Автомобиль жолдары туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 245-II Заңы (2019.08.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 2-бап. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңнамасы 3-бап. Автомобиль жолдарының жіктелімі 4-бап. Автомобиль жолдарына меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар 5-бап. Ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) 5-1-бап. Автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдау 5-2-бап. Ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша жеңілдіктер 5-3-бап. Ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдалануды тоқтату және тоқтата тұру 2-тарау. Автомобиль жолдарының жері 7-бап. Автомобиль жолдарын орналастыру үшін жер беру 8-бап. Жол бойындағы белдеулер 9-бап. Автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудi пайдалану тәртібі 3-тарау. Автомобиль жолдарын мемлекеттік реттеу және басқару 11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің автомобиль жолдары мен жол қызметі саласындағы құзыретi 12-бап. Автомобиль жолдары жөніндегі уәкiлетті мемлекеттік органның құзыретi 13-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретi 14-бап. Автомобиль жолдарын дамыту iсiн жоспарлау 15-бап. Жол қызметiн жүзеге асыру кезіндегі жұмыстың сапасы 16-бап. Жол қызметiн лицензиялау 17-бап. Жол қызметiн қаржыландыру 18-бап. Жол органының және оның қызметкерлерiнiң құқықтары 19-бап. Жол органының және автомобиль жолдарын басқарушылардың жауапкершiлiгi 3-1-тарау. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары 19-1-бап. Техникалық реттеу және стандарттау объектілері 19-2-бап. Автомобиль жолдарын жобалау кезіндегі қауіпсіздік талаптары 19-3-бап. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезіндегі қауіпсіздік талаптары 19-4-бап. Автомобиль жолдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары 19-5-бап. Жол-құрылыс материалдарына қойылатын қауіпсіздік талаптары 4-тарау. Автомобиль жолдарын пайдалану 20-бап. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын пайдалану 23-бап. Автомобиль жолдары маңындағы жер учаскелерi меншiк иелерiнің мiндеттерi 24-бап. Автомобиль жолдарын жұмылдыру дайындығы 25-бап. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың жауапкершiлiгi 26-бап. Автомобиль жолдарындағы медициналық жәрдем 27-бап. Қоршаған ортаны қорғау 6-тарау. Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор 29-бап. Ұлттық оператордың құқықтық жағдайы 30-бап. Ұлттық оператордың өкілеттіктері
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ставкаларын», «ставкалардың» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемелерін», «мөлшерлемелердің» деген сөздермен ауыстырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасында автомобиль жолдарын мемлекеттік басқарудың, оларды мемлекеттің және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың мүдделерінде салудың, пайдаланудың және дамытудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негіздерін реттейді.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар: Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда 1) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор (бұдан әрі - Ұлттық оператор) - осы Заңда белгіленген өкілеттіктерді жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам; 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-1) автомобиль жолдарын басқарушылар - автомобиль жолдарының меншік иелері болып табылатын немесе мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде шарттардың, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының, оның ішінде концессия шарттарының, мүлікті сенімгерлік басқару, жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз пайдалану шарттарының негізінде шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында автомобиль жолдарын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар; 2) автомобиль жолдарын пайдаланушылар - жол қозғалысына қатысушылар болып табылатын немесе автомобиль жолдарына бөлiнген белдеу мен жол бойындағы белдеу шегiнде өзге де қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар; 3) автомобиль жолы - автомобильдердiң және басқа да көлiк құралдарының белгiленген жылдамдықпен, жүктемелермен, габаритпен үздiксiз, қауiпсiз жүрiсiн қамтамасыз ететiн, автомобильдер жүрiсiне арналған инженерлiк құрылыстар кешенi, сондай-ақ осы кешендi орналастыру үшiн берiлген жер учаскелерi (көлiк жерлерi) және олардың үстіндегі белгiленген габарит шегіндегі әуе кеңiстiгi; 4) автомобиль жолын ағымдағы жөндеу - маршруттық тәсілмен орындалатын, бұзылған учаскелерді жөндеу жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, бүкіл жыл бойы жүргізілетін, автомобиль жолдарында авариялық жағдайлар, ақаулар туындауының алдын алу, сондай-ақ автомобиль жолын шұғыл қалпына келтіру және жөндеу тәртібімен орындалатын жұмыстар кешені; 5) автомобиль жолын жөндеу - ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулерді қамтитын, автомобиль жолы ақауларының алдын алу және оларды жою, сондай-ақ көліктік-пайдалану сапаларын қалпына келтіру және жақсарту жөніндегі жұмыстар кешені; 6) автомобиль жолын күрделі жөндеу - қолданыстағы техникалық санатын өзгертпей, автомобиль жолының көліктік-пайдалану сипаттамаларын қалпына келтіру және (немесе) жақсарту жөніндегі жұмыстар кешені; 7) автомобиль жолын күтіп ұстау - автомобиль жолын тиісті техникалық жай-күйде ұстау, оның техникалық жай-күйін бағалау жөніндегі, сондай-ақ жолда жүру қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар кешені; 8) автомобиль жолын орташа жөндеу - автомобиль жолының бастапқы пайдалану сапаларын және жол құрылыстарын қалпына келтіруге байланысты жұмыстар кешені; 9) автомобиль жолын реконструкциялау - автомобиль жолын немесе оның жекелеген учаскесін неғұрлым жоғары техникалық санатқа ауыстыра отырып, көліктік-пайдалану сапаларын, қозғалыс қауіпсіздігі мен қолайлылығын арттыруды қамтамасыз ететін жұмыстар кешені; 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды 9-1) автомобиль жолының учаскесі (бұдан әрі - жол учаскесі) - автомобиль жолының жалпы ұзындығы шегіндегі жол кесіндісі; 10) автомобиль жолының ұзындығы - километрлiк белгiлер бойынша нақты (жергiлiктi жерде) көрсетiлген, объектiлердiң немесе елдi мекендердiң арасындағы жолдың нақты ұзындығы; 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11) ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) - ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылданған және жүріп өту үшін ақы алынатын автомобиль жолдары (жол учаскелері); 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды 11-1) ақылы қозғалысты ұйымдастыру - жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешендерін енгізу және орнату, сондай-ақ ақылы автомобиль жолын басқару арқылы ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін ақы алу жөніндегі іс-шаралар; 12) ауыр салмақты көлiк құралы - толық массасы немесе жүктеменiң оның осi бойынша бөлiнуi осы жол санаты мен ондағы құрылыстар үшiн рұқсат етiлген шектi жүктеме мөлшерiнен асатын, жүгi бар немесе жүксiз көлiк құралы; 13) габариті iрi көлiк құралы - нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген габарит мөлшерiнен асатын, жүгi бар немесе жүксiз көлiк құралы; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды 13-1) жол активтері - нақты көліктік-пайдалану жай-күйі мен құн бағасы ескерілген автомобиль жолдары мен ондағы құрылысжайлар; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 13-2) тармақшамен толықтырылды 13-2) жол активтерін басқару - автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп-ұстауға бюджет шығыстарын тиімді жоспарлауға бағытталған, жол активтерінің диагностикасы және аспаптық зерттеп-қарау, сондай-ақ жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі жөніндегі қызмет; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 13-3) тармақшамен толықтырылды 13-3) Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы - автомобиль жолдарын, салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу, жол активтерін басқару, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру жөніндегі функциялар, сондай-ақ жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу, жаңа технологияларды енгізу және тәжірибелік учаскелерді қолдау жөніндегі функциялар жүктелген, автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қарамағындағы заңды тұлға; 14) жол бойындағы белдеулер - көлiк жүрісін және халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн шекарасында жер пайдаланудың ерекше шарттары белгiленетiн, автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуге жалғасып жатқан жер учаскелерi; 15) жолға бөлiнген белдеу - автомобиль жолдары алып жатқан, автомобиль жолының тиiстi құрастырмалы элементтерi мен инженерлiк құрылыстарын, сондай-ақ оларды пайдалану үшiн қажеттi ғимараттарды, құрылыстарды, қорғаныштық және әсемдiк орман екпелерiн отырғызуға және жол байланысы құрылғыларын орналастыруға арналған көлiк жерлерi; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды 15-1) жол дерекқоры - автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның автомобиль жолдарын пайдаланушылар үшін ашық, автомобиль жолдарының көліктік-пайдалану жай-күйі туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйесі; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 15-2) тармақшамен толықтырылды 15-2) жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының қолданыстағы жол инфрақұрылымының қауіпсіз жұмыс істеуін, оларды ұстап-тұру және жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені; 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16) тармақша жаңа редакцияда 16) жол қызметі - автомобиль жолдары мен олардағы құрылысжайларды жобалау, салу, реконструкциялау мен жөндеу, күтіп-ұстау және пайдалану, жол активтерін басқару, сондай-ақ ақылы жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі қызмет; 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 17) жол қызметiн басқару - жолдардағы қозғалысты ұйымдастыруға және қауiпсiздiк пен қолайлылықты қамтамасыз етуге, автомобиль жолдары мен құрылыстардың көлiктiк-пайдалану жай-күйiн арттыруға, оларды қорғау тәртібін қамтамасыз етуге, ұлттық стандарттар мен озық технологияларды енгізу негiзiнде автомобиль жолдарын жобалауды, салуды, реконструкциялауды, жөндеудi, күтiп ұстауды және пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған iс-шаралар кешенi; 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 18) жол қызметінің объектілері - жол-пайдалану кешендері, пайдалану қызметінің жұмыскерлеріне арналған тұрғын үйлер, автобус аялдамалары, павильондар, демалыс алаңдары, автомобильдердің аз уақытқа аялдауына арналған алаңдар, автомобильдерді техникалық қарауға арналған құрылғылар, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған құрылыстар мен құрылғылар, орман белдеулері, көпірлерге қызмет көрсету және оларды күзету пункттері, технологиялық және авариялық-шақыру байланысының құрылғылары, жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешені; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 19) жол органы - жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган; 20) жол сервисі объектілері - қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, автожанармай құю станциялары, техникалық қызмет көрсету станциялары, тамақтандыру және сауда пункттері; 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды 20-1) жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешені - жүріп өту үшін ақы алуға арналған, автомобиль жолы жабдығының, бағдарламалық жасақтамасының және элементтерінің жиынтығы; 21) көше (көшенiң көлiк жүретiн бөлiгi) - елдi мекендер шекарасының шегіндегі автомобиль жолы; 22) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 2-бап. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттардың ережелері қолданылады. 3-бап. Автомобиль жолдарының жіктелімі 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, шаруашылық автомобиль жолдары, сондай-ақ елді мекендердің көшелері болып бөлінеді. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары өздерінің маңызы бойынша халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар болып бөлінеді: 1) халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарына көршілес мемлекеттердің астаналарын жалғастырып жатқан, сондай-ақ мемлекетаралық келісімдерге сәйкес халықаралық автомобиль жолдары желісіне кіретін автомобиль жолдары жатады; 2) республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына, осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген жолдарды қоспағанда, республиканың және көршілес мемлекеттердің әкімшілік, мәдени және экономикалық орталықтары арасында көлік қатынасын қамтамасыз ететін автомобиль жолдары, сондай-ақ қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдары жатады; 2-1) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына, осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жолдарды қоспағанда, республиканың әкімшілік орталықтарын облыс және аудан орталықтарымен, сондай-ақ аудан орталықтарын республикалық маңызы бар жолдармен жалғастырып жатқан автомобиль жолдары жатады. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ 4) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 4) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына аудан орталықтарын ауылдық елдi мекендермен жалғастырып жатқан автомобиль жолдары жатады. 3. Шаруашылық автомобиль жолдарына шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік-шаруашылық тасымалдарына қызмет көрсететін, солардың аумағындағы автомобиль жолдары, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарынан оларға кірме жолдар, ауыл шаруашылық ұйымдарының шаруашылық ішіндегі жолдары, қызметтік, патрульдік және жеке меншік автомобиль жолдары жатады. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді 4. Елді мекендердің көшелеріне, осы баптың 2-тармағының 1)-4) тармақшаларында көрсетілген жолдарды қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегіндегі автомобиль жолдары жатады. 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 5. Автомобиль жолдары геометриялық параметрлеріне, сондай-ақ жол жүрісінің жиілігіне қарай автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерге сәйкес жіктеледі. 6. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 297-III (бұр.ред.қара); 2010.28.12. № 369-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 7-тармақ өзгертілді 7. Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбелерін автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып, облыстың жергілікті атқарушы органдары бекітеді. Қала көшелерінің тізбесін қаланың жергілікті атқарушы органы бекітеді. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тiзбелерiн аудандардың жергілікті атқарушы органдары облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша бекiтедi. 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 8. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, шаруашылық автомобиль жолдары, елді мекендердің көшелері автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік есепке алынуға жатады. Есепке алу деректері автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша жарияланатын Қазақстан Республикасы автомобиль жолдарының карталары мен атластарын жасау үшін пайдаланылады.
4-бап. Автомобиль жолдарына меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар 1. Автомобиль жолдары мемлекеттік меншікте және жеке меншікте болуы мүмкін. 2. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары немесе олардың учаскелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін, оның ішінде концессияға берілуі мүмкін. 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды 2-2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдары немесе олардың учаскелері Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына (несие алушыларға) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалану шартына сәйкес өтеусіз уақытша пайдалануға берілуі мүмкін. 2011.22.07. № 475-ІV ҚР Заңымен 2-3-тармақпен толықтырылды; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2-3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдары немесе олардың учаскелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес оларды кері сатып алу міндеттемесімен мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылуы мүмкін. 3. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 4. Жеке меншік автомобиль жолдары жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылады. 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Елді мекендердің көшелері тиісті жергілікті атқарушы органдардың қарамағында болады және коммуналдық меншік болып табылады. 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Шаруашылық автомобиль жолдарын жекешелендіру «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды 7. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары оларды салу, реконструкциялау, ақылы қозғалысты ұйымдастыру үшін Ұлттық операторға сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды 4-1-бап. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын өтеусіз уақытша пайдалануға беру 1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешімді несие алушы өтінішінің негізінде тиісінше облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы (несие беруші) қабылдайды. 2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалану құқығы бес жылға дейінгі мерзімге беріледі. Өз міндеттерін тиісті түрде атқарған несие алушы шарттың мерзімі өткеннен кейін талаптар тең болған өзге жағдайда жаңа мерзімге шарт жасасуға басқа тұлғаларға қарағанда басым құқыққа ие болады. 3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз пайдалану шартына сәйкес несие алушы: 1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес көрсетілген автомобиль жолдарын жарамды техникалық жай-күйде ұстауға және оларға жөндеу жүргізуге; 2) өз есебінен жалпы қауіпсіздік талаптарын сақтауға; 3) оның өн бойында көлік құралдары қозғалысының жол берілетін жылдамдық режимін қамтамасыз ете отырып, кедергісіз, қауіпсіз, тегін жол жүруді қамтамасыз етуге міндетті. 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 4. Облыстық немесе аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын реконструкциялау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның келісуімен облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы берген рұқсат болған кезде жол беріледі. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 5. Облыстық немесе аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен үлгі шарттың негізінде ресімделеді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді; 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-бап. Ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасында осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері, көпірлер, өткерме жолдар) салынуы мүмкін. Ақылы автомобиль жолдарының (жол учаскелерінің) салынуы мен пайдаланылуын бақылауды автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады. 2. Жолдың бүкіл ұзындығы бойында көлік қозғалысының жоғары, қауіпсіз жылдамдығы қамтамасыз етіле отырып, жүріп өтудің жоғары сапада болу шарты орындалған кезде автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін ақы төлеу енгізіледі. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, Ұлттық оператордың тартқан қаражаты, жеке және заңды тұлғалардың меншікті және (немесе) қарыз қаражаты есебінен немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының, оның ішінде концессия шарттарының негізінде салынуы мүмкін. Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар автомобиль жолы (жол учаскесі) ақылы қозғалысты ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық операторға немесе автомобиль жолдарын өзге басқарушыларға сенімгерлік басқаруға беріледі. Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту үшін ақы автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен және мөлшерлемелер бойынша алынады. 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдаланушының Ұлттық оператормен немесе автомобиль жолдарын өзге басқарушылармен жасасқан шарты негізінде жүзеге асырылады. Ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) кіру пунктін кесіп өткен кез шартты жасасу кезі болып табылады. Ұлттық оператор немесе автомобиль жолдарын өзге басқарушылар мен ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдаланушылар арасындағы ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдалануға арналған шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жария болып табылады. |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:2-бап. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңнамасы3-бап. Автомобиль жолдарының жіктелімі4-бап. Автомобиль жолдарына меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар4-1-бап. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын өтеусіз уақытша пайдалануға беру5-бап. Ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері)5-1-бап. Автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдау5-2-бап. Ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша жеңілдіктер5-3-бап. Ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдалануды тоқтату және тоқтата тұру6-бап. Автомобиль жолдарының атауы және оларды индекстеу. Автомобиль жолдарындағы ара қашықтықты есептеу 2-тарау. Автомобиль жолдарының жері7-бап. Автомобиль жолдарын орналастыру үшін жер беру8-бап. Жол бойындағы белдеулер9-бап. Автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудi пайдалану тәртібі10-бап. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру 3-тарау. Автомобиль жолдарын мемлекеттік реттеу және басқару11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің автомобиль жолдары мен жол қызметі саласындағы құзыретi12-бап. Автомобиль жолдары жөніндегі уәкiлетті мемлекеттік органның құзыретi13-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретi14-бап. Автомобиль жолдарын дамыту iсiн жоспарлау15-бап. Жол қызметiн жүзеге асыру кезіндегі жұмыстың сапасы16-бап. Жол қызметiн лицензиялау17-бап. Жол қызметiн қаржыландыру18-бап. Жол органының және оның қызметкерлерiнiң құқықтары19-бап. Жол органының және автомобиль жолдарын басқарушылардың жауапкершiлiгi 3-1-тарау. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары19-1-бап. Техникалық реттеу және стандарттау объектілері19-2-бап. Автомобиль жолдарын жобалау кезіндегі қауіпсіздік талаптары19-3-бап. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезіндегі қауіпсіздік талаптары19-4-бап. Автомобиль жолдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары19-5-бап. Жол-құрылыс материалдарына қойылатын қауіпсіздік талаптары 4-тарау. Автомобиль жолдарын пайдалану20-бап. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын пайдалану21-бап. Алып тасталды22-бап. Алып тасталды23-бап. Автомобиль жолдары маңындағы жер учаскелерi меншiк иелерiнің мiндеттерi24-бап. Автомобиль жолдарын жұмылдыру дайындығы25-бап. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың жауапкершiлiгi26-бап. Автомобиль жолдарындағы медициналық жәрдем27-бап. Қоршаған ортаны қорғау 5-тарау. Алып тасталды6-тарау. Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор |