Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 332 «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 44 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 332 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2884 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілісін: 1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Бекітілсін: 1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 3) осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес «Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 4) осы қаулының 4 қосымшасына сәйкес «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 5) осы қаулының 5 қосымшасына сәйкес «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|