| ||||||||||||||||||||
|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ астананы және республикалық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды дамыту, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 133-ө Өкімін қараныз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне: 1) 14-1-бапта: 1-тармақтың 1) тармақшасындағы «, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді» және «өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өнеркәсіптік-инновациялық жобалары, инвестициялық басым жобаларды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес іске асыру,» деген сөздер алып тасталсын; 2-тармақтың 10-1) тармақшасындағы «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздер «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 16-баптың 2-тармағының 4-1) тармақшасындағы «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздер «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 32-баптың 3-тармағының екінші бөлігі «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» деген сөздерден кейін «, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» деген сөздермен толықтырылсын; 4) 36-баптың 1-тармағының алтыншы абзацы «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» деген сөздерден кейін «, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» деген сөздермен толықтырылсын; 5) 66-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Осы баптың талаптарына сәйкес жер учаскесіне құқықты қайта ресімдеу орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.»; 6) 84-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» деген сөздерден кейін «, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» деген сөздермен толықтырылсын; 7) 94-баптың 5-тармағында: бірінші бөліктегі «жер учаскесінің бұрынғы меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға төленеді» деген сөздер «, сондай-ақ жер учаскесінің бұрынғы меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға осы жер учаскесін сатып алуға жұмсаған шығыстарының төлемі бюджет кірісіне есепке жатқызылады» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Бір жыл ішінде кемінде үш сауда-саттық (аукцион) өткізілгеннен кейін мұндай жер учаскесін өткізу немесе оған жер пайдалану құқығын іске асыру мүмкін болмаған кезде: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құрамындағы жер учаскесі соттың шешімі бойынша арнаулы жер қорына алынады; елді мекендер жерлерінің құрамындағы жер учаскесі соттың шешімі бойынша елді мекенді аумақтық дамытуға және жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған қала құрылысы қызметіне тартылмаған жерлердің құрамына алынады.»; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Бұрын арнаулы жер қорына алынған, елді мекендер жерлерінің құрамындағы жер учаскелері елді мекенді аумақтық дамытуға және жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған қала құрылысы қызметіне тартылмаған жерлердің құрамына алынуға жатады.»; 8) 96-1-баптың 4-тармағы «заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының аумағында» деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармағының 9) тармақшасы 2025 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді 9) 126-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Рекреациялық мақсаттағы жерлер құрамына демалыс үйлері, пансионаттар, кемпингтер, дене шынықтыру және спорт объектілері, туристік базалар, стационарлық және шатырлы туристік-сауықтыру лагерьлері, балықшы және аңшы үйлері, орман парктері, туристік соқпақтар, трассалар, балалар және спорт лагерьлері, осы сияқты басқа да объектілер орналасқан жер учаскелері кіруі мүмкін. Рекреациялық мақсаттағы жерлерге астананың қала маңындағы жасыл аймағының және санитариялық-қорғау жасыл аймағының жерлері де жатады.». 2-тармақ 2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 2. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне: 102-2-баптың 1-тармағындағы «уәкілетті органмен келісілген» деген сөздер «сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесімен және уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісілген» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне: 1) 47-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Бала медициналық ұйымнан тыс жерде туған, оның ішінде анасының жеке басын куәландыратын құжаттар және Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорда мәліметтер болмаған жағдайда, оның туу фактісін растайтын туу туралы медициналық куәліктің негізінде тіркеуші орган анықтайды. Туу туралы медициналық куәлік болмаған жағдайда, баланың туу фактісі сот тәртібімен белгіленеді.»; 2) 187-баптың 1-тармағында: екінші бөлікте: «, оның ішінде үйде» деген сөздер алып тасталсын; «босанғаннан кейін» деген сөздерден кейін «бес тәулік ішінде» деген сөздермен толықтырылсын; үшінші бөліктегі «болмаған жағдайда» деген сөздер «болмаған кезде» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы бесінші және жетінші бөліктермен толықтырылсын: «Медициналық ұйымнан тыс жерде туған және анасының жеке басын куәландыратын құжаттар, оның ішінде Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорда құжаттары жоқ баланың тууын тіркеу үшін анасы босанғаннан кейін бес тәулік ішінде жүгінген босандыру ұйымы беретін, анасы туралы мәліметтер оның сөзінен жазылғаны туралы белгісі бар туу туралы медициналық куәлік негіз болып табылады.»; «Ата-аналары анықталмаған жағдайда баланың тууын тіркеу осы Кодекстің 196-бабына сәйкес жүргізіледі.». 4. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне: 1) 83-баптың 6-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын; 2) 83-1-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «7. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган талаптар тізілімін қалыптастыру және жүргізу кезінде нормативтік құқықтық актінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті талаптар қамтылатын өзге де құжаттың, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актісі жобасының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаты жобасының немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті талаптар қамтылатын өзге де құжат жобасының осы Кодекстің 9, 11, 80, 81-1 және 82-баптарының талаптарына сәйкестігін растауды қамтамасыз етеді.»; 3) 85-баптың 2-тармағында: 1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1-1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік және іске асыру функцияларын жүзеге асырады;»; мынадай мазмұндағы 1-2) және 13-5) тармақшалармен толықтырылсын: «1-2) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;»; «13-5) осы Кодекстің мақсаттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;»; 4) 99-бапта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік және іске асыру функцияларын жүзеге асырады;»; мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;»; 2-5) тармақша алып тасталсын; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) осы Кодекстің мақсаттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;»; 5) 124-6-бапта: 9) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 10-3) тармақшамен толықтырылсын: «10-3) осы Кодекстің мақсаттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;»; 6) 192-бапта: 1-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «төмен болған;» деген сөздер «төмен болған жағдайларда кәсіпкерлік қызметке қатысады.» деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар, оның ішінде қызметін осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асыратын тұлғалар кәсіпкерлік қызметті осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген қызмет түрлерінің тізбесі негізінде жүзеге асырады.». 5. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне: 112-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацындағы «Үкіметі» деген сөз «Әділет министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын. 6-тармақ 2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 6. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне: 1) 16-баптың 12) тармақшасындағы «облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде жасалған», «және өңірлік» деген сөздер алып тасталсын; 2) 18-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асырады;»; 3) 151-баптың 2 және 3-тармақтары алып тасталсын. 7. «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне: 1) 2-баптың 2-тармағының 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «14) кеден органдарында ұтқыр топтарды құру, олардың қызметі, жарақтандырылуы, оның ішінде көлік құралдарымен жарақтандырылуы тәртібін әзірлейді және бекітеді;»; 2) 12-баптың 2-тармағының 17) тармақшасы «өзге де орындарда» деген сөздерден кейін «, оның ішінде кедендік транзиттің кедендік рәсімі аяқталған кезде тауарларды жеткізу орындарында» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 18-бапта: тақырып «тоқтату және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Кеден органдары көлік құралдарын тоқтатуға, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кеден органының рұқсатынсыз шығып кеткен су және әуе кемелерін мәжбүрлеп қайтаруға құқылы. Кеден органдары автомобиль көлік құралдарын кедендік бақылау аймақтарында және кедендік бақылау аймақтарынан тыс жерлерде тоқтатуға құқылы. Автомобиль көлік құралдарын кедендік бақылау аймағынан тыс жерде тоқтатқан жағдайда, кедендік бақылау жүргізу уақыты осындай тоқтату кезінен бастап екі сағаттан аспауға тиіс. Кедендік бақылау аймақтарынан тыс жерлерде автомобиль көлік құралдарын, оның ішінде тауарларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асырмайтын автомобиль көлік құралдарын тоқтату тәртібі осы бапта және осы Кодекстің 18-1-бабында айқындалады.»; 4) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын: «18-1-бап. Автомобиль көлік құралдарын кедендік бақылау аймағынан тыс жерде тоқтату 1. Автомобиль көлік құралын, оның ішінде тауарларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асырмайтын автомобиль көлік құралын тоқтатуды кеден органдарының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасының сақталуын тексеру мақсатында жүзеге асырады. Кеден органының лауазымды адамдары автомобиль көлік құралын тоқтатқан кезде көлік құралын басқаратын адамға автомобиль көлік құралын тоқтату туралы талапты табыс етеді. Көлік құралын тоқтату туралы талаптың нысанын уәкілетті орган белгілейді. Автомобиль көлік құралын тоқтатуға мыналар негіз болып табылады: 1) тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері; 2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасын, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасын бұзу фактілері және (немесе) белгілері туралы куәландыратын ақпарат; 3) Қазақстан Республикасының кеден және өзге де мемлекеттік органдарының ақпараттық ресурстарында қамтылған мәліметтерді талдау нәтижесінде алынған, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасын, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасын бұзу фактілері және (немесе) белгілері туралы куәландыратын деректер; 4) Қазақстан Республикасының, Еуразиялық экономикалық одақтың немесе шет мемлекеттердің мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен ақпарат алмасу нәтижесінде алынған мәліметтерді тексеру қажеттігі; 5) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарынан, Еуразиялық экономикалық одақтан немесе Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде халықаралық шарттар және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары жасалған шет мемлекеттерден түскен тапсырма және (немесе) өтініш (сұрау салу); 6) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасын, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасын бұзу фактілері және (немесе) белгілері туралы ақпарат қамтылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің кеден органының тапсырмасы. Автомобиль көлік құралын тоқтатқан кезде кеден органының лауазымды адамы: 1) өзін таныстыруға және автомобиль көлік құралын басқаратын адамның талабы бойынша танысу үшін қызметтік куәлігін немесе сәйкестендіру картасын көрсетуге; 2) көлік құралын тоқтату негіздерін түсіндіруге; 3) автомобиль көлік құралын тоқтату туралы талапты табыс етуге; 4) автомобиль көлік құралын басқаратын адамның кедендік бақылау жүргізу үшін ондағы тауарлар мен оларға арналған құжаттарды ұсынуын сұрауға міндетті. 2. Автомобиль көлік құралын басқаратын адам автомобиль көлік құралын тоқтатуға, кедендік бақылау жүргізу үшін оған және ондағы тауарларға қолжетімділік беруге, кеден органының лауазымды адамына оларға арналған құжаттарды көрсетуге міндетті. 3. Автомобиль көлік құралын тоқтатқан кезде кеден органының лауазымды адамы кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді жүзеге асырады, кедендік бақылау нысандарын және (немесе) осы бапта, осы Кодекстің 46, 47 және 48-тарауларында көзделген тәртіппен кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды қолданады. Кедендік бақылау аяқталғанға дейін автомобиль көлік құралын басқаратын адам тоқтаған жерінен кетпеуге, сондай-ақ автомобиль көлік құралы мен ондағы тауарлардың автомобиль көлік құралы тоқтаған жерде болуын қамтамасыз етуге міндетті. Автомобиль көлік құралын басқаратын адамға осы тармақта көзделген автомобиль көлік құралын тоқтату туралы актіні табыс ету кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру нысанында кедендік бақылау жүргізілгенін куәландырады. Автомобиль көлік құралын тоқтату туралы актіні толтыру тәртібін және оның нысанын уәкілетті орган бекітеді. 4. Кедендік бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасын, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасын бұзу белгілері анықталған және (немесе) расталған жағдайда, кеден органының лауазымды адамы сақтау орнында кедендік жете тексеруді және (немесе) кедендік қарап-тексеруді жүргізу туралы шешім қабылдайды. Осы бапты қолдану мақсатында сақтау орны деп осы Кодекстің 404-бабында көзделген автомобиль көлік құралы тоқтаған жерге жақын орналасқан кедендік бақылаудың тұрақты немесе уақытша аймақтары түсініледі. Автомобиль көлігін басқаратын адам кеден органының лауазымды адамының талабы бойынша автомобиль көлік құралын және ондағы тауарларды сақтау орнына жеткізуге міндетті. Осы тармақта көзделген автомобиль көлік құралын жеткізу туралы талаптың нысанын уәкілетті орган бекітеді. Бұл ретте мұндай талап, сондай-ақ осы Кодекстің 412 және 413-баптарында көзделген кедендік жете тексеруді және (немесе) кедендік қарап-тексеруді жүргізу орны мен уақытын белгілеу туралы хабарламаның көшірмесі автомобиль көлік құралын басқаратын адамға табыс етіледі. 5. Автомобиль көлік құралын және ондағы тауарларды сақтау орнына жеткізуді уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен кеден органдарының лауазымды адамдарының сүйемелдеуімен автомобиль көлік құралын басқаратын адам жүзеге асырады. 6. Автомобиль көлік құралын басқаратын адам осы баптың 4-тармағында көзделген талапты орындаудан бас тартқан не ол мұндай талапты орындамаған кезде автомобиль көлік құралы мен ондағы тауарлар осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес ұсталуға жатады. Бұл ретте ұсталған автомобиль көлік құралдарын және ондағы тауарларды сақтау орнына тасу (тасымалдау) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. 7. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасын, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасын бұзушылықтар анықталмаған кезде автомобиль көлік құралын тоқтату туралы актіге тиісті жазба енгізіледі. 8. Автомобиль көлік құралдарын тоқтатқан кезде кеден органдары лауазымды адамдарының іс-қимыл жасау тәртібін кеден саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайды.»; 5) 402-баптың 9-тармағы «өткізу орындарында» деген сөздерден кейін «, оның ішінде кедендік транзиттің кедендік рәсімі аяқталған кезде тауарларды жеткізу орындарында» деген сөздермен толықтырылсын; 46) 411-бапта: 1-тармақта: «тауарлар шығарылғанға дейін басталған және тауарлар шығарылғаннан кейін аяқталатын, сондай-ақ» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Бұл ретте кеден органы құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салуда (талапта) белгілеген мұндай құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну мерзімі сұрау салу (талап) жіберілген адамның уәжді өтініші негізінде, оның ішінде жоғалған құжаттарды қалпына келтіру үшін ұзартылуы мүмкін. Құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну ұзартылатын мерзім сұрау салу (талап) жіберілген адамның өтініші негізге алына отырып айқындалады, бірақ құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынудың кеден органы белгілеген мерзімі өткен күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.»; 2-тармақта: бірінші бөлік «шығарылғаннан кейін» деген сөздерден кейін «не өзге де жағдайларда» деген сөздермен толықтырылсын; екінші бөліктегі «Осы тармақта» деген сөздер «Осы бапта» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын: «3. Кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін не өзге де жағдайларда басталған тексеруді жүргізу мерзімі отыз жұмыс күнінен аспайды. Құжаттарды, мәліметтерді және (немесе) жауапты, кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін не өзге де жағдайларда басталған тексеруді жүргізу нәтижелері туралы хабарлама бойынша алдын ала шешімді кеден органының бөлімшелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да кеден органдарына, жоғары тұрған және басқа да мемлекеттік органдарына және (немесе) ұйымдарына, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, өзге де ұйымдарға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдарына сұрау салуларды (талаптарды), кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімді ұсыну жөніндегі сұрау салу (талап) жіберілген күн мен құжаттарды және (немесе) мәліметтерді және (немесе) сұрау салуларға жауаптарды, кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін не өзге де жағдайларда басталған тексеруді жүргізу нәтижелері туралы хабарлама бойынша алдын ала шешімге жазбаша қарсылықты алған күн арасындағы уақыт кезеңі көрсетілген мерзімге қосылмайды. 4. Адам осы Кодекстің 21-бабына сәйкес осы бапта айқындалған тексеруді жүргізу нәтижелері туралы хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде осындай хабарламаға шағым жасауға құқылы. Бұл ретте тексеруді жүргізу нәтижелері туралы хабарламамен келіспеген жағдайда, адам осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде осы Кодекстің 47-тарауына сәйкес кеден органына кедендік тексеру жүргізу жөнінде өтініш жасауға құқылы. Адамның кеден органына кедендік тексеру жүргізу жөнінде өтініш жасауы өтінішті қарау нәтижелері бойынша шешім шығарылғанға дейін немесе кедендік тексеру аяқталғанға дейін осы бапта айқындалған тексеруді жүргізу нәтижелері туралы хабарламаның орындалуын тоқтата тұрады. Кедендік тексеру нәтижелері бойынша шығарылған, тексеруді жүргізу нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасалған жағдайда, осы бапта айқындалған тексеруді жүргізу нәтижелері туралы хабарламаны орындау осы Кодекстің 55-тарауына сәйкес шағым бойынша шешім шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады.»; 7) 416-1-баптың 2-тармағы: мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын: «осы Кодекстің 418-бабының 1-тармағында белгіленген тексерілетін тұлғаның объектісіне және (немесе) объектілеріне іс жүзінде бармай басталған көшпелі кедендік тексеруді жүргізу. Тексерілетін тұлғаның объектісіне (немесе) объектілеріне іс жүзінде баруды еркін нысандағы бару актісімен және (немесе) өзге де құжаттармен және тәсілдермен тіркеп-белгілеу осындай баруды растау болып табылады.»; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Бұл ретте кеден органдарының лауазымды адамдарының тексерілетін тұлғаның объектісіне және (немесе) объектілеріне іс жүзінде баруды мұндай тексеруді жүргізу мерзімінен аз мерзімдерде жүзеге асыруы, сондай-ақ мыналарға: тексерілетін тұлға объектісінің және (немесе) объектілерінің тұрғын үй-жайларда болуына және (немесе) тіркелуіне; тексерілетін тұлғаның объектісінде және (немесе) объектілерінде тексерілетін тұлғаның болмауына; көшпелі кедендік тексеруді жүргізу үшін кеден органының лауазымды адамдарына тексерілетін тұлғаның объектісіне және (немесе) объектілеріне кіруден негізсіз бас тартылған өзге де жағдайларға байланысты тексерілетін тұлғаның объектісіне және (немесе) объектілеріне іс жүзінде бару мүмкін болмаған жағдайлар өрескел бұзушылық болып табылмайды.»; 8) 453-баптың 1-тармағы «осы Кодекстің» деген сөздерден кейін «18-1-бабының 6-тармағында,» деген сөздермен толықтырылсын; 9) 480-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын: «Хабарламаны кеден органы жібереді немесе қолын қойғызып табыс етеді. Бұл ретте төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама мынадай жағдайларда: 1) хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілген хабарлама - пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасында белгі қойылған күннен бастап; 2) электрондық тәсілмен жіберілген хабарлама - құжат веб-қосымшаға жеткізілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі. Көрсетілген тәсіл: уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органының ақпараттық жүйесін пайдаланушы ретінде тіркелген; Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген; пайдаланушының «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне құжат жеткізілген күннен бастап төлеушіге қолданылады. Көрсетілген тәсіл «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген салық төлеушіге қолданылады.».
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |