«Сырттай, кешкі нысандарда және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін және Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Сырттай, кешкі нысандарда және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін және Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6111 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының 2010 жылғы 12 шілдедегі № 11 актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Сырттай және кешкі оқыту нысандарында білім алуға жол берілмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесін бекіту туралы»; кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1. Сырттай және кешкі оқыту нысандарында білім алуға жол берілмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесі.»; 2) тармақша алынып тасталсын; көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакциядан жазылсын; осы бұйрыққа 2-қосымша алынып тасталсын. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменттері заңнамада белгіленген тәртіппен: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|