|
Ақтау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 28 шілдедегі № 1293 «Ақтау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Ақтау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы» Ақтау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 28 шілдедегі № 1293 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4264 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Ақтау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы»; көрсетілген қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.»; көрсетілген қаулының 2, 3, 4, 5, 6 тармақтары алып тасталсын; көрсетілген қаулыға 1 қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген қаулының 2, 3, 4, 5, 6 қосымшалары алып тасталсын. 2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының полиция департаменті Ақтау қаласының полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесі
«КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтау қалалық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі
2024 жылғы 6 наурыздағы № 11-07-626 қаулысына қосымша
Ақтау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 28 шілдедегі №1293 қаулысына 1 қосымша
Ақтау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|