Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының 2020-2023 жылдарға арналған білім беру бағдарламаларын сараптамадан өткізу үшін сараптамалық кеңес құру туралы
Осы редакция 2022 жылғы 25 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 175 бұйрығымен бекітілген Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен іске асырылатын педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының 2020-2023 жылдарға арналған білім беру бағдарламаларын сараптамадан өткізу үшін сараптамалық кеңес (бұдан әрі - Сараптамалық кеңес) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын. 2. Сараптамалық кеңес Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларына сәйкес педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларына сараптама жүргізсін. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Н.Ж. Оспанова) Сараптамалық кеңестің жұмысын ұйымдастырсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 9 шілдедегі № 292 бұйрығына қосымша
Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|