Банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманы және банктік шот бойынша ақша қалдығы және қозғалысы туралы үзінді көшірмені ресімдеуге және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Осы редакция 2018 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманы және банктік шот бойынша ақша қалдығы және қозғалысы туралы үзінді көшірмені ресімдеуге және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманы және банктік шот бойынша ақша қалдығы және қозғалысы туралы үзінді көшірмені ресімдеуге және олардың мазмұнына қойылатын мынадай талаптар бекітілсін: 1) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Банктер және банк қызметі туралы заң) 50-бабының 5, 6, 7, 8 және 8-1-тармақтарында көзделген банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтамалар банкте клиенттің банктік шоты болған кезде ресімделеді және мыналар қамтылады: анықтаманың күні; заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және клиенттің жеке сәйкестендіру коды; клиентке қызмет көрсететін банктің атауы және банктік сәйкестендіру коды; банктік шоттағы қалдық туралы мәліметтер көрсетілген жағдайда сұратылатын күнге жіберілетін қалдық. Банктер және банк қызметі туралы заңның 50-бабы 7-тармағының ж) және з) тармақшаларына сәйкес ұсынылатын қалдық өндіріп алынатын сома шеңберінде көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|