|
|
|
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Қазақстан Республикасының Заңы (2019.27.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2020 жылғы 9 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтары жемiстi мемлекеттік, қоғамдық, шығармашылық қызметi, еңбектегi және жауынгерлiк ерлiктерi үшiн, олардың Республикаға сiңiрген еңбегiнiң танылуының белгiсi ретiнде мемлекеттік наградалармен наградталады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен Қазақстан Республикасына еңбек сiңiрген шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың да наградталуы мүмкiн. Мемлекеттік наградалармен наградтауды Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырады.
2008 ж. 11 желтоқсандағы № 93-ІV ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 2-бап. Ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерi - «Алтын Қыран» орденi, «Халық қаһарманы» , «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да ордендерi, медальдары, құрметтi атақтары және Құрмет грамотасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары болып табылады.
2008 ж. 11 желтоқсандағы № 93-ІV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 3-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградаларының атаулары мемлекеттік тiлде белгiленедi. Мемлекеттік наградалардың сипаттамасын, «Алтын Қыран» орденi, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» кiтапшаларының, орден кiтапшаларының, медальдарға куәлiктердiң және құрметтi атақтар берiлгенi туралы куәлiктердiң үлгiлерiн, мемлекеттік наградаларға ұсыну және оларды тапсыру тәртібін, басқа да құжаттар мен ережелердi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
4-бап. «Алтын Қыран» орденiмен наградтау үшiн кандидатураларды Қазақстан Республикасының Президентi анықтайды. Өзге мемлекеттік наградалармен наградтауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасының Парламентi, Үкіметі, министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, басқа орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, шығармашылық одақтар мен басқа да ұйымдар енгiзедi. Наградтау үшiн кандидатураларды еңбек ұжымдары қарап, ұсынуы мүмкiн. Шет ел азаматтары наградтауға ұсынуды жалпы негiздерде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі, басқа министрлiктер мен мемлекеттік комитеттерi, өзге де орталық атқарушы органдары жүргiзедi. Азаматтарды кезектi наградаға ұсыну, көп балалы аналарды наградтауға және қаhармандық ерлiк жасауға, қиын-қыстау жағдаяттарға байланысты ерекше реттердi қоспағанда, осының алдындағы наградтау сәтiнен бастап бес жыл өткен соң жүргiзiледi.
ҚР 26.07.99 ж. № 462-1 Заңымен 5-бап жаңа редакцияда 5-бап. Бір адам дәрежелері бар наградалардан басқа ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгілерімен, сол орденмен немесе медальмен екі мәрте наградталмайды. Құрметті атақтар қайталап берілмейді. Еліміздің мүддесін қорғау үстінде көрсеткен батылдығы, ерлігі, қаһармандығы үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау қайтыс болғаннан кейін де жүргізілуі мүмкін.
6-бап. Қазақстан Республикасының кез келген орденiмен наградталған адамдар осы орденнiң иегерлерi деп аталады.
7-бап. Наградалар жөніндегі ұсыныстарды алдын ала қарап, дайындау үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия құрылады. Комиссияның құрамын және оның қызметi туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
II. Ең жоғарғы дәрежелi ерекшелiк белгiлерi
8-бап. «Алтын Қыран» (Золотой Орел) орденi Қазақстан Республикасының ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiсi болып табылады. «Алтын Қыран» орденiмен азаматтар Қазақстан Республикасына сiңiрген мемлекеттік ерекше еңбегi үшiн наградталады. «Алтын Қыран» орденiмен бұрын Қазақстан Республикасының немесе КСР Одағының ордендерiнiң бiрiмен наградталған азаматтар наградталады.
9-бап. Қазақстан Республикасының Президентi лауазымы бойынша айрықша үлгiдегi «Алтын Қыран» орденiнiң иегерi болып табылады.
ҚР 26.07.99 ж. № 462-1 Заңымен 10-бап толықтырылды ; 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.02.01. № 525-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді 10-бап. «Халық қаһарманы» (Народный герой) атағы Қазақстан Республикасына сiңiрген аса үздiк еңбегi, оның бостандығы мен тәуелсiздiгi жолындағы жауынгерлiк ерлiктерi үшiн берiледi. «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелiк белгiсi - Алтын жұлдыз және «Отан ордені» тапсырылады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы өзінің мәртебесі бойынша айрықша ерекшілік белгісі - Алтын жұлдыз және «Отан» ордені тапсырыла отырып, «Халық қаһарманы» (Народный герой) атағының иегері болады.
2008 ж. 11 желтоқсандағы № 93-ІV ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды 10-1-бап. «Қазақстанның Еңбек Ері атағы Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін беріледі. «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз және «Отан» ордені тапсырылады.
ҚР 26.07.99 ж. № 462-1; 03.05.01 ж. № 180-II Заңымен 11-бап толықтырылды; 2010.14.06. № 290-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.27.06. № 212-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді 11-бап. Қазақстан республикасының ордендерi мыналар: - «Отан» (Отечество) «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» (Первый Президент Республики Казахстан - Елбасы Нурсултан Назарбаев) - «Барыс» (Барс) - «Даңқ» (Слава) - «Айбын» (Доблесть) - «Парасат» (Благородство) - «Достық» (Дружба) - «Құрмет» (Почет) «Еңбек Даңқы» (Трудовая Слава).
12-бап. «Отан» орденiмен азаматтар: - мемлекеттік және қоғамдық қызметтегi; - экономиканы, әлеуметтiк саланы, ғылым мен мәдениеттi дамытудағы; - мемлекеттік, құқық қорғау және әскери қызметтегi, демократия мен әлеуметтiк прогрестi дамытудағы айрықша еңбегi үшiн наградталады.
ҚР 26.07.99 ж. № 462-1 Заңымен жаңа 12-1-баппен толықтырылды; ҚР 03.05.01 ж. № 180-II Заңымен 12-1-бап жаңа редакцияда; 2010.14.06. № 290-IV ҚР Заңымен 12-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 12-1-бап. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен Қазақстан Республикасының қалыптасуына, көркеюіне және даңқын шығаруға жәрдемдескен, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі үшін Қазақстан Республикасының азаматтары наградталады. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін шет мемлекеттер мен олардың үкіметтерінің басшылары наградталуы мүмкін.
ҚР 03.05.01 ж. № 180-II Заңымен жаңа 12-2-баппен толықтырылды 12-2-бап. «Барыс» орденімен наградтау: - Қазақстан Республикасының мемлекеттігі мен егемендігін нығайту ісіндегі; - бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етудегі; - мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметтегі; - халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы, ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен оларды өзара байытудағы, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды нығайтудағы айрықша еңбегі үшін жүргізіледі. «Барыс» ордені үш дәрежеден тұрады: - I дәрежелі «Барыс»; - II дәрежелі «Барыс»; - III дәрежелі «Барыс». I дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып табылады. Наградтау III дәреже, II дәреже, I дәреже ретімен жүргізіледі. Ерекше жағдайларда айрықша көзге түскені үшін Мемлекет басшысының шешімімен наградтау реттілік ескерілмей жүргізілуі мүмкін.
ҚР 26.07.99 ж. № 462-1 Заңымен 13-бап жаңа редакцияда; ҚР 04.07.03 ж. № 473-II Заңымен 13-бап толықтырылды ; 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 13-бап өзгертілді 13-бап. «Даңқ» орденімен Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және әскери құрамалардың жоғары офицерлік құрамдағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының қызметкерлері: - әскерлерге басшылық жасау және оларды басқару ісіндегі табыстары, әскерлердің жоғары жауынгерлік даярлығы және елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз еткені үшін; - әскери, шекаралық және ішкі қызметті үздік ұйымдастырғаны, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз еткені, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті сақтауды нығайтқаны үшін наградталады. «Даңқ» ордені екі дәрежеден тұрады: - I дәрежелі «Даңқ»; - II дәрежелі «Даңқ». I дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып табылады. Наградтау II дәреже және I дәреже ретімен жүргізіледі.
ҚР 26.07.99 ж. № 462-1 Заңымен 14-бап жаңа редакцияда; ҚР 04.07.03 ж. № 473-II Заңымен; 2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 14-бап өзгертілді 14-бап. «Айбын» орденімен Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және әскери құрамалардың әскери қызметшілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының қызметкерлері: - жауынгерлік әзірлікте, әскерлерді жоғары жауынгерлік даярлықта ұстауда және жаңа әскери техниканы игеруде, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қол жеткізген табыстары үшін; - әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін наградталады. «Айбын» ордені үш дәрежеден тұрады: - I дәрежелі «Айбын»; - II дәрежелі «Айбын»; - III дәрежелі «Айбын». I және II дәрежелі «Айбын» ордендерімен офицерлердің кіші және аға құрамдарындағы адамдар наградталады. I дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып табылады. Наградтау: II дәреже және I дәреже ретімен жүргізіледі. III дәрежелі «Айбын» орденімен сарбаздар, матростар, сержанттар, старшиналар наградталады.
15-бап. «Парасат» орденiмен ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлерi, мемлекет және қоғам қайраткерлерi, сондай-ақ Республиканың рухани және интеллектуалдық әлеуетiн дамыту мен молайтуға зор жеке үлес қосқан не адам құқықтарын және оның әлеуметтiк мүдделерiн қорғау жөніндегі белсендi қызметi үшiн азаматтар наградталады.
ҚР 26.07.99 ж. № 462-1 Заңымен 16-бап толықтырылды 16-бап. «Достық» орденiмен азаматтар қоғамда өзара татулықты сақтау жөніндегі жемiстi жұмысы, халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн наградталады. «Достық» ордені екі дәрежеден тұрады: - I дәрежелі «Достық»; - II дәрежелі «Достық». Наградтау реттілік ескерілмей жүргізілуі мүмкін.
17-бап. «Құрмет» орденiмен азаматтар экономиканы, әлеуметтiк саланы, ғылым мен мәдениеттi, білім беру iсiн дамытуға сiңiрген еңбегi, мемлекеттік органдардағы мiнсiз қызметi және белсендi қоғамдық қызметi үшiн наградталады.
2014.27.06. № 212-V ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылды; 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 17-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 17-1-бап. «Еңбек Даңқы» орденімен өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және материалдық өндірістің басқа да салаларының жұмысшылары мен еңбеккерлері бір кәсіпорындағы, мекемедегі, ұйымдағы жемісті ұзақ жылғы еңбегі, сондай-ақ еңбек өнімділігін көтеруге және өнімнің сапасын жақсартуға, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін өндірістегі аса жоғары көрсеткіштері үшін наградталады. «Еңбек Даңқы» ордені үш дәрежеден тұрады: I дәрежелі «Еңбек Даңқы»; II дәрежелі «Еңбек Даңқы»; III дәрежелі «Еңбек Даңқы». I дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып табылады. Наградтау III дәреже, II дәреже және I дәреже ретімен жүргізіледі. «Еңбек Даңқы» орденінің үш дәрежесінің иегерлері мәртебесі бойынша «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға теңестіріледі.
18-бап. Қазақстан Республикасының медальдары мыналар: - «Ерлiгi үшiн» (За мужество) - «Жауынгерлiк ерлiгi үшiн» (За воинскую доблесть) - «Ерен еңбегi үшiн» (За трудовое отличие) - «Шапағат» (Милосердие).
19-бап. «Ерлiгi үшiн» медалiмен азаматтар: - адам өмiрiн сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайларда (суға кету, өртке душар болу, дүлей апаттар кезiнде); - қылмысқа қарсы күресте көрсеткен ержүректiгi мен жанқиярлығы үшiн наградталады.
26.07.99 ж. № 462-1 ҚР Заңымен; 10.07.02 ж. № 338-II ҚР Заңымен; 04.07.03 ж. № 473-II ҚР Заңымен; 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 20-бап өзгертілді 20-бап. «Жауынгерлiк ерлiгi үшiн» медалiмен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларының әскери қызметшiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдардың, прокуратура органдарының қызметкерлері, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер органдарының қызметкерлерi: - әскери бөлiмнiң, бөлiмшенiң жауынгерлiк мiндеттердi ойдағыдай орындауына жәрдемдесетiн ұрыстағы, сондай-ақ қылмысқа қарсы күрестегi бiлгiр, бастамашыл әрi батыл iс-әрекетi үшiн; - мемлекеттік шекараны қорғау кезiнде көрсеткен ерлiгi үшiн; - қызмет өткеру кезiнде сiңiрген қызметi үшiн наградталады.
21-бап. «Ерен еңбегi үшiн» медалiмен азаматтар экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегi және мемлекеттік қызметтегi еңбек жетiстiктерi үшiн наградталады.
2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 22-бап. «Шапағат» медалiмен азаматтар белсендi және жемiстi қызметi, мейiр-шапағаты мен қайырымдылығы үшiн наградталады.
ҚР 26.07.99 ж. № 462-1 Заңымен 23-бап өзгертілді 23-бап. Қазақстан Республикасының ордендерi мен медальдарының мәндiлiгi жағынан реттiлiгi осы Заңда баяндалған тәртiп бойынша белгiленедi.
ҚР 26.07.99 ж. № 462-I Заңымен; 2009.02.12. № 211-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 24-бап жаңа редакцияда; 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 24-бап. Қазақстан Республикасында мынадай құрметті атақтар белгіленеді: «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (Заслуженный деятель Казахстана); «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы»; «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» (Летчик-космонавт Казахстана). «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар. Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына ие болған педагогтер «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде біржолғы төлем алады.
ҚР 26.07.99 ж. № 462-I Заңымен 25-бап жаңа редакцияда; 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 25-бап. Қазақстан Республикасының құрметті атақтары: - «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» - Республикаға сіңірген зор еңбегі үшін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, ғылым, мәдениет, өнер, өндіріс және әлеуметтік саланың өкілдеріне; - «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» - аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін педагогтерге; - «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» - белгіленген ғарыштық ұшу бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асырған, алдарына қойылған ғылыми-техникалық, зерттеушілік және практикалық міндеттерді мінсіз орындаған азаматтарға беріледі.
26-бап. Қазақстан Республикасының құрметтi атақтарына ие болған адамдарға белгiленген үлгiдегi омырауға тағатын белгi табыс етiледi.
VI. Көп балалы аналарға арналған наградалар
27-бап. Көп балалы аналарға арналған наградалар мына алқалар: - «Алтын алқа» (Золотая подвеска) - «Күмiс алқа» (Серебрянная подвеска).
2009.02.12. № 211-IV ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 28-бап. «Алтын алқа» алқасымен жеті және одан да көп бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар наградталады. «Алтын алқа» алқасымен наградтау осы ананың жетінші баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте жүргiзiледi. «Алтын алқа» алқасымен наградтау кезiнде, сондай-ақ: - ананың заңда белгiленген тәртiппен асырап алған; - Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау кезiнде немесе өзге қызметтiк мiндеттерiн атқару үстiнде қаза тапқан не болмаса хабарсыз кеткен, дүлей апаттар кезiнде не адам өмiрi мен материалдық құндылықтарды құтқару жөнiнде азаматтық борышын атқару үстiнде, қылмысқа қарсы күресте және қоғамдық тәртiп күзетiнде қаза тапқан, сондай-ақ аталған жағдаяттар кезiнде жаралану, мертiгу немесе ауруға шалдығу не еңбек жарақты немесе кәсiби ауру салдарынан қайтыс болған балалар ескерiледi.
ҚР 26.07.99 ж. № 462-I Заңымен ; 2009.02.12. № 211-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 29-бап өзгертілді 29-бап. «Күмiс алқа» алқасымен алты бал туған және тәрбиелеп өсiрген аналар алтыншы баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте наградталады. «Күмiс алқа» алқасымен наградтау кезiнде, сондай-ақ осы Заңның 28-бабының үшiншi бөлiгiнде аталған балалар да ескерiледi.
30-бап. «Алтын алқа» және «Күмiс алқа» алқаларының Қазақстан Республикасының ордендерi мәртебесi болады.
VII. Қазақстан Республикасының құрмет грамотасы
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 31-бап. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен азаматтар экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегi, білім берудегi, әскери және өзге мемлекеттік қызметтегi, қоғамдық және мемлекеттік қызметтегi елеулi жетiстiктерi үшiн наградталады. Құрмет грамотасымен шығармашылық ұжымдар халықтар арасындағы мәдени байланыстарды, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпалын тигiзген гастрольдiк сапарларының нәтижелерi бойынша наградталуы мүмкiн.
VIII. Ордендердi, медальдарды және басқа да ерекшелiк белгiлерiн тағып жүру тәртібі
32-бап. Ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерi - «Алтын Қыран» орденi, Алтын жұлдыз сол жақ омырауға ордендер мен медальдардың үстiнен тағылады. Құрметтi атақтар белгiлерi оң жақ омырауға тағылады.
ҚР 26.07.99 ж. № 462-I Заңымен 33-бап өзгертілді және толықтырылды 33-бап. Қазақстан Республикасының ордендерi мен медальдары сол жақ омырауға осы Заңның 11 және 18-баптарында көрсетiлген реттiлiкпен тағылады. Орден белгісін иық лентасына тағу кезінде ол оң иық арқылы өтеді. Осы орденнің жұлдызы сол жақ омырауға ордендерден солға қарай орналасады. Наградталған адамдар ордендер мен медальдардың орнына белгіленген үлгідегі наградалар рәмізін тағып жүре алады.
ҚР 26.07.99 ж. № 462-I Заңымен 33-1-баппен толықтырылды 33-1-бап. Наградталушыда бұрынғы КСРО-ның және өзге де шет мемлекеттердің мемлекеттік наградалары болған жағдайда КСРО-ның және шет мемлекеттердің наградалары осы Заңның 11 және 18-баптарында белгіленген ретпен Қазақстан Республикасының наградаларынан кейін тағылады.
IX. Мемлекеттік наградалардың және олармен наградталған адамдардың мәртебесi
ҚР 03.05.01 ж. № 180-I Заңымен 34-бап толықтырылды; 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.14.06. № 290-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 34-бап өзгертілді 34-бап. Жоғары дәрежелі ерекшелік белгілері «Отан» орденіне немесе «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденіне ие болған азаматтарды наградтау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабына жазылады. Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау ережесін, сондай-ақ оның сипаттамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітед
ҚР 19.06.97 ж. № 134-I Заңымен 35-бап алынып тасталды
ҚР 02.04.97 ж. № 88-I; 07.04.99 ж. № 374-1 Заңдарымен 36-бап өзгертілді; ҚР 26.07.99 ж. № 462-1 Заңымен; 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 36-бап жаңа редакцияда; 2019.06.05. № 251-VІ ҚР Заңымен 36-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 36-бап. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғынжаймен бірінші кезекте қамтамасыз етіледі. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негізде және тәртіппен ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
ҚР 26.07.99 ж. № 462-1 Заңымен 37-бап жаңа редакцияда 37-бап. «Күміс алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналарға жеңілдіктер жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен белгіленуі мүмкін.
38-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ие болған адамдар олардың сақталуын қамтамасыз етуге тиiс. Мемлекеттік наградалар мен оларға қоса берiлген құжаттар жоғалған жағдайда наградталғандар өздерiнiң наградаларға құқығын сақтайды. Жоғалғандардың орнына «Алтын Қыран» орденiнiң, Алтын жұлдыздың, ордендердiң, медальдар мен омырауға тағатын ерекшелiк белгiлерiнiң дубликаттары, әдетте, берiлмейдi. Ерекшелiк ретiнде олар Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның шешiмiмен өрт, жер сiлкiну және басқа да дүлей апаттар салдарынан жоғалған, яғни наградталған адам оларды жоғалудан сақтап қала алмаған жағдайда ғана берiледi. Наградтау туралы құжаттар жоғалған жағдайда олардың дубликаттары жергiлiктi атқарушы органдардың өтiнiшi бойынша Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның шешiмiмен берiледi.
39-бап. Қайтыс болған наградталған азаматтардың және қаза тапқаннан кейiн наградталғандардың Қазақстан Республикасы ордендерi, медальдары, құрметтi атақтарына қоса берiлетiн омырауға тағатын белгiлерi, сондай-ақ оларды наградтау туралы құжаттар отбасына естелiк ретiнде сақтауға қалдырылады. Қайтыс болған кiсiнiң мұрагерлерiнiң келiсуiмен оның наградалары мен наградталуы туралы құжаттары сақтау және экспонат ретiнде көрсету үшiн мұражайларға берiлуi мүмкiн. Егер қайтыс болған кiсiнiң мұрагерлерi жоқ болса, оның наградалары мен наградталуы туралы құжаттары Қазақстан Республикасының Президентiне қайтарылады.
ҚР 26.07.99 ж. № 462-I Заңымен жаңа 39-1-баппен толықтырылды 39-1-бап. Мемлекеттік наградалармен наградталған Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың наградталуы туралы құжаттары болған жағдайда, бұл наградаларды Республикадан тыс жерге алып кетуге құқығы бар. Бағалы металдардан жасалған мемлекеттік наградаларды алып кету тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
Х. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын айыру
40-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларынан айыруды наградталған адам қылмысы үшiн сотталған жағдайда - заңда белгiленген негiзде және тәртiппен соттың ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi жүргiзедi. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларынан айырған кезде олар және оларға қоса берiлген құжаттар Қазақстан Республикасының Президентiне қайтарылуға тиiс.
41-бап. Заңсыз сотталған және толық ақталған азаматтардың мемлекеттік наградаларға құқығын соттың шешiмiмен Қазақстан Республикасының Президентi қайта қалпына келтiредi.
ХI. Қорытынды және өтпелi ережелер
42-бап. Сыртқы түрi жағынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ұқсастығы бар ордендер мен медальдарды, омырауға тағатын белгiлер мен оларға қоса берiлетiн құжаттарды, сондай-ақ Құрмет грамотасын тағайындауға және жасауға тыйым салынады.
43-бап. Қазақстан Республикасының орденiн, медалi мен құрметтi атаққа берiлетiн омырауға тағатын белгiсiн сатып алу, сату, айырбастау немесе өзгедей өтеуге беру, сондай-ақ мемлекеттік наградаларға қатысты басқа да заңсыз iс-әрекет жасау заңмен белгiленген жауаптылыққа әкелiп соғады.
ҚР 07.04.99 ж. № 374-I Заңымен 44-бап жаңа редакцияда; ҚР 26.07.99 ж. № 462-I Заңымен 44-бап жаңа редакцияда
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |