Мәслихаттың 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 541 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 13 шешімі
Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 76 шешімімен күші жойылды
Рудный қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 541 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9638 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органның мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмегі түсініледі.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.»;
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Әлеуметтік көмекті көрсету үшін мереке күндері:
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;
2) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;
3) 9 мамыр - Жеңіс күні болып табылады.»;
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай, бір рет, азаматтардың мынадай санаттарына:
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні: