Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-2/626 бұйрығына 3-қосымша
Тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидалары (2018.18.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Осы Тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018.18.04. № 158 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Зертхана жүзеге асыратын тұқым сапасына сараптама жүргізу жөнiндегi жұмыс түрлерiн аккредиттеу саласы айқындайды және аккредиттеу органы берген аккредиттеу аттестатымен расталады. Ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сапасына сараптама жүргізу қолданыстағы ұлттық стандарттарға сәйкес ұлттық стандарттар белгілеген барлық көрсеткіштер (толық талдау) бойынша немесе нормаланатын көрсеткіштердің біршамасы (толық емес талдау) бойынша жүргізіледі. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018.18.04. № 158 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Тұқымның егістік сапаларының ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкестiгiн белгілеуді аккредиттелген тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертханалар тұқым партиясынан ұлттық стандарттарға сәйкес iрiктеп алынған орташа сынаманы зерттеу негізінде жүргізеді. Тұқымның сұрыптық сапасы сұрыптық егiстердi байқаудан өткізу актiсiмен расталады. Тек егіске ғана арналған тұқым партияларынан орташа сынамаларды iрiктеп алуды тұқым өндiрушiнің өтiнiмі бойынша тұқым сарапшылары және (немесе) аккредиттелген тұқым сапасына сараптама жүргізу жөнiндегi зертханаларда тиiстi даярлықтан өткен және тиiстi қорытындысы бар тұқым өндiрушiлер (олардың өкiлдерi) жүргiзедi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|