«Білім беру саласындағы лицензиарларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫЕТЕДІ: 1. «Білім беру саласындағы лицензиарларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2015 ж., № 57-58, 468-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті жоғары білімнің білім беру бағдарламалары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары, діни білім беру бағдарламалары бойынша білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар; 2) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық білім саласындағы бақылау департаменттері бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар; 3) осы қаулыға қосымшаға сәйкес өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде білім беру қызметімен айналысуға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар болып айқындалсын.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|