Тұқым шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385-II Заңы (2018.28.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 5 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 2-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы объектiлер мен субъектiлер 3-бап. Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңдары 2-тарау. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік реттеу мен басқару 4-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк реттеу 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы құзыретi 6-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның құзыретi 8-бап. Тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттiк инспекторлар және олардың өкiлеттiктерi 9-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау 10-бап. Тұқым шаруашылығы субъектiлерiн аттестаттау 3-тарау. Тұқым шаруашылығын ұйымдастыру 11-бап. Тұқым шаруашылығы жүйесi 4-тарау. Тұқымдарды өндіру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату және пайдалану 13-бап. Тұқымдарды өндiру мен пайдалануға қойылатын талаптар 14-бап. Тұқым өндiрушiлердiң құқықтары мен мiндеттерi 16-бап. Тұқым топтарын сату мен тасымалдау 17-бап. Тұқымдардың сақтандыру және өтпелi қорлары 18-бап. Тұқымдарды дайындау, өңдеу, сақтау және пайдалану 19-бап. Тұқым топтарын Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету 20-бап. Тұқым сапасына кепiлдiктер 5-тарау. Тұқымның сорттық және егу сапаларын анықтау тәртібі 21-бап. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерi тұқымдарының сорттық сапасын анықтау 22-бап. Тұқымдардың егу сапасын анықтау 23-бап. Тұқымдарға құжаттама жасау 23-1-бап. Тұқымдарды кәдеге жарату және жою кезiндегi қауiпсiздiктiң жалпы талаптары 23-2-бап. Тұқымдардың қауiпсiздiгi мен сапасы туралы ақпаратқа қойылатын талаптар 5-1-тарау. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағы 23-3-бап. Сұрыптардың патент қабілеттілігін және шаруашылыққа пайдалылығын сараптау және сынау 23-4-бап. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағын қаржыландыру көздері 6-тарау. Тұқым шаруашылығы саласындағы дауларды шешу және жауапкершілік 24-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiндегi дауларды шешу 25-бап. Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган», «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға», «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органды», «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның», «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың», «тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік органмен» деген сөздер «уәкілетті орган», «уәкілетті органға», «уәкілетті органды», «уәкілетті органның», «уәкілетті органдардың», «уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара); 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен бүкіл мәтіні бойынша «рұқсат етiлген» және «жіберілген» деген сөздер «ұсынылатын» деген сөзбен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерiн белгiлейдi және тұқым шаруашылығы жүйесiнiң ұйымдастырылуы мен жұмыс iстеуi және ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқымдарын өндiру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату мен пайдалану iсiн мемлекеттік бақылау мәселелерiн реттеуге бағытталған.
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 1-1) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2) аттестаттау - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың тұқым шаруашылығы субьектісінің мәртебесіне сәйкестігін анықтау (растау); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда 3) аттестаттау туралы куәлiк - мемлекеттiң тұқым шаруашылығы саласындағы аттестатталған субъектiлердiң қызметiн тануын айғақтайтын, өз құзыреті шегінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы берген құжат; 4) ауыл шаруашылық өсімдіктері - дәнді, дәнді-бұршақтық, жармалық, азықтық, майлы, эфирлі-майлы, техникалық, көкөністік, дәрі-дәрмектік, гүлдік, жемістік, жидектік дақылдар, картоп, жүзім; 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) байқаудан өткiзушi - ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісті жергiлiктi атқарушы органына ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сұрыптық егiстерiн байқаудан өткiзу жөніндегі қызметтің басталғандығы туралы хабарлаған жеке тұлға; 6) бақылау сынақтары - ауыл шаруашылық өсімдігінің сорт белгілерінің сақталуын және әр түрінің осы сортқа сәйкестігін анықтау; 7) бірегей тұқымдар - ауыл шаруашылық өсімдігі сортының авторы, ол уәкілдік берген адам немесе сорттың оригинаторы өсіріп шығарған және элиталық тұқымдарды өндіруге арналған тұқым; 8) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдар - тұқымдар элитасының жылдар бойынша кейіннен өсіріп-өндірілуі: бірінші жыл - бірінші көбейтілген тұқым, екінші жыл - екінші көбейтілген тұқым, үшінші жыл - үшінші көбейтілген тұқым; 9) егістерді байқаудан өткізу - ауыл шаруашылық өсімдіктері егістерінің сорттық сапаларын: сорттық тазалығын, сортқа тәнділігін, арамшөптер басу, ауруға шалдығу және зиянкестерден бүліну дәрежесін анықтау; 10) жерге егіп бағалау - тұқымдардың белгілі бір түрге, сортқа жататындығы мен сорттық тазалығын оларды арнаулы учаскелерде егу және өсімдіктер бойынша сорттық сапаларын кейіннен тексеру жолымен анықтау; 11) зертханалық сорттық сынақтар - тұқымдардың белгілі бір сортқа тиістілігін белгілеу және зертханалық талдау жүргізу жолымен тұқымдардың сорттық тазалығын анықтау; 12) кондициясына жеткізілмеген тұқым - сорттық және егу сапасы жағынан тұқым шаруашылығы саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сай келмейтін тұқым; 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен мазмұн 12-1) тармақшамен толықтырылды 12-1) Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия - өсімдік сорттарының патент қабілеттілігін және шаруашылыққа пайдалылығын сараптамадан өткізуді және сынауды жүзеге асыратын, уәкілетті органның қарауындағы ұйым; 13) сорт ауыстыру - тұқым өсірушілердің өндірісте егіліп жүрген ескі сорттарды неғұрлым шығымды немесе ауыстырылатын сорттан шаруашылық-бағалылық белгілері мен қасиеттері жағынан артық жаңа, пайдалануға рұқсат етілген сорттармен ауыстыруы; 14) сорт жаңарту - өндірісте пайдалану кезінде сорттық және биологиялық сапасы нашарлаған тұқымдарды сол сорттың жақсы тұқымдарымен ауыстыру; 15) сортқа тәнділік - айқас тозаңдандырылатын ауыл шаруашылық өсімдіктерінің сорттық тазалығының көрсеткіші; 16) сорт оригинаторы - сорттың сақталуын қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлға; 17) сорттық бақылау - ауыл шаруашылық өсімдіктері егістерінің сорттық тазалығын анықтау және тұқымдардың белгілі бір сортқа жататындығын белгілеу жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылау; 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 18) сорттық сынақ - селекциялық жетістіктің патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілетін сараптамадан және сынақтан өткізу; 19) сорттық тазалық - негізгі сорт өсімдіктерінің немесе сабақтарының осы ауыл шаруашылық өсімдіктерінің немесе сабақтарының жалпы санына проценттік қатынасы; 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 20) суперэлиталық тұқымдар - бірегей тұқымдарға жататын, өсіріп-өндіру көшеттігінің өнімінен алынған, ұлттық стандарттар мен тұқым шаруашылығы саласындағы өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сай келетін және элиталық тұқымдарды өндіруге арналған тұқымдар; 21) тұқымдар - өсімдіктердің сортын молықтыру үшін пайдаланылатын генеративтік және вегетативтік органдары: тұқымның өзі, жемістер, күрделі жемістердің бөлігі, қосалқы жеміс, масақтар, көшеттер, жуашық, түйнек, қалемшелер, түзуші ұлпалар және басқалар; 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 22) тұқымдардың кондициялылығы - тұқымдардың тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігі; 23) тұқымдардың сорттық сапасы - тұқымдардың ауыл шаруашылық өсімдігінің белгілі бір сортына жататындығын сипаттайтын белгілер жиынтығы; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 24) тұқымдар тобы - тиiстi құжатпен (байқаудан өткiзу актiсiмен, тұқым аттестатымен, тұқым куәлiгімен, тұқымдардың кондициялығы туралы куәлiкпен, тұқымдарға талдау жасау нәтижесiмен, карантиндiк сертификатпен, фитосанитариялық сертификатпен) расталған, шығу тегi мен сапасы жағынан бiртектес тұқымдардың белгiлi бiр мөлшерi; 25) тұқымдық бақылау - тұқымның егу сапасын анықтау жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау; 26) тұқым куәлігі - тұқымдардың алғашқы және одан кейінгі көбейтілуінің сорттық және егу сапасын растайтын құжат; 27) тұқымның егу сапасы - тұқымдардың егуге (отырғызуға) жарамдылық дәрежесін сипаттайтын сапа көрсеткіштерінің жиынтығы; 28) тұқым өндірушілер - осы Заңға сәйкес тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар; 29) тұқым өсіру шаруашылығы - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдарды өндіру мен сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъект; 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен мазмұн 29-1) тармақшамен толықтырылды 29-1) тұқым өткізуші - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының партияларын өткізу және (немесе) тұқым несиесін беру жөніндегі қызметті жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға; 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 30) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 30) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 30) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертхана - тұқымдардың сорттық және егу сапасының тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiне зерттеулер жүргiзу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға; 31) тұқым сараптамасы - тұқымдардың сорттық және егу сапасының техникалық регламенттердің және тұқым шаруашылығы саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін анықтау жөніндегі іс-шаралар кешені; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 32) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 32) тұқым сарапшысы - ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісті жергiлiктi атқарушы органына тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргізу жөніндегі қызметтің басталғандығы туралы хабарлаған, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана маманы; 33) тұқым шаруашылығы - тұқымдарды өндіру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату және пайдалану жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтитын қызмет, сондай-ақ мемлекеттік бақылау, оның ішінде сорттық және тұқымдық бақылау; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 34) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 34) тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор - жергілікті атқарушы органның тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамы; 35) тұқым шаруашылығының схемасы - көшеттіктер мен тұқымдық егістіктердің өзара байланысты топтары, оларда белгілі бір реттілікпен, сұрыптау және өсіріп-өндіру жолымен сортты молықтыру процесі жүзеге асырылады; 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 36) тармақша жаңа редакцияда 36) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - тұқым шаруашылығы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 37) элиталық тұқымдар - ауыл шаруашылық өсімдіктерінің бірегей немесе суперэлиталық тұқымнан алынған және Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының талаптарына сай келетін тұқымдары; 38) элиталық тұқым өсіру шаруашылығы - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, элиталық тұқымдарды өндіру мен сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъект. 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 2-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы объектiлер мен субъектiлер 1. Тұқым шаруашылығы саласындағы объектiлерге: сорт (өскiн, топ, будан, жеке түр, аралас сорттар); тұқымдар; тұқымдық және тұқым өcipy егiстерi мен екпелерi жатады. 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Тұқым шаруашылығы саласындағы субъектiлерге: сорттың авторы; сорттың оригинаторы; тұқым өндiрушiлер; тұқымдарды сату құқығынсыз үй жанындағы, бау-бақ, саяжай және бақша учаскелерiнде пайдалану үшiн тұқым өндiрумен шұғылданатан жеке адамдарды қоспағанда, тұқымдарды тұтынушылар; тұқымдардың сорттық және егу сапасын анықтау бойынша қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар; тұқым өткізушілер; Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорт сынағын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия жатады.
3-бап. Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 2-тарау. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік реттеу мен басқару
4-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік реттеу Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік реттеу: 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді 1) мыналарды: тұқым шаруашылығы субъектілерін алғашқы аттестаттауды; аттестаттау туралы куәліктің қолданылу мерзімі өткеннен кейін тұқым шаруашылығы субъектілерін: бірегей тұқым өндірушілерді - бес жылда бір рет; элиталы тұқым өсіру шаруашылықтарын - үш жылда бір рет; тұқым өсіру шаруашылықтарын - үш жылда бір рет; тұқым өткізушілерді - екі жылда бір рет; тұқым шаруашылығы субъектілерін біліктілік талаптарына сәйкестігі нысанасына аттестаттаудан кейін жыл сайын зерттеп-тексеруді қамтитын тұқым шаруашылығы субъектілерін аттестаттау; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сұрыптық егiстерiн байқаудан өткiзу және тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын есепке алу; 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiн және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін жүргiзу; 3) тұқымның сорттық және егу сапасына мiндеттi сараптама жасау; 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылау жүргiзу; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) рұқсаттық бақылау; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұқым шаруашылығы және селекция саласында ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тектiк қорын сақтау, дамыту және пайдалану жөніндегі iргелi және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулер жүргiзу; 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) «Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын бiрегей және асыл тұқымдар сұрыптары өндірісін, өткізуді және сатып алуды субсидиялау; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 8) ауыл шаруашылық өсiмдiктерiн сорттық сынақтан өткізудi, тұқымдардың, соның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң егуiне арналған тұқымдардың сорттық және егiстiк сапасының сараптамасын мемлекеттік қамтамасыз ету; 9) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 10) тұқым шаруашылығы саласындағы инвестициялық, кредиттiк саясатты қалыптастыру; 11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру кезiнде тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң мүдделерiн құқықтық жағынан қорғау; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 12) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 12) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 13) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды 14) техникалық реттеу - саласындағы қауіпсіздікті (бұдан әрі - қауіпсіздік) қамтамасыз ету; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды 15) тұқым шаруашылығы саласында қауіпсіздікке қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелетін әрекеттердің алдын алу арқылы жүзеге асырылады.
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тұқым шаруашылығы саласындағы құзыретi Қазақстан Республикасының Үкіметі: 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1) тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi; 2) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органды белгiлейдi; 3) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6) тұқым шаруашылығы саласындағы, соның iшiнде тұқымдарды экспорттау және импорттау мәселелерi жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырады және үкiметаралық келісімдер жасайды; 7) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7-1) - 13) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 14) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
6-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның құзыретi 1. Тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган: 1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды 1-2) тұқым шаруашылығы саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады; 2) селекция, сортты сынақтан өткізу және тұқым шаруашылығы жөніндегі ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады; 3) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 5) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын ауыл шаруашылық өсiмдiктерi сорттарының тұқымдарын өндiру және сату көлемiне болжам жасайды; 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда 6) бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 7) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7-1) патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді; 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен мазмұн 7-2) тармақшамен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7-2) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-2) мыналарды: Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін; ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережені; ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне сорт сынағын жүргізудің әдістемесін; тұқым шаруашлығының аттестатталған субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды өткізуге жыл сайын квота белгілеудің тәртібін; сортты егiстердi байқаудан өткізу тәртібін бекітеді; 8) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8-1) сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтардан өткiзудi, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-2), 8-3), 8-4), 8-5) және 8-6) тармақшалармен толықтырылды 8-2) тұқым шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бағыттарын, тұқымдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тізбесін және оларға бөлінетін субсидиялардың нормативтерін айқындайды; |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар2-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы объектiлер мен субъектiлер3-бап. Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңдары 2-тарау. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік реттеу мен басқару4-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк реттеу5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы құзыретi6-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның құзыретi6-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті7-бап. Алынып тасталды8-бап. Тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттiк инспекторлар және олардың өкiлеттiктерi9-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау10-бап. Тұқым шаруашылығы субъектiлерiн аттестаттау 3-тарау. Тұқым шаруашылығын ұйымдастыру4-тарау. Тұқымдарды өндіру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату және пайдалану13-бап. Тұқымдарды өндiру мен пайдалануға қойылатын талаптар14-бап. Тұқым өндiрушiлердiң құқықтары мен мiндеттерi14-1-бап. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттық егiстерiн байқаудан өткiзу және тұқымдардың сорттық және егістік сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметке қойылатын талаптар15-бап. Алынып тасталды16-бап. Тұқым топтарын сату мен тасымалдау17-бап. Тұқымдардың сақтандыру және өтпелi қорлары18-бап. Тұқымдарды дайындау, өңдеу, сақтау және пайдалану19-бап. Тұқым топтарын Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету20-бап. Тұқым сапасына кепiлдiктер 5-тарау. Тұқымның сорттық және егу сапаларын анықтау тәртібі21-бап. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерi тұқымдарының сорттық сапасын анықтау22-бап. Тұқымдардың егу сапасын анықтау23-бап. Тұқымдарға құжаттама жасау23-1-бап. Тұқымдарды кәдеге жарату және жою кезiндегi қауiпсiздiктiң жалпы талаптары23-2-бап. Тұқымдардың қауiпсiздiгi мен сапасы туралы ақпаратқа қойылатын талаптар 5-1-тарау. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағы23-3-бап. Сұрыптардың патент қабілеттілігін және шаруашылыққа пайдалылығын сараптау және сынау23-4-бап. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағын қаржыландыру көздері 6-тарау. Тұқым шаруашылығы саласындағы дауларды шешу және жауапкершілік |