«Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын беру Қағидасын бекіту туралы (2022.12.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 14 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Шымкент қаласы мәслихатының 2022.12.08. № 20/173-VII шешiмiмен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ: 1. Қоса беріліп отырған «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын беру Қағидасы бекітілсін. 2. «Шымкент қаласы мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы - Шымкент аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді; 3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді; 4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін. 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы №47/378-6с шешіміне қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|