Қазақстан Республикасы табиғат қорғау ұйымдары қызметкерлері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
Осы редакция 2015 жылғы 4 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы табиғат қорғау ұйымдары қызметкерлері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Е.Н.Нысанбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланғаннан бастап жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақтан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г. Әбдіқалықова 2011 жылғы 23 тамыз
Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 5 тамыздағы № 25-02-01/451 бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Табиғат қорғау ұйымдары қызметкерлері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары
1. Ұйым директоры (бас директоры)
Лауазымдық міндеттері. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымның өндірістік шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды. Қабылданатын шешімдердің зардаптары, ұйым мүлкінің аман сақталуы және тиімді пайдаланылуы, сондай-ақ оның қызметінің қаржы-шаруашылық нәтижелері үшін толық жауаптылықта болады. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасады, мәмілелер, операциялар жасайды, өкімдер, бұйрықтар шығарады және барлық қызметкерлер үшін міндетті нұсқаулар береді, жоғары тұрған ұйым тағайындайтын қызметкерлерден басқа қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, қызметкерлерге көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|