ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы
Осы редакция 2023 жылғы 20 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТЫ 1-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының мәртебесі 2-бап. Қазақстан Республикасының Конституциялық Сот туралы заңнамасы 3-бап. Конституциялық Соттың құрамы және оны құру тәртібі 2-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ СУДЬЯЛАРЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ 4-бап. Конституциялық Соттың Төрағасы, Төрағасының орынбасары және судьялары 5-бап. Конституциялық Сот судьясына кандидаттарға қойылатын талаптар 6-бап. Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімі 7-бап. Конституциялық Сот судьяларының анты 8-бап. Конституциялық Сот судьясының өкілеттігін тоқтата тұру 9-бап. Конституциялық Сот судьясының өкілеттігін тоқтату 3-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ СУДЬЯЛАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ КЕПІЛДІКТЕРІ 10-бап. Конституциялық Сот судьяларының тәуелсіздігі 11-бап. Конституциялық Сот судьяларына ешкімнің тиіспеушілігі 12-бап. Конституциялық Сот судьялары құқықтарының теңдігі 13-бап. Конституциялық Сот судьяларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету 14-бап. Конституциялық Соттың судьяларын материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету 16-бап. Конституциялық Соттың судьяларын зейнетақымен қамсыздандыру 4-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТТЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 17-бап. Конституциялық Соттың қызметін қаржыландыру 18-бап. Конституциялық Соттың Аппараты 19-бап. Конституциялық Соттың талдаушысы 20-бап. Конституциялық Сот жанындағы ғылыми-консультативтік кеңес 21-бап. Конституциялық Соттың халықаралық ынтымақтастығы 5-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТТЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҰЙЫМДЫҚ НЫСАНДАРЫ 23-бап. Конституциялық Соттың құзыреті 24-бап. Конституциялық Соттың өзге де өкiлеттiктерi 25-бап. Конституциялық Соттың отырыстары 26-бап. Конституциялық Соттың кеңестері 27-бап. Конституциялық Сот Төрағасының өкiлеттiктері 28-бап. Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары 2-бөлім. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ IС ЖҮРГIЗУ 6-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ 29-бап. Конституциялық іс жүргізу және оны жүзеге асыру форматы 30-бап. Конституциялық іс жүргізудің электрондық форматының ерекшеліктері 31-бап. Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігі 32-бап. Жолданымның мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу 35-бап. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың тең құқықтылығы 36-бап. Конституциялық iс жүргiзу тiлi 37-бап. Конституциялық іс жүргізуді тоқтата тұру 38-бап. Конституциялық іс жүргізуді тоқтату 39-бап. Конституциялық Сот отырысының хаттамасын жасау 8-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТҚА ЖҮГІНУ 43-бап. Конституциялық Сотқа келіп түсетін жолданымдардың түрлері 44-бап. Конституциялық Сотқа келіп түсетін жолданымдардың нысаны мен мазмұны 46-бап. Конституциялық Сотқа жүгінудің салдары 9-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТТЫҢ ЖОЛДАНЫМДАРДЫ ҚАРАУЫ 47-бап. Конституциялық Сот Аппаратының жолданымдарды алдын ала қарауы 48-бап. Жолданымды конституциялық iс жүргiзуге қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту 50-бап. Тексеру өлшемшарттары мен шектері 52-бап. Конституциялық Сот отырысының үзілісі 53-бап. Конституциялық Соттың жолданымдарды қарау мерзімдері 54-бап. Конституциялық Соттың отырысын өткізу тәртібін қамтамасыз ету шаралары 10-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТТЫҢ ШЕШІМДЕРІ 55-бап. Конституциялық Сот шешімдерінің түрлері 56-бап. Конституциялық Сот шешiмдерiнiң нысандары 57-бап. Конституциялық Соттың нормативтік қаулысы мен қорытындысының мазмұны 58-бап. Конституциялық Соттың шешімдер қабылдауы 59-бап. Конституциялық Сот судьясының ерекше пiкiрi 60-бап. Конституциялық Соттың қосымша шешімі 61-бап. Конституциялық Соттың шешiмiн қайта қарау 62-бап. Конституциялық Сот шешiмiнiң заңдық күшi 63-бап. Конституциялық Соттың қорытынды шешiмдерiн қабылдау салдары 64-бап. Конституциялық Соттың шешімдерін қолданысқа енгізу және орындау 65-бап. Конституциялық Соттың шешімдерін жолдау және жариялау 67-бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1-бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТЫ
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты (бұдан әрі – Конституциялық Сот) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етеді. Конституциялық Сот өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде дербес және азаматтардан, ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз, Қазақстан Республикасының Конституциясын және осы Конституциялық заңды басшылыққа алады, соттардың немесе басқа да мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін барлық жағдайларда өзге мәселелерді анықтаудан, зерттеуден және тексеруден қалыс қалады.
2-бап. Қазақстан Республикасының Конституциялық Сот туралы заңнамасы 1. Конституциялық Соттың мәртебесі, құзыреті, ұйымдастырылуы және қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда айқындалады және реттеледі. 2. Өз қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібі мәселелері бойынша Конституциялық Сот осы Конституциялық заң негізінде Конституциялық Соттың регламентін және өзге де актілерді қабылдайды.
3-бап. Конституциялық Соттың құрамы және оны құру тәртібі 1. Конституциялық Сот Төрағаны және оның орынбасарын қоса алғанда, он бір судьядан тұрады. 2. Конституциялық Соттың Төрағасын лауазымға Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келісімімен тағайындайды. 3. Қазақстан Республикасының Президенті Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуымен Конституциялық Сот судьяларының арасынан тағайындайды. 4. Конституциялық Соттың төрт судьясын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды, Конституциялық Соттың үш-үш судьясын Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары төрағаларының ұсынуымен Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісі тағайындайды.
2-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ СУДЬЯЛАРЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ
4-бап. Конституциялық Соттың Төрағасы, Төрағасының орынбасары және судьялары 1. Конституциялық Соттың Төрағасы, Төрағасының орынбасары және судьялары жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар болып табылады, олардың мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда айқындалады. 2. Конституциялық Сот судьясының лауазымы депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, өзге де ақы төленетін лауазымдармен айналысумен, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кірумен сыйыспайды. Конституциялық Соттың Төрағасы мен судьялары саяси партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс. Егер Конституциялық Соттың судьясы лауазымға тағайындалған кезінде саяси партияда, кәсіптік одақтарда болса, тағайындалған күнінен бастап он күн ішінде олардағы өз мүшелігін тоқтатуға тиіс.
5-бап. Конституциялық Сот судьясына кандидаттарға қойылатын талаптар Конституциялық Соттың құрамына қырық жасқа толған, жоғары заң білімі, құқық саласында жоғары біліктілігі, мінсіз беделі және заң кәсібі бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматы тағайындала алады.
6-бап. Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімі 1. Конституциялық Сот Төрағасы мен судьяларының өкілеттігі сегіз жылға созылады. Бір адам Конституциялық Соттың судьясы болып бір реттен артық тағайындала алмайды. 2. Өз өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда Конституциялық Соттың Төрағасы мен судьялары Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен ауыстырылады.
7-бап. Конституциялық Сот судьяларының анты Конституциялық Соттың судьялары өздері тағайындалғаннан кейін мынадай мазмұнда ант береді: «Өзiме жүктелген Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы мәртебелі мiндетiн адал әрі әділ атқаруға, турашыл болуға және өз қызметімде Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана бағынуға, оның үстемдігін қамтамасыз етуге салтанатты түрде ант етемiн.». Конституциялық Сот судьяларының анты Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен қабылданады.
8-бап. Конституциялық Сот судьясының өкілеттігін тоқтата тұру 1. Конституциялық Сот судьясының өкілеттігі, егер: 1) судья денсаулық жағдайы бойынша қатарынан күнтізбелік алпыс күннен астам уақыт өз міндеттерін орындауға уақытша жарамсыз болған; 2) заңда белгіленген тәртіппен оны ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім берілген; 3) хабарсыз кетудің басталғаны туралы расталған деректер болған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін. 2. Қазақстан Республикасының Президенті – Конституциялық Сот Төрағасының, ал Конституциялық Соттың Төрағасы Конституциялық Соттың өзге де судьяларының өкілеттігін тоқтата тұруды немесе қайта бастауды жүзеге асырады. Өкілеттіктерді тоқтата тұру туралы шешім өкілеттіктерді тоқтата тұруға негіздер анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қабылданады. 3. Конституциялық Сот судьясының өкілеттігі оны тоқтата тұруға негіз болған мән-жайлар тоқтатылғанға дейін тоқтатыла тұрады. 4. Өкілеттігі тоқтатыла тұрған Конституциялық Сот судьясы Конституциялық Соттың отырыстарына қатысуға және Конституциялық Сот судьясының өзге де міндеттерін орындауға құқылы емес. Кворумды айқындау кезінде өкілеттіктері тоқтатыла тұрған судьялар есепке алынбайды. 5. Конституциялық Сот судьясының өкілеттігін тоқтата тұру оны осы Конституциялық заңда белгіленген кепілдіктерінен айырмайды.
9-бап. Конституциялық Сот судьясының өкілеттігін тоқтату 1. Конституциялық Сот судьясының өкілеттігі: 1) лауазымнан өз еркі бойынша босату туралы өтініштің берілуі; 2) Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату немесе тұруға ықтиярхат не шет мемлекеттің аумағында тұрақты тұру құқығын растайтын өзге де құжатты алу; 3) оған қатысты соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі; 4) соттың заңды күшіне енген шешімімен оның әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылуы; 5) соттың заңды күшіне енген шешімімен оның хабарсыз кетті деп танылуы; 6) оның қайтыс болуы немесе соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жариялануы; 7) Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгіленген талаптар бұзыла отырып тағайындалуы; 8) Конституциялық Сот судьяларына белгіленген Қазақстан Республикасының Конституциясы мен осы Конституциялық заң талаптарының бұзылуы; 9) Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің аяқталуы; 10) судьяның Конституциялық Соттың отырыстарына дәлелді себептерсіз қатарынан кемінде үш рет қатыспауы салдарынан тоқтатылады. 2. Конституциялық Сот Төрағасының өкілеттігін тоқтатуды Қазақстан Республикасының Президенті осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырады. 3. Конституциялық Сот судьяларының өкілеттігін тоқтатуды тиісінше Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі осы баптың 1-тармағының 1), 2), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырады. 4. Конституциялық Сот судьясының өкілеттігін тоқтатуды Конституциялық Сот осы баптың 1-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырады. 5. Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын лауазымынан босату оның Конституциялық Соттың судьясы ретіндегі өкілеттігін тоқтатуға алып келмейді.
3-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ СУДЬЯЛАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ КЕПІЛДІКТЕРІ
10-бап. Конституциялық Сот судьяларының тәуелсіздігі 1. Конституциялық Соттың судьялары өз міндеттерін орындау кезінде тәуелсіз болады және Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға ғана бағынады. Олардың қызметіне қандай да болсын араласуға, сондай-ақ оларға қандай да бір нысанда қысым жасауға немесе өзге де ықпал етуге жол берілмейді және бұл заң бойынша жауаптылыққа алып келеді. 2. Конституциялық Соттың судьялары конституциялық іс жүргізу мәселелері бойынша есеп бермейді. Өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мәселелері бойынша олардан есеп талап етуге ешкім құқылы емес. 3. Конституциялық Соттың судьяларына, Конституциялық Соттың отырысынан басқа кезде, Конституциялық Соттың қарауының нысанасы болып табылатын мәселелер бойынша пікір білдіруге немесе материалдар мазмұнын жария етуге тыйым салынады. 4. Конституциялық Соттың судьялары өкілеттік мерзімі ішінде ауыстырылмайды. Конституциялық Сот судьяларының өкілеттігі осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда ғана тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін. 5. Конституциялық Соттың судьясы, егер Конституциялық Соттың қарауындағы мәселеге Конституциялық Сот судьясы жеке, тікелей немесе жанама түрде мүдделі деп есептеуге негіз беретін мән-жайлар болған жағдайда бас тартатынын мәлімдеуге міндетті, мұны Конституциялық Сот қанағаттандыруы тиіс. 6. Конституциялық Соттың судьясы, сотта немесе өзге де мемлекеттік органдарда заңды өкілдіктен басқа, қорғауды немесе өкілдікті жүзеге асыруға құқылы емес.
11-бап. Конституциялық Сот судьяларына ешкімнің тиіспеушілігі 1. Қылмыс орнында ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған жағдайлардан басқа, Конституциялық Соттың судьяларын өз өкілеттігі мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің келісімінсіз ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды. 2. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталу себебі сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелгеннен кейін Конституциялық Соттың судьясына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісуімен ғана жалғастырылуы мүмкін, ол Қазақстан Республикасының Парламентіне Конституциялық Сот судьясын қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім беру туралы ұсыну енгізеді. Конституциялық Соттың судьясы қылмыс орнында ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға дайындалу немесе оқталу фактісі анықталған не ол ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайларда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімін алғанға дейін, бірақ оған бір тәулік ішінде міндетті түрде хабарлай отырып жалғасуы мүмкін. Істі тергеп-тексеру барысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады. 3. Конституциялық Соттың судьялары тәртiптiк жауапкершілікке тартылмайды. 4. Конституциялық Сот судьясын, егер осы Конституциялық заңға сәйкес оның өкілеттігі тоқтатыла тұрмаса, Конституциялық Соттың отырысына қатысудан шеттетуге ешкім құқылы емес. 5. Конституциялық Соттың судьясын, оның ішінде оның өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін, істі Конституциялық Сотта қарау кезінде өзі білдірген позициясы үшін жауаптылыққа тартуға болмайды.
12-бап. Конституциялық Сот судьялары құқықтарының теңдігі Конституциялық Соттың судьялары Конституциялық Соттың іс жүргізуіндегі істерді қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау кезінде, осы Конституциялық заңның 58-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, тең құқықтарға ие болады.
13-бап. Конституциялық Сот судьяларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету Конституциялық Соттың судьялары, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ олардың мүлкі мемлекеттің қорғауында болады. Егер судьядан тиісті жолданым келіп түссе, ішкі істер органдары Конституциялық Соттың судьясы мен оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін, оларға тиесілі мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге уақтылы және түпкілікті шаралар қолдануға міндетті. Конституциялық Соттың судьясына және оның мүлкіне кәсіптік қызметіне байланысты келтірілген зиян республикалық бюджет қаражаты есебінен өтеледі.
14-бап. Конституциялық Соттың судьяларын материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету 1. Конституциялық Соттың Төрағасына, Төрағасының орынбасарына және судьяларына жалақы Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабының 9-1) тармақшасында көзделген тәртіппен белгіленеді. 2. Конституциялық Соттың Төрағасын тұрғын үймен, көлікпен және өзге де қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету және санаториялық-курорттық емдеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары деңгейінде, Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын – Премьер-Министрінің Орынбасары деңгейінде, Конституциялық Соттың судьяларын – Министрі деңгейінде жүзеге асырылады. 3. Конституциялық Соттың судьяларына сауықтыруға екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күн болатын жыл сайынғы демалыс беріледі. 4. Егер Конституциялық Соттың судьясы мен оның отбасы мүшелері басқа жерде тұрып жатқан болса, Конституциялық Соттың судьясы мен оның отбасы мүшелеріне көшу бойынша шығыстары өтеледі. 5. Конституциялық Соттың орналасқан жерінде тұрғын үйі болмаған жағдайда Конституциялық Соттың судьяларын тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Конституциялық Соттың судьясы мен оның отбасы мүшелеріне кезектен тыс тәртіппен, бірақ лауазымға тағайындалған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей, Конституциялық Соттың судьясын тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж азаматтар санатына жатқызуды болғызбайтын нормалар бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан жайлы тұрғын үй-жай беріледі. Конституциялық Соттың судьясы тұрақты тұрып жатқан қызметтік тұрғын үй-жай тұрғын үйі болмаған жағдайда оның қалауы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекешелендірілуі мүмкін. 6. Конституциялық Соттың судьялары республикалық бюджет қаражаты есебінен мантиямен және төсбелгімен қамтамасыз етіледі. 7. Конституциялық Соттың судьялары және олармен бірге тұратын отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі. 8. Қазақстан Республикасы Конституциясында белгіленген лауазымға болу мерзімінің аяқталуына байланысты өкілеттігі тоқтатылған, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған Конституциялық Соттың судьясына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз жиырма еселенген мөлшерінде салық салынбайтын ай сайынғы өмір бойғы қамтылым төленеді. Бұл ретте Конституциялық Соттың судьясы өз қалауы бойынша мынадай төлемдердің бірін алуға құқылы: 1) ай сайынғы өмір бойғы қамтылым; 2) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері. Конституциялық Соттың судьясына ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 9. Конституциялық Соттың судьясына ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды төлеу, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметпен айналысумен байланысты лауазымды қоспағанда, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражатынан ақы төленетін лауазыммен айналысқан жағдайда тоқтатыла тұрады. Республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражатынан ақы төленетін лауазыммен айналысу тоқтатылған жағдайда, Конституциялық Соттың судьясына ай сайынғы өмір бойғы қамтылым төлеу қайта басталады.
15-бап. Конституциялық Соттың судьясы мертіккен немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайдағы өтемақылар 1. Конституциялық Соттың судьясы өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде мертіккен (жарақат алған, жараланған, контузия алған, кәсіптік ауруға шалдыққан) кезде оған осы бапта белгіленген мөлшерде біржолғы өтемақы төлеу жүргізіледі. 2. Конституциялық Соттың судьясы қызметтік міндеттерін атқару кезінде не Конституциялық Сот судьясының өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузиясы, кәсіптік ауруы) салдарынан бір жыл ішінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда мұрагерлеріне Конституциялық Сот судьясының отыз айлық лауазымдық айлықақысы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді. Бұл ретте Конституциялық Соттың судьясы, егер оның өкілеттігі өзіне қатысты соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты тоқтатылған болса, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өтемақы алу құқығынан айырылады. 3. Конституциялық Соттың судьясына қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузиясы, кәсіптік ауруы) салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде оған біржолғы өтемақы: 1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға – жиырма айлық лауазымдық айлықақы; 2) екінші топтағы мүгедектігі бар адамға – он бес айлық лауазымдық айлықақы; 3) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға – бес айлық лауазымдық айлықақы мөлшерлерінде төленеді. 4. Конституциялық Соттың судьясы қызметтік міндеттерін атқару кезінде мүгедектікті белгілеуге алып келмеген ауыр мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіптік ауруға шалдыққан) жағдайда – оған бір жарым айлық лауазымдық айлықақысы, жеңіл мертіккен жағдайда жарты айлық лауазымдық айлықақысы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді. 5. Конституциялық Соттың қайтыс болған немесе қаза тапқан судьяларын және Конституциялық Соттың судьясы лауазымынан зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін олар қайтыс болған кездегі Конституциялық Сот судьясының үш айлық жалақысы мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы төленеді. 6. Біржолғы өтемақы төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 7. Егер Конституциялық Сот судьясының мертiгуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы, кәсiптік ауруға шалдығуы) немесе қаза табуы (қайтыс болуы) қызметтiк мiндеттерiн атқарумен байланысты емес мән-жайлардан болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiржолғы өтемақы төленбейдi.
16-бап. Конституциялық Соттың судьяларын зейнетақымен қамсыздандыру Конституциялық Соттың судьяларын зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
4-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТТЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
17-бап. Конституциялық Соттың қызметін қаржыландыру Конституциялық Соттың және оның Аппаратының қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді толық және тәуелсіз жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
18-бап. Конституциялық Соттың Аппараты Конституциялық Соттың Аппараты Конституциялық Соттың қызметін құқықтық, ақпараттық-анықтамалық, ғылыми-консультативтік және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады. |
Содержание 1-бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТЫ1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының мәртебесі2-бап. Қазақстан Республикасының Конституциялық Сот туралы заңнамасы3-бап. Конституциялық Соттың құрамы және оны құру тәртібі 2-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ СУДЬЯЛАРЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ4-бап. Конституциялық Соттың Төрағасы, Төрағасының орынбасары және судьялары5-бап. Конституциялық Сот судьясына кандидаттарға қойылатын талаптар6-бап. Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімі7-бап. Конституциялық Сот судьяларының анты8-бап. Конституциялық Сот судьясының өкілеттігін тоқтата тұру9-бап. Конституциялық Сот судьясының өкілеттігін тоқтату 3-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ СУДЬЯЛАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ КЕПІЛДІКТЕРІ10-бап. Конституциялық Сот судьяларының тәуелсіздігі11-бап. Конституциялық Сот судьяларына ешкімнің тиіспеушілігі12-бап. Конституциялық Сот судьялары құқықтарының теңдігі13-бап. Конституциялық Сот судьяларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету14-бап. Конституциялық Соттың судьяларын материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету15-бап. Конституциялық Соттың судьясы мертіккен немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайдағы өтемақылар16-бап. Конституциялық Соттың судьяларын зейнетақымен қамсыздандыру 4-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТТЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ17-бап. Конституциялық Соттың қызметін қаржыландыру18-бап. Конституциялық Соттың Аппараты19-бап. Конституциялық Соттың талдаушысы20-бап. Конституциялық Сот жанындағы ғылыми-консультативтік кеңес21-бап. Конституциялық Соттың халықаралық ынтымақтастығы22-бап. Конституциялық Сот судьяларының куәліктері, төсбелгісі мен мантиясы, сондай-ақ Конституциялық Соттың ресми басылымы және өзге де ресурстары 5-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТТЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҰЙЫМДЫҚ НЫСАНДАРЫ23-бап. Конституциялық Соттың құзыреті24-бап. Конституциялық Соттың өзге де өкiлеттiктерi25-бап. Конституциялық Соттың отырыстары26-бап. Конституциялық Соттың кеңестері27-бап. Конституциялық Сот Төрағасының өкiлеттiктері28-бап. Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары 2-бөлім. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ IС ЖҮРГIЗУ6-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ29-бап. Конституциялық іс жүргізу және оны жүзеге асыру форматы30-бап. Конституциялық іс жүргізудің электрондық форматының ерекшеліктері31-бап. Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігі32-бап. Жолданымның мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу33-бап. Алқалылық34-бап. Жариялылық35-бап. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың тең құқықтылығы36-бап. Конституциялық iс жүргiзу тiлi37-бап. Конституциялық іс жүргізуді тоқтата тұру38-бап. Конституциялық іс жүргізуді тоқтату39-бап. Конституциялық Сот отырысының хаттамасын жасау40-бап. Мемлекеттік баж 7-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУГЕ ҚАТЫСАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР, ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАР ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ТҰЛҒАЛАР41-бап. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылар, жолданымды қарау кезінде тартылатын өзге де тұлғалар мен органдар42-бап. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың және жолданымды қарау кезінде тартылатын өзге де тұлғалар мен органдардың құқықтары мен міндеттері 8-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТҚА ЖҮГІНУ43-бап. Конституциялық Сотқа келіп түсетін жолданымдардың түрлері44-бап. Конституциялық Сотқа келіп түсетін жолданымдардың нысаны мен мазмұны45-бап. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына азаматтардың жолданымдары46-бап. Конституциялық Сотқа жүгінудің салдары 9-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТТЫҢ ЖОЛДАНЫМДАРДЫ ҚАРАУЫ47-бап. Конституциялық Сот Аппаратының жолданымдарды алдын ала қарауы48-бап. Жолданымды конституциялық iс жүргiзуге қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту49-бап. Конституциялық іс жүргізуге қабылданған жолданымды Конституциялық Соттың отырысында қарау үшін материалдарды дайындау тәртібі50-бап. Тексеру өлшемшарттары мен шектері51-бап. Конституциялық іс жүргiзуге қабылданған жолданымды қарау бойынша Конституциялық Сот отырысын жүргізу тәртiбi52-бап. Конституциялық Сот отырысының үзілісі53-бап. Конституциялық Соттың жолданымдарды қарау мерзімдері54-бап. Конституциялық Соттың отырысын өткізу тәртібін қамтамасыз ету шаралары 10-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТТЫҢ ШЕШІМДЕРІ55-бап. Конституциялық Сот шешімдерінің түрлері56-бап. Конституциялық Сот шешiмдерiнiң нысандары57-бап. Конституциялық Соттың нормативтік қаулысы мен қорытындысының мазмұны58-бап. Конституциялық Соттың шешімдер қабылдауы59-бап. Конституциялық Сот судьясының ерекше пiкiрi60-бап. Конституциялық Соттың қосымша шешімі61-бап. Конституциялық Соттың шешiмiн қайта қарау62-бап. Конституциялық Сот шешiмiнiң заңдық күшi63-бап. Конституциялық Соттың қорытынды шешiмдерiн қабылдау салдары64-бап. Конституциялық Соттың шешімдерін қолданысқа енгізу және орындау65-бап. Конституциялық Соттың шешімдерін жолдау және жариялау 3-бөлім. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР |