Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 513 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9942 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 наурызда жарияланған): бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы»; бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптары бекiтiлсiн.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2) «Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 110 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10496 тіркелген, «Әділет» ақпараттық- құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 сәуірде жарияланған): бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы»; бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Сараптама ұйымдарына қойылатын қоса берiлiп отырған рұқсат беру талаптары бекiтiлсiн.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|