Қызылорда облысы әкімдігінің 2019.04.03. № 1345 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 23 шілдедегі № 1179 қаулысымен бекітілген Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 163 Қаулысымен күші жойылды
«Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2019.04.03. берілген өзгерістермен)
1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші). Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 137 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13610 нөмірімен тіркелген) бекітілген «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу немесе стандарттың 10-тармағымен көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|