Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2009.29.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 31 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Норма шығару қызметін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., № 40, 455-құжат): 1-тармақта: Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін: Супрун Виктор Васильевич - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі; Әріпханов Айдар Әбдіразақұлы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі; Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі; Құдайбергенов Ескендір Көпбосынұлы - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары; Бекбаев Ерзат Зейноллаұлы - Қазақ гуманитарлық заң университетінің Құқықтық қамтамасыз ету және сараптама орталығы директорының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты; Бәшімов Марат Советұлы - Еуропалық құқық сараптау институтының директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сарапшысы; көрсетілген құрамнан Орымбаев Ардақ Сиязбекұлы, Палымбетов Болат Әбілқасымұлы, Смайылов Әлихан Асханұлы, Мәуленов Ғазиз Сырбайұлы, Үмбетәлиев Мәди Тоқтарұлы шығарылсын; 6-тармақтағы «69» деген сандар «79» деген сандармен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде: 4-тармақтың он екінші абзацы «жіберу туралы» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ заң жобаларының тұжырымдамаларын ғылыми құқықтық сараптамаға жіберу туралы» деген сөздермен толықтырылсын. 2. «Норма шығармашылығы қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 16, 172-құжат): 1) 1-тармақтағы «Заң жобаларына» деген сөздер алынып тасталсын; 2) 2-тармақ «Заң жобаларын», «заң жобасы» деген сөздерден кейін «және заң жобаларының тұжырымдамаларын», «және заң жобаларының тұжырымдамалары» деген сөздермен толықтырылсын; 3) мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Көрсетілген Ережеде айқындалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге жіберу өлшемдеріне сәйкес келетін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуші уәкілетті мемлекеттік органдар көрсетілген Ереже талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге жіберуді қамтамасыз етсін.»; 4) көрсетілген қаулымен бекітілген Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргізу ережесінде: тақырыбындағы «Заң жобаларына» деген сөздер алынып тасталсын; кіріспедегі «заң актілерін» деген сөздер «нормативтік құқықтық актілерді» деген сөздермен ауыстырылсын; «Заң жобаларының» деген сөздер «Нормативтік құқықтық актілер жобаларының және заң жобалары тұжырымдамаларының» деген сөздермен ауыстырылсын; «қаралатын жобаның» деген сөздер «қаралатын жобалардың және заң жобалары тұжырымдамаларының» деген сөздермен ауыстырылсын; «оның ішінде» деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «Заң жобаларының тұжырымдамалары бойынша ғылыми құқықтық сараптама жүргізіледі. Нормативтік құқықтық актілер жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге жіберу өлшемдеріне сәйкес келетін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізіледі. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге жіберу өлшемдері мыналар болып табылады: 1) мемлекеттік органның және/немесе лауазымды тұлғаның бақылау-қадағалау өкілеттіктеріне қатысты нормалардың болуы; 2) рұқсат беру рәсімдеріне қатысты нормалардың болуы; 3) жеке және заңды тұлғаларға міндеттер енгізуді немесе қолданыстағы міндеттерді өзгертуді көздейтін нормалардың болуы; 4) санкциялар салу, жауапкершілікке тарту, оларды беру жөніндегі мемлекеттік органның және/немесе лауазымды тұлғаның өкілеттіктерін, сондай-ақ мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажыратуды көздейтін нормалардың болуы. Нормативтік құқықтық актілердің жобалары өзге де қажетті жағдайларда да сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге жіберілуі мүмкін.»; «Қазақстан Республикасының Үкіметі бастамашылық еткен заң жобаларына» деген сөздер «Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, заң жобаларының тұжырымдамаларына» деген сөздермен ауыстырылсын; «ұйымдастыру» деген сөзден кейін «заң жобаларын» деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми және криминологиялық сараптамалар жүргізуге жіберуді ғылыми құқықтық сараптама жүргізген сарапшының немесе келісуші мемлекеттік органдардың ұсынымдары бойынша да Сараптаманы ұйымдастырушылар жүзеге асыруы мүмкін. Заң жобаларының тұжырымдамаларын ғылыми сараптама жүргізуге жіберуді Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына материалдар дайындау барысында, оның отырыстарының нәтижелері бойынша, жоспарлы және бағдарламалық құжаттарды қалыптастыру кезінде, сондай-ақ заң жобаларын жедел әзірлеу қажеттігі жағдайында Әділет министрлігі де жүзеге асыруы мүмкін.»; 2-бөлімнің тақырыбындағы «Заң жобалары ғылыми сараптамасының» деген сөздер «Ғылыми сараптаманың» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақ мынадай мазмұндағы 6), 7), 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын: «6) осы заң жобасы қабылданған жағдайда қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін анықтау; 7) заң жобасы нормаларының ғылыми пысықталуының сипаттамасы, заңнамалық базаны жақсарту жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу; 8) құқықтың тиісті саласының қағидаттарына ықтимал қайшылықтарды анықтау; 9) заң жобасында қамтамасыз етілетін айқын немесе жасырын ведомстволық немесе топтық мүддені анықтау;»; 6) тармақша 10) тармақша болып саналсын; бірінші абзацтағы «Криминологиялық сараптама» деген сөздер «Заң жобаларының ғылыми криминологиялық сараптамасы» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) тармақша алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 5-2 және 5-3-тармақтармен толықтырылсын: "5-2. Нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасының негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін нормаларды анықтау; 2) нормативтік құқықтық актінің қаралатын жобасында анықталған олқылықтарды жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кедергі келтіретін нормативтік құқықтық актілер жобаларының нормаларын ұсынымдар нысанында әзірлеу; 4) нормативтік құқықтық акт жобасын қабылдаудың салдарларын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасау ықтималдығы бөлігінде жалпы бағалау; 5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің ықтимал тиімділігін айқындау. 5-3. Заң жобаларының тұжырымдамаларына ғылыми құқықтық сараптаманың негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) заң жобасын қабылдаудың негізділігін және уақтылығын бағалау не заң жобасын қабылдау қажеттігінің жоқтығы немесе орынсыздығы туралы ғылыми негізделген дәлелдемелер әзірлеу; 2) заң жобасы тұжырымдамасының сапасын бағалау және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 3) заң жобасын қабылдаудың құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау; 4) заң жобасы тұжырымдамаларының құқықтың негіз қалаушы қағидаттарына сәйкестігін айқындау; 5) тұжырымдамада айқындалатын құқықтық қатынастардың қолданыстағы заңнамада реттелуі мәнін бағалау; 6) тұжырымдамада айқындалған құқықтық қатынастардың Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағына сәйкестігі мәнін бағалау; 7) халықаралық тәжірибені анықтау және оны тұжырымдамада айқындалатын құқықтық қатынастарда қолдану мүмкіндігін бағалау; 8) заң жобасының тұжырымдамасы, оның мазмұны бойынша жалпы қорытынды; 9) заң жобасы қабылданған жағдайда қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін анықтау; 10) Сараптаманы ұйымдастырушы қойған өзге де мәселелерге жауаптар алу"; 6-тармақ «жобаны» деген сөзден кейін «және заң жобаларының тұжырымдамаларын» деген сөздермен толықтырылсын; 7-тармақтың екінші абзацындағы «Жоба» деген сөзден кейін «және заң жобасының тұжырымдамасы» деген сөздермен толықтырылсын; 9-тармақтағы «Заң жобаларына» деген сөздер «Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына және заң жобаларының тұжырымдамаларына» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші абзацтағы «Сараптама» деген сөз «Ғылыми сараптама» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші абзацта «келісу» деген сөз «келіскенге дейін» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын: «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізгенге дейін жүргізіледі. Мемлекеттік тіркеуге жататын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне енгізгенге дейін жүргізіледі.»; «Заң жобалары», «заң жобасын», «заң жобасына» деген сөздер тиісінше «Нормативтік құқықтық актілердің жобалары, заң жобасының тұжырымдамалары», «нормативтік құқықтық актінің жобасын, заң жобасының тұжырымдамасын», «нормативтік құқықтық актінің жобасына, заң жобасының тұжырымдамасына» деген сөздермен ауыстырылсын; «сараптама» деген сөздің алдынан «ғылыми» деген сөзбен толықтырылсын; бесінші абзацтағы «сараптама» деген сөздің алдынан «ғылыми» деген сөзбен толықтырылсын; «заң жобасының», «заң жобасына», «заң жобасын», «заң жобасында» деген сөздер «нормативтік құқықтық акт жобасының», «нормативтік құқықтық актінің жобасына», «нормативтік құқықтық актінің жобасын», «нормативтік құқықтық актінің жобасында» деген сөздермен ауыстырылсын»; бесінші абзац «заң жобасында» деген сөздерден кейін «және заң жобасының тұжырымдамасында» деген сөздермен толықтырылсын; 7-бөлімінің тақырыбындағы «Сараптама» деген сөз «Ғылыми сараптама» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «15. Ғылыми сараптама нормативтік құқықтық актінің жобасын немесе заң жобасының тұжырымдамасын және оларға материалдарды сарапшыға ұсынған күннен бастап он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүргізілуі тиіс.»; екінші абзацтағы «ретте» деген сөзден кейін «ғылыми» деген сөзбен толықтырылсын; «заң жобасын» деген сөз «нормативтік құқықтық актінің жобасын немесе заң жобасының тұжырымдамасын» деген сөздермен ауыстырылсын; «жағдайда» деген сөзден кейін «ғылыми» деген сөзбен толықтырылсын; 8-бөлімінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «8. Сарапшы»; бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «16. Сарапшы»; «алуға», «беруге» деген сөздер тиісінше «алады», «береді» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші абзацтағы «сараптама» деген сөздің алдынан «ғылыми» деген сөзбен толықтырылсын; бесінші абзацтағы «сараптаманы» деген сөздің алдынан «ғылыми» деген сөзбен толықтырылып, «тартуға» деген сөз «тартуы мүмкін» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші абзацтағы «мынаған міндетті» деген сөздер алынып тасталсын; «беруге», «жоюға», «хабарлауға», «беруге», «қамтамасыз етуге» деген сөздер тиісінше «береді», «жояды», «хабарлайды», «береді», «қамтамасыз етеді» деген сөздермен ауыстырылсын; бесінші абзацтағы «ұйымдастырушыға» деген сөзден кейін «ғылыми» деген сөзбен толықтырылсын; бірінші абзацтағы «бойынша» деген сөзден кейін «ғылыми» деген сөзбен толықтырылсын; екінші абзацтағы «қайталама» деген сөзден кейін «ғылыми» деген сөзбен толықтырылсын; 19-тармақтағы «қорытынды», «ал» деген сөздерден кейін тиісінше «ғылыми» деген сөзбен толықтырылсын; бірінші абзацтағы «Сараптамалық қорытындыда» деген сөздер «Нормативтік құқықтық акт жобасының ғылыми сараптамасының қорытындысында» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші абзацтағы «сараптама» деген сөздің алдынан «ғылыми» деген сөзбен толықтырылсын; үшінші абзацтағы «сараптама» деген сөздің алдынан «ғылыми» деген сөзбен толықтырылсын; бесінші абзацтағы «сараптаманың» деген сөздің алдынан «ғылыми» деген сөзбен толықтырылсын; алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтардағы «заң жобасының» деген сөздер «нормативтік құқықтық акт жобасының» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын: «20-1. Заң жобасы тұжырымдамасының ғылыми құқықтық сараптамасының сараптамалық қорытындысында мыналар көрсетілуге тиіс: ғылыми құқықтық сараптаманы жүргізген ұйым немесе тұлға; Сараптаманы ұйымдастырушы; ғылыми құқықтық сараптаманың мәні мен мақсаттары, сарапшының алдына қойылған мәселелер; заң жобасы тұжырымдамасының атауы; қойылған мәселелерге негізделген және толық жауаптар.»; 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «21. Ғылыми сараптамаға бірнеше нормативтік құқықтық актілердің жобалары немесе заң жобаларының тұжырымдамалары ұсынылған жағдайда сарапшы ғылыми сараптама жүргізеді және нормативтік құқықтық акт жобасының немесе заң жобасы тұжырымдамасының әрқайсысы бойынша қорытынды жасайды.»; бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Ғылыми сараптама тұжырымдары ұсынымдық сипатта болады. Сараптамалық қорытындыда нормативтік құқықтық акт жобасына ескертулер мен ұсыныстар болған кезде Сараптаманы ұйымдастырушы оларды құзыретіне сараптамалық қорытындыда қозғалатын мәселелерді қарау кіретін мемлекеттік органдарға пысықтау және тиісті ұстанымды қалыптастыру үшін нормативтік құқықтық актінің жобасымен бір мезгілде жібереді.»; екінші абзацтағы «заң жобасын» деген сөздер «нормативтік құқықтық акт жобасын немесе заң жобасының тұжырымдамасын» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші абзацта: «Заң жобасы», «заң жобасы» деген сөздер тиісінше «Нормативтік құқықтық актінің жобасы», «нормативтік құқықтық актінің жобасы» деген сөздермен ауыстырылсын; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің» деген сөзден кейін «не Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің» деген сөздермен толықтырылсын. 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті 66-тармағының төртінші абзацындағы «бекітілген» деген сөзден кейін «Заң жобаларына» деген сөздер алынып тасталсын. 4. «Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 тамыздағы № 840 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2003 ж., № 34, 344-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесінде: 2-тармақта: екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «заң жобаларының тұжырымдамаларын әзірлеу;»; мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын: «Норма шығармашылығы қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысымен бекітілген Ғылыми сараптама жүргізу ережесіне сәйкес заң жобаларының тұжырымдамаларына ғылыми сараптама жүргізу; заң жобаларының тұжырымдамаларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда (бұдан әрі - Комиссия) қарау;»; 6-тармақ «тұжырымдамасымен» деген сөзден кейін «және заң жобасы тұжырымдамасының ғылыми құқықтық сараптамасының қорытындысымен» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын: «20-1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобалары сараптамалық қорытынды алу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жіберіледі. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары ұсынымдық сипатта болады. Сараптамалық қорытындыда заң жобасына ескертулер және ұсыныстар болған кезде уәкілетті орган оларды құзыретіне сараптамалық қорытындыда қозғалатын мәселелерді қарау кіретін мемлекеттік органға пысықтау және тиісті ұстанымды қалыптастыру үшін заң жобасымен бір мезгілде жібереді. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары заң жобасы қабылданғанға дейін оған міндетті қосымша болып табылады. «Заң жобаларына» деген сөздер алынып тасталсын; «материалдармен бірге» деген сөздерден кейін «келісуші мемлекеттік органдарға» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын: «21-1. Егер Қазақстан Республикасы заңының қолданысын қамтамасыз ету үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт қабылдау қажет болса, заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган заң жобасын жан-жақты пысықтау мақсатында келісуші мемлекеттік органдардың қарауына заң жобасын іске асыру үшін қажетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын бір мезгілде енгізеді. Егер заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу басқа мемлекеттік органның құзыретіне жатқан жағдайда, онда ол заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның сұратуы бойынша заңға тәуелді актінің тиісті жобасын ұсынады.». 5. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 7. «Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 330-құжат): 9-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Норма шығармашылығы қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысымен бекітілген Ғылыми сараптама жүргізу ережесіне сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамаға жататын нормативтік құқықтық актіге тиісті сараптамалық қорытындының көшірмесі қоса беріледі.».
А |