Осы редакция 2023 жылғы 28 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.27.05. № 239 бұйрығымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына 1-қосымша
(2017.19.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Сүттілі және сүттілі-еттілі бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) 2014 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленіп, сүттілі және сүттілі-еттілі бағыттағы ірі қара малды бонитирлеуді (бағалауды) нақтылай түседі. 2. Сүттілі және сүттілі-еттілі бағыттағы ірі қара малды бонитирлеу (бағалау) бонитермен (сыныптаушымен) жүргізіледі.
2. Сүттілі және сүтті-еттілі бағыттағы ірі қара малды бонитирлеуді (бағалауды) ұйымдастыру
3. Ірі қара малды (бұдан әрі - ІҚМ) жыл ішінде бонитирлейді (бағалайды): 1) бұқаларды жылына бір рет; 2) сиырларды сауым маусымы аяқталғаннан кейін; 3) торпақтар мен асыл тұқымды бұқашықтарды 6 айлық жас шамасынан бастап. 4. Сұрыптаудың нәтижелері бойынша 1 қазан сәтіне есеп әзірленеді. 5. ІҚМ бағалау кезінде малдың кешенді белгілері бонитирленеді (бағаланады) (тұқымдығы, өнімділік сапасы, экстерлік-сыртқы пішін айырмашылықтары). 6. Жануарлардың тұқымдық деңгейін есеп құжаттарына сүйене отырып жануарларды міндетті түрде қарап шығумен және осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасымен берілген тұқымдылық үлесінің түр әлпетінде айқындығын белгілеу арқылы анықталады. Тұқымдығы бойынша таза тұқымды және будандарға бөлінеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|