Осы редакция 2015 жылғы26 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығына 1-қосымша
«Республикалық және өңірлік спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты «Республикалық және өңірлік спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. Жалпы ережелер
1. «Республикалық және өңірлік спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішті қабылдау және нәтижесін беру: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО); «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) құжаттар топтамасын ХҚО тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде: аккредиттеу туралы куәлікті беру - күнтізбелік 15 (он бес) күн; аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу - күнтізбелік 5 (бес) күн; аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру - күнтізбелік 5 (бес) күн. ХҚО жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің аяқталуына бір күн қалғанда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ХҚО жолдайды; 2) құжаттар топтамасын ХҚО тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты - 15 (он бес) минут; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|