ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
«Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 992 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 992 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық туралы ережеде: 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «3. Ұлттық орталық өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Ұлттық орталық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы көрсетілген мөрі мен бланкілері, сондай-ақ банк мекемелерінде тиісті шоттары болады. Ұлттық орталық өкілдіктерінің мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы көрсетілген бланкілері болады.»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.»; 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «13. Ұлттық орталық пен оның өкілдіктерінің міндеттеріне Уәкілдің адам мен азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесу, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын көтермелеу және ілгерілету жөніндегі қызметін қамтамасыз ету жатады.»; 14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) құқықтары: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|