«Өсімдіктер карантині саласындағы тексеру парағын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1138 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 819 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ: 1. «Өсімдіктер карантині саласындағы тексеру парағын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1138 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 819 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12740 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Өсімдіктер карантині саласындағы тексеру парақтарын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мыналар: 1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес фитосанитарлық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімді және (немесе) фитосанитарлық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімнен алынған өнімді өндіруді, дайындауды, сақтауды, өңдеуді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) арналған өсімдіктер карантині саласындағы тексеру парағы; 2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес карантиндік объектілерді және (немесе) бөтен текті түрлерді және (немесе) карантиндік объектілермен және (немесе) бөтен текті түрлермен залалданған (ластанған) карантинге жатқызылған өнімді пайдалана отырып немесе оларға қатысты ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) арналған өсімдіктер карантині саласындағы тексеру парағы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|