Қазақстан Республикасының (2018.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 4 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 4-бап. Осы Заңның мақсаттары мен міндеттері 5-бап. Ең төмен әлеуметтік стандарттар жүйесіндегі қағидаттар 6-бап. Ең өмен әлеуметтік стандарттармен қамтамасыз етілу құқықтары 7-бап. Ең төмен әлеуметтік стандарттарды қаржылық қамтамасыз ету 2-тарау. ЕҢ ТӨМЕН ӘЛЕУМЕТТІК СТАНДАРТТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 9-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті 3-тарау. ЕҢ ТӨМЕН ӘЛЕУМЕТТІК СТАНДАРТТАР ЖҮЙЕСІ 10-бап. Ең төмен әлеуметтік стандарттарды белгілеу және қолдану салалары 11-бап. Еңбек саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар 12-бап. «Айлық жалақының ең төмен мөлшері» ең төмен әлеуметтік стандарты 14-бап. «Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы» ең төмен әлеуметтік стандарты 15-бап. «Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы» ең төмен әлеуметтік стандарты 16-бап. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар 17-бап. «Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы» ең төмен әлеуметтік стандарты 18-бап. Ең төмен күнкөрiс деңгейi 19-бап. Ең төмен күнкөріс деңгейін қолдану 20-бап. «Ең төмен зейнетақы мөлшері» ең төмен әлеуметтік стандарты 22-бап. Білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар 23-бап. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ең төмен әлеуметтік стандарты 24-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің ең төмен әлеуметтік стандарты 25-бап. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің ең төмен әлеуметтік стандарты 26-бап. Конкурстық негізде алынатын жоғары білімнің ең төмен әлеуметтік стандарты 27-бап. Отбасы және балалар саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт 29-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар 30-бап. «Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi» ең төмен әлеуметтік стандарты 32-бап. Мәдениет саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар 35-бап. Денешынықтыру және спорт саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт 37-бап. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар 39-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң ең төмен әлеуметтік стандарттар жүйесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) әлеуметтік құқықтар - Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген, мемлекет кепілдік берген әлеуметтік саладағы құқықтар; 2) әлеуметтік кепілдіктер - мемлекеттің Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, әлеуметтік құқықтарды іске асыруға бағытталған міндеттемелері; 3) ең төмен әлеуметтік стандарт - әлеуметтік кепілдіктер мен әлеуметтік құқықтардың іске асырылуын қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген көрсетілетін қызметтердің, ақшалай төлемдердің және өзге де талаптардың ең аз көлемі; 4) ең төмен әлеуметтік стандарттар жүйесі - еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, отбасы және балалар, денсаулық сақтау, мәдениет, дене шынықтыру және спорт, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар жиынтығы; 5) нормалар - ең төмен әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз етуге қойылатын сандық және сапалық талаптар; 6) нормативтер - ең төмен әлеуметтік стандарттарды қаржыландыру көлемдерін айқындау үшін пайдаланылатын шамалардың белгіленген өлшемдері; 7) уәкілетті органдар - өз құзыреті шегінде ең төмен әлеуметтік стандарттар жүйесінде басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары.
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 1. Осы Заңның күші осы Заңға сәйкес ең төмен әлеуметтік стандарттар жүйесінде туындайтын қатынастарға қолданылады. 2. Осы Заңның күші техникалық реттеу объектілеріне қойылатын қағидаларды, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгілейтін стандарттарға, сондай-ақ, қаржылық есептілік стандарттарына қолданылмайды.
3-бап. Қазақстан Республикасының ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарт қағидалары қолданылады. 3. Осы Заңның ережелері ең төмен әлеуметтік стандарттар жүйесіндегі құқықтық нормаларды белгілейтін нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу мен қабылдау үшін базалық ережелер болып табылады.
4-бап. Осы Заңның мақсаттары мен міндеттері 1) әлеуметтік құқықтар мен әлеуметтік кепілдіктерді іске асыру; 2) ең төмен әлеуметтік стандарттар жүйесіндегі мемлекеттік саясатты іске асыру; 3) ең төмен әлеуметтік стандарттар жүйесіндегі қағидаттарды айқындау осы Заңның мақсаттары болып табылады. 1) әлеуметтік мұқтаждықтарға арналған бюджет қаражатын және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерді қалыптастыру мен пайдалануды нормативтік қамтамасыз ету; 2) әлеуметтік саланы дамытуды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету; 3) халықтың өмір сүру деңгейін бағалау осы Заңның міндеттері болып табылады.
5-бап. Ең төмен әлеуметтік стандарттар жүйесіндегі қағидаттар Ең төмен әлеуметтік стандарттар мынадай қағидаттарға негізделеді: 3) әлеуметтік құқықтардың сақталуы; 4) мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктері, материалдық-техникалық базасы, ғылыми-техникалық әлеуеті негізге алына отырып, ең төмен әлеуметтік стандарттардың негізділігі; 5) жариялылық және халықпен кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында халықтың ең төмен әлеуметтік стандарттар туралы хабарландырылуы; 6) ең төмен әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ету бойынша шығыстарды бюджеттік қаржыландырудың транспаренттілігі; 7) ең төмен әлеуметтік стандарттардың нысаналы және атаулы қаржыландырылуы; 8) Қазақстан Республикасының ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау;
6-бап. Ең төмен әлеуметтік стандарттармен қамтамасыз етілу құқықтары 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ең төмен әлеуметтік стандарттарға қол жеткізуге; 2) ең төмен әлеуметтік стандарттар туралы толық және анық ақпарат алуға; 3) ең төмен әлеуметтік стандарттардың сақталуын талап етуге; 4) ең төмен әлеуметтік стандарттардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті жеке және заңды тұлғалардың шешімдеріне шағым жасауға; 5) ең төмен әлеуметтік стандарттар салаларындағы бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқығы бар. 2. Ең төмен әлеуметтік стандарттармен Қазақстан Республикасының азаматтары қамтамасыз етіледі. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, азаматтар үшін белгіленген ең төмен әлеуметтік стандарттармен қамтамасыз етіледі.
7-бап. Ең төмен әлеуметтік стандарттарды қаржылық қамтамасыз ету 1. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де мемлекеттік ұйымдар Қазақстан Республикасының Конституциясымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерімен өздеріне бекітілген өкілеттіктер шегінде бюджет қаражаты есебінен ең төмен әлеуметтік стандарттардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. 2. Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен ең төмен әлеуметтік стандарттардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
2-тарау. ЕҢ ТӨМЕН ӘЛЕУМЕТТІК СТАНДАРТТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) ең төмен әлеуметтік стандарттар жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оның жүзеге асырылуын ұйымдастырады; 2) ең төмен әлеуметтік стандарттар жүйесінің жұмыс істеуін және оны дамытуды қамтамасыз етеді; 3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейтін ең төмен әлеуметтік стандарттың үлгілік нысанын бекітеді; 4) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
9-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті Уәкілетті органдар өз құзыреті шегінде: 1) ең төмен әлеуметтік стандарттар жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді; 2) Қазақстан Республикасының ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 3) ең төмен әлеуметтік стандарттарды әзірлейді және бекітеді; 4) нормативтік-құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді; 5) Қазақстан Республикасының ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы заңнамасына және ең төмен әлеуметтік стандарттардың көлемі мен сапасының сақталуына мониторинг жүргізеді; 6) халықты ең төмен әлеуметтік стандарттар туралы ақпараттандыруды қамтамасыз етеді; 7) ең төмен әлеуметтік стандарттар жүйесі туралы ақпараттың Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарты жылда бір реттен сиретпей жариялануын және өздерінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етеді; 8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. ЕҢ ТӨМЕН ӘЛЕУМЕТТІК СТАНДАРТТАР ЖҮЙЕСІ
10-бап. Ең төмен әлеуметтік стандарттарды белгілеу және қолдану салалары Ең төмен әлеуметтік стандарттар мынадай салаларда белгіленеді және қолданылады: 8) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету.
11-бап. Еңбек саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар 1. Еңбек саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар: 2) жұмыс уақыты мен демалыс уақытының ұзақтығына әлеуметтік кепілдіктер мен әлеуметтік құқықтардың іске асырылуын қамтамасыз етеді. 2. Еңбек саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар: 1) «Айлық жалақының ең төмен мөлшері» ең төмен әлеуметтік стандарты; 2) 2015.23.11. № 415-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 3) «Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы» ең төмен әлеуметтік стандарты; 4) «Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы» ең төмен әлеуметтік стандарты болып табылады. 3. Еңбек саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді және қолданылады.
12-бап. «Айлық жалақының ең төмен мөлшері» ең төмен әлеуметтік стандарты 1. «Айлық жалақының ең төмен мөлшері» ең төмен әлеуметтік стандарты: 1) бір айдағы жұмыс уақытының нормасын; 2) бірінші разрядты қызметкердің қалыпты жағдайлардағы еңбек нормаларын (еңбек міндеттерін) қамтиды. 2. Жыл сайын Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленетін айлық жалақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен болмауға тиіс.
13-бап. 2015.23.11. № 415-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
14-бап. «Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы» ең төмен әлеуметтік стандарты «Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы» ең төмен әлеуметтік стандарты бір күндегі (ауысымдағы) сағатпен есептелген жұмыс уақыты ұзақтығының нормаларын қамтиды.
15-бап. «Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы» ең төмен әлеуметтік стандарты «Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы» ең төмен әлеуметтік стандарты жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы ұзақтығының нормаларын қамтиды.
16-бап. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар әлеуметтік қамсыздандыруға әлеуметтік кепілдіктер мен әлеуметтік құқықтардың іске асырылуын қамтамасыз етеді. 2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар: 1) «Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы» ең төмен әлеуметтік стандарты; 2) «Ең төмен зейнетақының мөлшері» ең төмен әлеуметтік стандарты; 3) «Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі» ең төмен әлеуметтік стандарты болып табылады. 3. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді және қолданылады.
17-бап. «Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы» ең төмен әлеуметтік стандарты 1. «Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы» ең төмен әлеуметтік стандарты жыл сайын инфляцияның болжамдық деңгейі ескеріле отырып айқындалатын және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының нормативін қамтиды және: 1) айлық жалақының ең төмен мөлшерін; 2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін; 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды белгілеу үшін негіз болып табылады. 2. Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу тәртібін халықты әлеуметтік қорғау саласындағы және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органдар бірлесіп бекітеді.
18-бап. Ең төмен күнкөрiс деңгейi 1. Ең төмен күнкөрiс деңгейi - шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді және: 2) азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады. 2. Азық-түлік себетін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы уәкілетті орган бекітетін тамақ өнімдерін тұтынудың ғылыми негізделген физиологиялық нормалары бойынша есептеп шығарады. 3. Азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге шығыстардың тіркелген үлесін халықты әлеуметтік қорғау саласындағы және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органдар ең төмен тұтыну себетінің құнына арақатынасы арқылы бірлесіп белгілейді. 4. Ең төмен күнкөріс деңгейі тоқсан сайын республика бойынша және өңірлер бойынша орта есеппен: 2) халықтың жыныстық-жас топтары бойынша есептеп шығарылады. 5. Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен халықтың негізгі жыныстық-жас топтары бойынша халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейі, азық-түлік себетінің құны және кірістері осы өлшемшарттардан төмен халықтың үлесі туралы мәліметтерді мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға тиіс.
19-бап. Ең төмен күнкөріс деңгейін қолдану Ең төмен күнкөріс деңгейі жыл сайынғы: 1) халықтың өмір сүру деңгейін бағалау; 2) әлеуметтік саясаттың бағыттарын айқындау және халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі шараларды жүзеге асыру үшін қолданылады.
20-бап. «Ең төмен зейнетақы мөлшері» ең төмен әлеуметтік стандарты «Ең төмен зейнетақы мөлшері» ең төмен әлеуметтік стандарты тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде қолданылатын ең төмен зейнетақы мөлшерінің нормативін қамтиды.
2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 21-бап. «Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі» ең төмен әлеуметтік стандарты «Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі» ең төмен әлеуметтік стандарты психоневрологиялық патологиялары бар және тірек-қозғалу аппараты бұзылған мүгедек балалар, психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектер, бірінші және екінші топтардағы мүгедектер, жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдар, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар (отбасылар) үшін ұсынылатын арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер нормативтерін қамтиды.
22-бап. Білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар 1. Білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар білім беруге әлеуметтік кепілдіктер мен әлеуметтік құқықтардың іске асырылуын қамтамасыз етеді. 2. Білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар: 1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ең төмен әлеуметтік стандарты; 2) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің ең төмен әлеуметтік стандарты; 3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің ең төмен әлеуметтік стандарты; 4) конкурстық негізде алынатын жоғары білімнің ең төмен әлеуметтік стандарты болып табылады. 3. Білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді және қолданылады.
23-бап. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ең төмен әлеуметтік стандарты Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ең төмен әлеуметтік стандарты: 2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін; 2) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын; 3) мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетумен қолдау нормаларын; 4) санитариялық-эпидемиологиялық талаптар нормаларын қамтиды.
24-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің ең төмен әлеуметтік стандарты Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің ең төмен әлеуметтік стандарты: 1) мемлекеттік білім беру ұйымдары желісінің нормативін; 2) орта, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын; 3) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларды, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларды орта білім беру ұйымдарында тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету нормаларын; 4) ауылдық мектептердің оқушыларын тасу нормаларын; 5) орта білім беру ұйымдарын оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету нормаларын; 6) мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетумен қолдау нормаларын; 7) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға сауықтыру демалысын беру нормаларын; 8) денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы жалпы орта білім беру ұйымына бара алмайтын білім алушыларды үйде немесе стационарлық көмек, қалпына келтіру емін және медициналық оңалтуды көрсететін ұйымдарда жеке-дара тегін оқыту нормаларын; 2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды 8-1) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқытудың жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін; 9) санитариялық-эпидемиологиялық талаптар нормаларын қамтиды.
25-бап. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің ең төмен әлеуметтік стандарты Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің ең төмен әлеуметтік стандарты: 1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау кезіндегі мемлекеттік білім беру тапсырысының нормаларын; 2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын; 3) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алып жатқан жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың киім-кешегі нормаларын; 4) мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушыларға арналған стипендияның нормативін (мөлшерін); 5) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың жеңілдікпен жол жүру нормативтерін; 6) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету нормаларын; 7) санитариялық-эпидемиологиялық талаптар нормаларын; 8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққанда орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларды, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларды жатақханада орындармен қамтамасыз ету жөніндегі нормаларды; 25-баптың 9) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 9) егер білім алушы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді алғаш рет алса, түлектерге жұмыс біліктілігінің белгіленген және жоғары деңгейін бере отырып, осындай білімге кепілдік беру нормативтерін қамтиды. |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы3-бап. Қазақстан Республикасының ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы заңнамасы4-бап. Осы Заңның мақсаттары мен міндеттері5-бап. Ең төмен әлеуметтік стандарттар жүйесіндегі қағидаттар6-бап. Ең өмен әлеуметтік стандарттармен қамтамасыз етілу құқықтары7-бап. Ең төмен әлеуметтік стандарттарды қаржылық қамтамасыз ету 2-тарау. ЕҢ ТӨМЕН ӘЛЕУМЕТТІК СТАНДАРТТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ3-тарау. ЕҢ ТӨМЕН ӘЛЕУМЕТТІК СТАНДАРТТАР ЖҮЙЕСІ10-бап. Ең төмен әлеуметтік стандарттарды белгілеу және қолдану салалары11-бап. Еңбек саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар12-бап. «Айлық жалақының ең төмен мөлшері» ең төмен әлеуметтік стандарты13-бап. Алып тасталды14-бап. «Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы» ең төмен әлеуметтік стандарты15-бап. «Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы» ең төмен әлеуметтік стандарты16-бап. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар17-бап. «Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы» ең төмен әлеуметтік стандарты18-бап. Ең төмен күнкөрiс деңгейi19-бап. Ең төмен күнкөріс деңгейін қолдану20-бап. «Ең төмен зейнетақы мөлшері» ең төмен әлеуметтік стандарты21-бап. «Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі» ең төмен әлеуметтік стандарты22-бап. Білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар23-бап. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ең төмен әлеуметтік стандарты24-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің ең төмен әлеуметтік стандарты25-бап. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің ең төмен әлеуметтік стандарты26-бап. Конкурстық негізде алынатын жоғары білімнің ең төмен әлеуметтік стандарты27-бап. Отбасы және балалар саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт28-бап. «Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа) берілген балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты29-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар30-бап. «Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi» ең төмен әлеуметтік стандарты31-бап. «Денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерінің халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты32-бап. Мәдениет саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар33-бап. «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары көрсететін қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты34-бап. «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектердің қол жеткізуін қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты35-бап. Денешынықтыру және спорт саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт36-бап. «Мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты37-бап. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар 4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР |