Осы редакция 2016 жылғы 27 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 тамызындағы № 208 қаулысымен бекітілген
«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы №7-1/418 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11959 болып тіркелген) бекітілген «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Тараз қаласының, аудандардың ауыл шаруашылығы бөлімдері (бұдан әрі - қызметті беруші) көрсетеді. 2. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) қызметті берушінің кеңсесі; 2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: ww.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға және нормаларға сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды; анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар бере отырып, объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкес еместігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды (бұдан әрі - ветеринариялық-санитариялық қорытынды). Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|