Қазақстан Республикасының (2017.27.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 11 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға түсініктемені қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының мәртебесi 2-бап. Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзi 3-бап. Әдiлет органдарының мiндеттерi 4-бап. Әдiлет органдары қызметiнiң принциптерi 2-тарау. ӘДIЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖYЙЕСI ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ 5-бап. Әдiлет органдары жүйесi 6-бап. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi 7-бап. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң өкiлеттiктерi 8-бап. Аумақтық әдiлет органдары 9-бап. Әдiлет жүйесiнiң ұйымдары 10-бап. Алып тасталды 11-бап. Алып тасталды 11-1-бап. Алып тасталды 12-1-бап. Алып тасталды 13-бап. Әдiлет органдарының актiлерi 14-бап. Әдiлет органдарының ұсынысы 3-тарау. ӘДIЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ НЕГIЗГI ФУНКЦИЯЛАРЫ, ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI 15-бап. Әдiлет органдарының заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды жетiлдiру саласындағы функциялары 17-бап. Әділет органдарының сот-сараптама қызметі саласындағы функциялары 18-бап. Әдiлет органдарының мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру саласындағы функциялары 20-бап. Алып тасталды 22-бап. Алып тасталды 23-бап. Әдiлет органдарының өзге де функциялары 24-бап. Әдiлет органдары мен олардың лауазымды адамдарының құқықтары 24-1-бап. Алып тасталды 4-тарау. ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ КАДРЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ 25-бап. Әдiлет органдарының кадрлары 26-бап. Алып тасталды 27-бап. Алып тасталды 28-бап. Алып тасталды 29-бап. Алып тасталды 30-бап. Әдiлет органдары қызметкерлерiн материалдық және әлеуметтiк жағынан қамсыздандыру 31-бап. Алып тасталды 5-тарау. ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨЗГЕ ДЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ 33-бап. Әдiлет органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету 34-бап. Қорытынды және өтпелi ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының мәртебесi Қазақстан Республикасының әдiлет органдары (бұдан әрi - әдiлет органдары), өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимiне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн атқарушы билiк органдары болып табылады.
2-бап. Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзi Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды.
3-бап. Әдiлет органдарының мiндеттерi Әдiлет органдарының мiндеттерi: 1) жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу, заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды талдау, жетiлдiру, жүйелеу, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жүргiзу арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдiгiн, Қазақстан Республикасының егемендiгiн, Қазақстан қоғамы мен мемлекетiнiң тұрақты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыруға қатысу; 2) Қазақстанның ұлттық мүдделерiн қорғау және Республиканың дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн нығайту мақсатында, соның iшiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау мен жасасу жолымен оның халықаралық аренадағы қызметiн құқықтық жағынан қамтамасыз ету; 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда 3) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, орталық мемлекеттiк органдардың және ведомстволардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, құқықтық көмектi және заң қызметтерiн көрсетудi ұйымдастыру, құқықтық насихат саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру; 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) 3-2) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлік кепілінің тізілімін жүргізу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру; 4) құқықтық көмектi және заң қызметiн көрсетудi ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету; 5) сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру және жүзеге асыру; 6) 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 6-1) 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 6-2) 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іске асыру; 8) 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 9) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша iс жүргiзуді жүзеге асыру; 9-1) 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 9-2) 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2010.28.12. № 368-IV ҚР Заңымен 9-3) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9-3) атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-4) тармақшамен толықтырылды 9-4) сот-сараптама қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру; 10) өздерiне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру болып табылады.
4-бап. Әдiлет органдары қызметiнiң принциптерi 1. Әдiлет органдарының қызметi: 1) заңдылық; 2) қорғалу құқығын қамтамасыз ету, баршаның заң алдындағы теңдiгi, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау; 3) жариялылық, құқық қорғау органдарымен және басқа да мемлекеттік органдармен, өзге де ұйымдармен және лауазымды адамдармен өзара iс-қимыл жасау; 4) саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiне тәуелсiз болу; 5) 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 6) әдiлет органдары жүйесiнiң бiртұтастығы принциптерiне негiзделедi.
2-тарау. Әділет органдарының жүйесі және оның қызметін ұйымдастыру
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-бап. Әділет органдары жүйесі 1. Әділет органдарының бірыңғай жүйесін мыналар құрайды: 1) мыналарды: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігін; аумақтық әдiлет органдарын, бөлімдері мен мекемелерiн қамтитын әділет органдары; 2) мекемелер және өзге де ведомстволық бағынысты ұйымдар.
6-бап. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі 1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қазақстан Республикасы Yкіметінiң құрылымына кiретiн, Республика Премьер-Министрінің ұсынуымен Республика Президентi құратын, қайта ұйымдастыратын және тарататын орталық атқарушы орган болып табылады. 2009.29.04 № 154-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Әдiлет министрлігін Республиканың Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады. 3. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды 4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғау, халық тарапынан сенім мәселелеріне басымдық беріп, өкілді органдар мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік және қызметті бағалау жүйесін жетілдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын белгілейді.
7-бап. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрінің өкiлеттiктерi 1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi (бұдан әрi - Министр) әдiлет органдарының жұмысына басшылық етудi жүзеге асырады және әдiлет органдарына жүктелген мiндеттердiң орындалуына дербес жауапты болады. 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволардың, Әділет министрлiгіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, сондай-ақ олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуге жататын, бiрақ одан өтпеген нормативтiк құқықтық актiлердi жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгiнедi; 3) әдiлет органдары орындауға мiндеттi актiлер, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға мiндеттi актiлер шығарады; 4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрлiктен өкiлдiк етедi; 5) 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 6) өзiне осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерімен жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
8-бап. Аумақтық әдiлет органдары 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, аудандар мен қалалардың әдiлет бөлiмшелерi аумақтық әдiлет органдары болып табылады. 2. Аумақтық әдiлет органдарында әдiлет органдарына жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз ететiн тиiстi құрылымдық бөлiмшелер құрылады. ҚР Әділет министрлігінің аумақтық әділет органдары туралы ережені қараңыз
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9-бап. Әділет жүйесінің ұйымдары Әдiлет министрлiгiне жүктелген мiндеттердi шешу және функцияларды қамтамасыз ету үшiн Министрлiк жанында мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйымдар жұмыс iстейдi.
10-бап. 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
11-бап. 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
11-1-бап. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12-бап. Әдiлет органдарының мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және лауазымды адамдармен өзара iс-қимылы 2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Әдiлет органдары өздерiне жүктелген мiндеттердi шешу кезiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдармен, оның iшiнде құқық қорғау және бақылау органдарымен, сондай-ақ лауазымды адамдармен өзара iс-қимыл жасап отырады. Әділет органдары қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер ұсынады. 2. Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар әдiлет органдарына функционалдық мiндеттердi орындауына және адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және мемлекеттiң мүдделерiн қорғауына жәрдемдесуге мiндеттi. 3. Әдiлет органдарының шет мемлекеттердiң мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен, оның iшiнде әдiлет органдарымен ынтымақтастығы халықаралық шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады. 4. 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
12-1-бап. 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
13-бап. Әдiлет органдарының актілері 1. Осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң актілерінде көзделген жағдайларда Әдiлет министрi өз құзыретi шегiнде әдiлет органдары қызметiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік тiркелуге тиiстi бұйрықтар шығарады, сондай-ақ ұсыныстар енгiзедi. 2. Әдiлет министрлігі ведомстволарының және аумақтық органдарының басшылары өз құзыретi шегiнде бұйрықтар шығарады және ұсыныстар енгiзедi. 3. Әдiлет органдарының өз құзыретi шегiнде қабылдаған және заңдарда көзделген жағдайларда мемлекеттік тiркеуден өткен актілерін Қазақстан Республикасы ұйымдары, лауазымды адамдары мен азаматтары, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар орындауға мiндеттi. 14-бап. Әдiлет органдарының ұсынысы 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Әдiлет органдары: 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуге тиiстi, бiрақ одан өтпеген нормативтiк құқықтық актілеріне қатысты; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдардың, әкімдердің олар қолданатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес жариялануы мiндеттi, бiрақ белгiленген тәртiппен жарияланбаған, нормативтiк құқықтық актілерiне қатысты; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуге тиiстi, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн нормативтiк құқықтық актілеріне қатысты; 4) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген өзге де жағдайларда заңның бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізеді. 2. Ұсыныс тиiстi мемлекеттік органға (лауазымды адамға) не жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) енгiзiледi. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Ұсынуды мемлекеттiк орган не жоғары тұрған органның лауазымды адамы заңдылықтың бұзылуын, сондай-ақ оларға әсер ететін себептер мен шарттарды жою жөніндегі шараларды міндетті түрде қолдана отырып, әділет органдары белгілеген мерзімдерде, бірақ күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей қарауға тиiс. Әдiлет органдары ұсынуды қарау кезінде қатысуға құқылы. Мемлекеттік орган немесе лауазымды адам ұсыну қаралатын күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей ұсынудың қаралатын уақыты мен орны туралы әділет органын хабардар етуге тиіс. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Ұсынуды қарау нәтижелері мен қолданылған шаралар туралы ұсыну қаралған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әділет органдарына хабарланады.
3-тарау. Әділет органдарының негізгі функциялары, құқықтары мен міндеттері
15-бап. Әдiлет органдарының заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды жетiлдiру саласындағы функциялары Әдiлет органдары заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды жетiлдiру саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) заң жобасы жұмысы, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу; 2) нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жасау; 3) заң жобалары, сараптама, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және консультацияларды жүзеге асыру үшiн, осы мақсаттарға бюджеттік және өзге де қаражаттарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, оның iшiнде шет ел мамандары мен сарапшыларын тарту; 2016.06.04. № 481-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Үкіметтің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсіндірме беру; 2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) құқықтық ақпараттандыруды қамтамасыз ету, нормативтiк құқықтық актiлердiң эталондық бақылау банкiн жүргiзуді, Қазақстанда құқықтық ақпараттың бiрыңғай компьютерлiк жүйесiн жүргiзуді қамтамасыз ету; 6) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың заң саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестiру. 16-бап. Әдiлет органдарының халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету шетелдiк құқықтық көмектi үйлестiру саласындағы функциялары Әдiлет органдары халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдiк құқықтық көмектi үйлестiру саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шет мемлекеттермен құқықтық көмек және құқықтық ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарды дайындау, жасасуды және орындауды ұйымдастыру; 2) Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен жасалатын заем шарттарына заң сараптамасын жасау; 3) халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердiң сот тапсырмалары мен өтiнiштерiн орындау; 4) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердiң заңдарын үйлестiру, бiр iзге түсiру, сондай-ақ Қазақстан таныған халықаралық нормаларды Қазақстан Республикасының заңдарына имплементациялау мәселелерi бойынша талдау жүргiзу; 5) санаткерлiк меншiк құқықтарын өзара қорғау туралы халықаралық шарттарды дайындау мен жасасуға, осындай шарттарға қол қоюға белгiленген тәртiппен қатысу; 6) халықаралық шарттардың жобаларына заң сараптамасын жасау.
2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 17-бапқа өзгерістерді қараңыз - 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңы 17-бап. Әділет органдарының сот-сараптама қызметі саласындағы функциялары Әділет органдары сот-сараптама қызметі саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) сот сарапшылары кадрларын iрiктеу және орналастыру; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру және сот сарапшыларына Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензиялар беру; 3) мемлекеттік сот-сараптама ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету; 4) сот сараптамасы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру.
18-бап. Әдiлет органдарының мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыру саласындағы функциялары Әдiлет органдары мемлекеттік тiркеу саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады: 2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда 1) орталық мемлекеттiк органдардың, ведомстволардың, мәслихаттардың, әкiмдіктер мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді қамтамасыз ету; 2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен 2) тармақша толықтырылды; 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) 2) тармақша жаңа редакцияда 2) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу, филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу, сондай-ақ Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргiзу; 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда 3) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тiркеу; 4) мемлекеттік органдардың тiркелген нормативтiк құқықтық актілерінің тiзбесiн жалпы жұрттың назарына жеткiзу үшiн жариялау; 2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 5) тармақша өзгертілді; 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, құқықтық кадастрды жүргiзу.
19-бап. Әдiлет органдарының құқықтық көмек және заң қызметiн көрсетудi ұйымдастыру, құқықтық насихат салаларындағы функциялары 2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен 1) тармақша толықтырылды 1. Әдiлет органдары құқықтық көмектi ұйымдастыру және заң қызметiн көрсету саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады: 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) мемлекеттiк нотариат кадрларын iрiктеу, аттестаттау және орналастыру, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен адвокаттар мен нотариустарға лицензиялар беру, оларды тоқтата тұру және тоқтату (олардан айыруды қоспағанда); 2) мемлекеттік нотариат кеңселерiнiң қызметiне басшылық жасау, жеке нотариаттың дамуына жәрдемдесу, жасалған нотариаттық әрекеттердiң заңдылығы мен мемлекеттік және жеке нотариустардың iс жүргiзу ережелерiн сақтауын бақылау; 2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда 3) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау; 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) нормативтік-әдіснамалық қамтамасыз ету, азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылау және тиісті дерекқордың жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 5) орталық атқарушы органдардың заң қызметiнiң жұмысын үйлестiру және оған әдiстемелiк басшылық жасау, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi аппараттарының заң қызметтерiмен өзара iс-қимыл жасау; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6) адвокаттардың, нотариаттардың жеке және заңды тұлғаларға көрсететiн заң қызметтерiнiң сапасын бақылау; 7) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 8) әдiлет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою. 2. Әдiлет органдары құқықтық насихат саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) құқықтық насихатты ұйымдастыруды ведомствоаралық үйлестiру, заңдарға түсiндiрме беруге қатысу; 2) эталондық заң актілерін және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, ақпараттық және анықтамалық-әдiстемелiк материалдарды шарт негiзiнде, оның iшiнде құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесiн пайдалана отырып беру; 3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20-бап. 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 21-бап. Әдiлет органдарының зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру саласындағы функциялары Әдiлет органдары зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады: |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының мәртебесi2-бап. Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзi3-бап. Әдiлет органдарының мiндеттерi4-бап. Әдiлет органдары қызметiнiң принциптерi 2-тарау. ӘДIЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖYЙЕСI ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ5-бап. Әдiлет органдары жүйесi6-бап. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi7-бап. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң өкiлеттiктерi8-бап. Аумақтық әдiлет органдары9-бап. Әдiлет жүйесiнiң ұйымдары10-бап.11-бап.11-1-бап.12-бап. Әдiлет органдарының мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және лауазымды адамдармен өзара iс-қимылы12-1-бап.13-бап. Әдiлет органдарының актiлерi14-бап. Әдiлет органдарының ұсынысы 3-тарау. ӘДIЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ НЕГIЗГI ФУНКЦИЯЛАРЫ, ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI15-бап. Әдiлет органдарының заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды жетiлдiру саласындағы функциялары16-бап. Әдiлет органдарының халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдiк құқықтық көмектi үйлестiру саласындағы функциялары17-бап. Әділет органдарының сот-сараптама қызметі саласындағы функциялары18-бап. Әдiлет органдарының мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру саласындағы функциялары19-бап. Әдiлет органдарының құқықтық көмек және заң қызметiн көрсетудi ұйымдастыру, құқықтық насихат салаларындағы функциялары20-бап.21-бап. Әдiлет органдарының зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру саласындағы функциялары21-1-бап. Әділет органдарының атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы функциялары22-бап.22-1-бап. Авторлық құқық пен сабақтас құқықтар, өнеркәсіптік меншік, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхемалар топологиясы объектілерінің пайдаланылуына мемлекеттік бақылау23-бап. Әдiлет органдарының өзге де функциялары24-бап. Әдiлет органдары мен олардың лауазымды адамдарының құқықтары24-1-бап.24-2-бап. Нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау саласындағы мемлекеттік бақылау 4-тарау. ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ КАДРЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ25-бап. Әдiлет органдарының кадрлары26-бап.27-бап.28-бап.29-бап.30-бап. Әдiлет органдары қызметкерлерiн материалдық және әлеуметтiк жағынан қамсыздандыру31-бап. 5-тарау. ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨЗГЕ ДЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ |