«Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7445 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ереже осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын: 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 43, 44, 45-тармақтарын қоспағанда, оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 31 тамыздағы № 757 бұйрыққа қосымша
Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ереже (бұдан әрі - Ереже) «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 4-бабына сәйкес әзірленді. Ереже: жеке практикамен айналысатын нотариустың (бұдан әрі - жекеше нотариус); мемлекеттік нотариаттық кеңсенің мемлекеттік нотариустарының (бұдан әрі - мемлекеттік нотариус) нотариаттық іс жүргізуінің бірыңғай тәртібін белгілейді. 2. Нотариаттық іс жүргізу «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Заңның 5-бабына сәйкес жүргізіледі. 3. Ереже: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|