим алгоритмі сақталсын; 18) Түркістан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, Ішкі істер департаментінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментінің (оның ішінде ҰҚК Шекара қызметінің) жеке құрамы (оның ішінде азаматтық персонал) арасында COVID таралу қаупін азайту бойынша алгоритмді сақтау); 19) жеке қорғану құралдарын пайдалану және кәдеге жарату жөніндеп ұсынымдарды сақталсын; 20) өнеркәсіптік және индустриялық кәсіпорындардың, құрылыс компанияларының (құрылыс салушылардың) жұмыс алгоритмі сақталсын; 21) Медициналық және стоматологиялық клиникалар үшін күшейтілген инфекциялық бақылау кезеңінде COVID-19 алдын алу шаралары бойынша қызмет алгоритмі сақталсын; 22) COVID-19 диагностикасына арналған зертхананы өрістетуге уақытша ұсынымдарды сақталсын; 23) әскери бөлімдерге келгеннен кейін жас толықтырушы ПТР әдісімен COVID-19-да зертханалық тексерілсін; 24) қызметті жүзеге асыратын барлық объектілерде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялык режим сақталсын (колды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату, күніне кемінде екі рет беттерді өңдеу, дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып ылғалды жинау, желдету); 25) тек балалар үйлерінің балаларын жазғы сауықтыру үшін санитарлық-эпидемиологиялық және күшейтілген дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сауықтыру лагерлерінің жұмысына рұқсат етілсін; 26) аймақтау талаптарын және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, медициналық орталықтардың (жазба бойынша) қызметіне рұқсат беру; 27) үздіксіз өндірістік циклі бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындарының, ашық ауадағы құрылыс жұмыстарының, ауыл шаруашылығы жұмыстарының, балық шаруашылығы мен мал шаруашылығының қызметі күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып рұқсат етілсін; 28) мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып рүқсат беру. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80% - ы қашықтықтан жұмыс нысанында қалады (штат кестесі 30-дан астам қызметкер болғанда). 4. Қалалар мен аудандар әкімдерше, мемлекеттік органдарға, құқық қорғау және арнайы органдарға: 1) карантин кезеңінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілершің тізбесі мен жұмыс режимі айқындалсын; 2) қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты облыс орталықтарының, қалалардың, аудандардың, ауылдық елді мекеңдердің аумағында жүріп-тұруға рұқсат етілген адамдардың тізбесі айқындалсын; 3) карантин режимін сақтамаған жеке тұлға, заңды тұлға және жеке кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тартуды енгізуді және орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін; 4) әкімдіктер жанындағы мобилді топтардың жұмыс режимінің эпидемияға қарсы режим талаптарының сақталуына мониторинг жүргізілсін; 5) халық арасында COVID-19-дың таралуының профилактикасы бойынша акпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілсін; 6) елді мекен аумақтарына, әрбір рейстің алдында қоғамдық көлікті, теміржол және автовокзалдарды, супермаркеттерді, базарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын, жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өтпелерінің таяныштарын, саябақтар, скверлер, спорттық снарядтарды, балалар және спорт алаңдарын, орындықтар мен сәкілерді, банкоматтарды, банк терминалдарын, POS-терминалдарды жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеу қамтамасыз етілсін 7) Халыққа қызмет көрсету орталықтарын күн сайын дезинфекциялауды қамтамасыз ету; 5. Түркістан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне, ҚР ҰЭМ Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментіне, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің жанынан құрылған «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне, «Атамекен» ҰКП Түркістан облысы бойынша филиалына 1) Түркістан облысы бойынша дәрілік заттардың болуы және шекті бағаның сақталуы бойынша мониторингтік топ құрылсын; 2) Түркістан облысы бойынша дәрілік заттардың болуы және шекті бағаның сақталуы бойынша мониторинг жүргізілсін. 6. Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасы, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалы: 1) COVID-19-ды қадағалау шеңберінде ПТР әдісімен тестілеуді ұйымдастыруды және ПТР зертханалык тексерудің оң нәтижесі бар жағдайлар туралы хабарлауды қамтамасыз етсін; 2) COVID-19-ға үлгілерді алуга және зертханалық зерттеулер жүргізуге арналған тест-жүйелердің, диагностикумдардың, шығыс материалдарының азаймайтын қорын қамтамасыз етсін; 3) тиісті контингентке тестілеу жүргізетін зертхана тестіленетін адамдардан оң нәтиже анықталган жағдайда журналға беру уақытын, қабылдаған адамның ТАӘ мен лауазымын тіркей отырып, 2 сағат ішінде Түркістан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне телефон арқылы хабардар етсін. Кейінннен 3 сағат ішінде оң нәтиже туралы хаттаманың көшірмесі берілсін. 7. Мемлекеттік мекемелер және кәсіпкерлік субъектілерге: 1) Облыс аумағында жұмыс істеуге рұқсат етілген объектілер қызметін «Қазақстан Республикасы халқының арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы»Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 43 қаулысымен бекітілген алгоритмдерге сәйкес жүзеге асыруға міндетті. 8. Аудандардың және қалалардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер аймақта қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік шараларды қатаңдату немесе жеңілдету туралы шешім қабылдауға құқылы. 1) Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Түркістан облысының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөнінде іс-шаралар туралы» 2020 жылғы 22 мамырдағы № 19 қаулысы; 2) Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 24.05.2020ж. № 20 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 01 маусымдағы № 22 қаулысы; 3) Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Түркістан облысы аумағында короновирустық инфекциясының таралуын алдын алу жөніндегі шектеу іс-шараларды және карантинді ұзарту туралы» 2020 жылғы 06 маусымдағы № 23 қаулысы; 4) Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялык дәрігерінің «Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 06 маусымдағы № 23 қаулысына өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 16 маусымдағы № 24 қаулысы; 5) Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Шектеу іс-шаралары туралы және Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялык дәрігерінің қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 25 маусымдағы № 25 каулысы. 10. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті. 11. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволарға жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер аркылы хабардар етілсін. 12. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 13. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |